Курстық жұмыс Тақырыбы: «Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері»


Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек



бет4/7
Дата28.05.2023
өлшемі85.86 Kb.
#474415
1   2   3   4   5   6   7
Нұртас курсовой (4)[1]

5. Сөзжұмбақ- басқатырғыш. Сөздерді тігінен және көлденеңінен жазып кілттік сөзді табу керек.

Мысалы. Компьютердің құрылғыларын қайталау


Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа кроссворд беріледі. Кроссвордтың тапсырмалары әр топқа әр түрлі етіп таратылады.






5







4










1








































2















































7

3













6













































































Мұғалім оқушыларға алдымен торларды толтырып алуды, сосын кроссвордты басқа топпен ауыстырып олардың жауаптарын тексеруге нұсқау береді. Оқушылар осы тапсырманы орындап болғаннан кейін мұғалім оқушылардан бұл екі нұсқадағы сөздерде қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екендігін сұрайды. Оқушылар кроссовордтағы бір құрылғы әр түрлі етіп шифрланған айтулары керек. Мысалы, пернетақта, ақпаратты енгізетін негізгі құрылғы және ол 101-ден 104-ке дейін пернелерден тұратындығы жайлы ақпарат. Бірінші жағдайда біз құрылғының қызметі, ал екінші жағдайда сыртқы түрі жайлы айтатынымызды оқушылар өздері айтулары қажет.


Мұғалім оқушылардан толтырылған кроссвордтың торларында қандай ерекшелік бар екендігін сұрайды (түрлі-түсті торлар, оқушылар осы торлардан «кілттік сөз» құрастыру керек екендігін біледі). Мұғалім кроссвордтың түрлі-түсті торларына жазылған әріптерден сөз құрастыру керек екендігін түсіндіреді. Ол үшін кроссвордтың қызыл, сары, жасыл, сұр, қара, қызыл, көгілдір ұяшықтарын басшылыққа алу қажет. Оқушылар осы ұяшықтардағы әріптерден «Ақпарат» сөзін алады.
Сонымен қатар оқушылардың білімін бақылау барысында кроссвордтың бір түрі «Венгерлік» кроссвордты қолдануға болады.
3-мысал. «WordPad-мәтіндік редакторы» тарауы бойынша оқушылардың білімін бақылау үшін «Венгерлік» кроссвордты қолдану мысалын қарастырайық. «Венгерлік» кроссвордты толтыру ережесі мынадай: тордан мәтіндік редакторға қатысты терминдерді табу керек, әріптер көрші ұяшықтарда тігінен немесе көлденеңінен орналасуы мүмкін. Кроссвордтағы сөздердегі әріптер қайталанбауы керек. Әр әріп сөзде тек бір-ақ рет кездеседі. Кроссвордтағы барлық әріптер қолданылуы керек. Белгіленген «МЕҢЗЕР» сөзін мысал етіп алуға болады.

Ф

П

П

Н

Т

Е

Р

К

А

Е

Р

И

Р

І

Ш

Ө

Й

Р

Н

Е

У

Т

І

С

Л

Б

А

Т

М

І

З

А

Й

Р

А

А

С

А

Т

Қ

Қ

К

Е

Қ

Ы

М

А

Т

Ү

Т

И

Т

Л

Д

А

А

Т

Е

Ж

А

У

Ү

З

У

І

М

М

Е

Ң

Ж

І

Н

Р

Е

Ы

Н

З

О

Л

Д

Н

А

Ш

Т

Е

І

Т

І

Қ

Ұ

Ж

А

Р

Н

Ә

М

Жауабы: Меңзер, құжат, нышан, жиектеме, үтір, байрақ, файл, перне, принтер, пернетақта, көшіру, тізім, тасымалдау, жол, мәтін, сақтау, үзінді.


Мысалы. Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылау үшін ақпараттық диктант жазғызуға болады. Ол үшін компьютердің құрылғыларының аттары қағазға жазылып қара жәшікке салынып қойылады. Оқушылар диктант жазып болғаннан кейін қара жәшікті ашып, бірін-бірі тексеріп, бақылау парағына сәйкесінше бағаларын қояды.
Ақпараттық диктанттың нұсқасы:
1-нұсқа:

  1. Графикалық және мәтіндік ақпаратты бейелеуге арналған компьютердің құрылғысы (монитор).

  2. Ақпаратты енгізуге арналған оптиакалық құрылғы (сканер).

  3. Цифрлық форматта бейнесуреттерді алуға мүмкіндік беретін ақпаратты енгізу құрылғысы (цифрлық камера).

  4. Ойын манипуляторы (джойстик)

  5. Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы (принтер).

2-нұсқа.

  1. Сандық және мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта).

  2. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (микрофон).

  3. Күрделі графикалық объектілерді шығаруға арналған құрылғы (плоттер).

  4. Телефон желісі арқылы компьютерді басқа компьютерлермен байланыстыру үшін қолданылатын құрылғы (модем).

  5. Ақпаратты магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы (стример).

Мысалы. «Ең көп кім?» ойыны белгілі бір уақыт шеңберінде сұрақ қою арқылы оқушылардан тақырыпта қолданылатын терминдерді көбірек атау талап етіледі. Ойын материалдың меңгерілген көлеміне байланысты 3 немесе 4, өте сирек жағдайда 5 деген баға қойылады, себебі теориялық білімінің болуы оқушылардың оны практикада пайдалана алатынын білдірмейді.
Оқушының үйінде жасаған ең жақсы сөзжұмбаққа жарыс ұйымдастырылады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар арнайы әдебиеттермен жұмыс істей отырып, терминдерді үйренеді. Сөзжұмбақтарды бағалауда мұғалім оқушылардың сөзжұмбақ құрастыруда торын әдемі және симметриялы жасағанын, сөзжұмбақтағы сөздердің екі немесе одан да көп әріпте қиылысуы сияқты нәрселер ескеруі қажет.
Қорытындылау сабағанда оқушының өткен тақырып шегіндегі қалыптасқан түсінік аппараты, дағдысы мен біліктілігі тексеріледі. Ол үшін сынып кездейсоқ таңдау қағидасы бойынша ұсақ топтарға бөлінеді, ол топтарға теориялық және практикалық тапсырмалар беріледі. Ұсақ топтар алдымен «мәтінді толықтыр...» сияқты тапсырмаларды орындайды, содан кейін олар мұғалім қоятын сұрақтар турниріне қатысады. Тапсырманың практикалық бөлігін ұсақ топтардың бірнеше мүшелері бірігіп орындайтын практикалық тапсырмалар құрайды. Мұғалім тапсырмаларды орындау нәтижелерін кезеңмен бағалайды.
3. Сонымен қатар, информатика бойынша емтихандар алу үшін емтихандық реферат түріндегі тапсырмалар ұсынылады. Реферат тақырыбы мұғаліммен келісіледі және ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың қазіргі жетістіктері ашылып көрсетілуі керек. Реферат мазмұнын бағалау критерийі тақырыпты ашудың қиындығы мен толықтығы, оқушының материалды дұрыс, ойланып топтауы болып табылады.
4. Жоғарғы сыныптарда информатикадан білім бақылауды жобаны қорғау түрінде өткізуге болады. Жобаның тақырыбын мұғалім береді немесе оқушының өздері ұсынған тақырыптардан алынады. Жоба келесі бөлімдерден тұрады: есептің қойылымынан; ортаны таңдаудан; жоба сызбасынан (есептің алгоритмінен); жоба туралы қысқаша есептен (қатты көшірмеден). Жобаны қорғауды бағалауда жоғары бөлімдердің қамтылуы есепке алынады.
Білімді бақылаудың қазіргі құралдарының біріне бағалаудың рейтингтік жүйесі мен портфолио жатады, олар жинақтаушы жүйеге мысал бола алады: немесе балдар, немесе белгілі бір пән саласында жетістікке жетуді растау.
Оқушылардың білімін бақылау бағалаумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл оқушының білімін бақылаудың қажетті элементі болып табылады. Бағаның дұрыс, әділ қойылуы оқушының болашақта сабаққа дайындалуына, оның алатын білімінің сапасына да әсер етеді.
Жылдық баға оқушының жылдың соңында алған білімінің нақты деңгейін көрсету керек.
Білім беру үдерісінде мұғалім қойылған бағаны мемлекеттік білім беру стандартында қалыптасқан критерийлер негізінде түсіндіруі қажет.
Қазақстанның мектептерінде білімді бағалаудың бес баллдық жүйесі қалыптасқан.
Төменде көрсетілген бағаның келесі қағидаларын пайдалануға болады.
Жаратымды бағалар («3», «4», «5») оқушы бағдарламаның негізгі материалын білетіндігін көрсеткен жағдайда қойылады. «5» бағасы 1-2 ұсақ қате кеткен жағдайда немесе сұраққа өте жақсы жауап берген жағдайда қойылады, ал «4» - оқушы жауап бергенде 1-2 кемшілік жіберген жағдайда қойылады. Қанағаттанарлықсыз баға оқушы бағдарламаның негізгі материалын түсінбегендігін көрсеткен жағдайда қойылады.
Бекітілген баға қоюдың критерийлерін нақтылауды келесі жолмен жүзеге асыруға болады:
«5» деген баға оқушыға:

  • мағлұматты ауызша және жазбаша қатесіз баяндағанда;

  • бағдарламаға байланысты білім, біліктілік және практикалық дағдының барлық көлемін түсінуді айқындағанда;

  • мағлұматты ауызша және жазбаша түсінікті баяндаса, мәтіндегі негізгі жағдайды ерекшелей білсе, кенеттен қойылған сұрақтарға жеңіл жауап берген жағдайда;

  • мағлұматты тура жеткізе білсе, жазбаша жұмыстарда қате жібермесе;

  • алған білімін практикада еркін пайдалана білген жағдайда қойылады.

«4» деген баға оқушыға:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындаса;

  • мағлұматты түсінікті баяндаса, бірақ оның маңызды жақтарын барлық уақытта ажырата бермейді;

  • алған білімін практикада пайдалану қабілеті жоғары, бірақ тосыннан қойылған сұрақтарға жауап беру барысында қиналып қалса;

  • ауызша және жазбаша жауаптарда нақты жауап бермесе және мұғалімнің байқаған кемшіліктеріне жеңіл қараса қойылады.

«3» деген баға оқушыға:

  • бағдарламалық мағлұматты айқындап, бірақ оны өздігінен жүзеге асыру барысында қиналса және мұғалімнің қосымша нақтылайтын сұрағын талап етсе;

  • тосыннан қойылған сұраққа жауап беретін кезде қиналаса;

  • ауызша және жазбаша жауаптарда қате жіберсе қойылады.

«2» деген баға оқушыға:

  • мағлұмат туралы жеке көзқарасы болмаса;

  • ауызша және жазбаша жауап беру кезінде дөрекі қате жіберсе қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет