2-бөлім. Мектепте информатиканы оқытудың мәселелері
2.1 Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі
Қазiргi кезеңде әртүрлi елдердiң арасында нарық қатынасы нығайып, адам өмiрiндегi ақпараттар алмасу өскен сайын шетел тiлiн оқып — үйренудiң де маңызы өсе бастады. Қазiргi кезеңде адам негiзiнен шетел тiлдерiндегi көркем әдебиеттер, публицистикалық, арнайы әдебиеттер және газеттер мен журналдарды оқуды үйренiп, араласа бастады. Ал мұның өзi сәйкестi бiлiктiлiк пен дағдыны талап етедi және бұл қасиеттер өздiгiнен қалыптаспайтыны белгiлi. Соңғы кездерi ұлтарқылық қатынастардың кеңеюi, радио, кино, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарының кең тарауына мүмкiндiк туғызып отырған, шетел тiлiн үйренудiң бiрден-бiр негiзгi объектiсi болып табылатын ауызекi тiлге ерекше назар аударылып жүргенiне қарамастан, қазiргi адам өмiрiнде ана тiлiнде және шетел тiлiнде деңгейлеп оқудың алатын орны ерекше деуге болады. Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек және оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін әрине болашақ қазақ мектебі. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – білім алушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды ағылшын тілін оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. Қазіргі таңда деңгейлеп оқыту технологиясы алдыңғы қатарда, бұл технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Оқушылардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді.
Жаңа технология түрлерін ағылшын тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектілік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша жүзеге асатын бұл кезеңдер оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді, әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі. Мысалы:
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейлеп оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
- сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
- оқу барысындағы қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
- білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
- оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
- оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
- оқушы белсенділігінің оянуы;
- алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы,
- оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
- оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
- деңгейлеп оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
- оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
- білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
- оқушылардың жұмыстарының әділ бағалануы;
- оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
- дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
- Олимпиада және шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының санының артуы.
Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше деңгейлеп оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
.
Достарыңызбен бөлісу: |