Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Ақыл ой тәрбиесі және оның міндеттері Жоспары



бет3/7
Дата09.05.2024
өлшемі40.05 Kb.
#500754
1   2   3   4   5   6   7
ақыл ой тәрбиесі

1.2. Ақыл-ой тәрбиесінің негізі
Білімдерді меңгеру ақыл-ой тәрбиесінің негізіне алынған. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін олардың негізгі көзі – айналадағы өмір. Бала өз бетімен және тәрбиешілердің жетекшілігімен, күнделікті өмірде және оқу сағаттарында білім алады. Балалардың өз бетімен алған білімдері көбіне, бей-берекет жүйесіз, кездейсоқ болып келеді. Көптеген балалар білімінің едәуір қорына ие бола отырып, тиісті 6-7 жастың өзінде жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті өз бетімен анықтай алмайды. Түрлі жастағы балаларға арналған білім көлемін, олардың сипатын және бір топтан екінші топқа күрделенуін анықтау, яғни балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі бағдарламаны жасау, педагогикалық зерттеулердің аса маңызды міндеті болып табылады.Бұл білімдердің көлемін белгілеуге алғаш рет Я.А.Коменский әрекет жасады. Ол өзінің «Ана мектебі» деген кітабында – 6 жасқа дейінгі балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті.
Ақыл-ой тәрбиесінің негізін қалау арқылы, біз мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өсімдіктерге, жәндіктерге қақорлық қатынасты тәрбиелейтін табиғат туралы білімдердің қалыптасуын, еңбектің қандай да бір түрлерін болса да, қадір тұтып сол еңбек нәтиелеріне қамқорлық көзқарас туғызуға тәрбиелейтін ересек адамның еңбегі туралы білімді беруді көздейді. Бұл білімді игеру негізінде балалардың туған өлкесіне, өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қадір тұту, еліміздің қоғамдық өміріне мүдделену көзқарасы қалыптасады.
Балабақшада берілген білімдер мектеп жасына дейінгі балалардың бәріне түсінікті болып, бұл білімдер бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделеніп, егжей-тегжейін жалпылана түседі.Мысалы, балалар бақшасының барлық топтарында балалар транспортпен танысады. «Сәбилер» тобында – балалар қалалық транспорттың негізгі түрлерін ажыратып, олардың қандай жұмысқа пайдаланатындығын білуге тиісті болса, «Мектепке даярлық» тобында – транспорттың қаладағы түрін алыс жолға жүретін, оларда жұмыс істейтін адамдардың еңбек ерекшелігі мен қоғамдық транспортты пайдалану тәртібін білуге әртүрлі транспорт құрамдарын өзара салыстыра білуге тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет