Курстық жұмыс Тақырыбы: «Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері»


Информатиканы оқытуда оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары



бет6/7
Дата28.05.2023
өлшемі85.86 Kb.
#474415
1   2   3   4   5   6   7
Нұртас курсовой (4)[1]

2.2 Информатиканы оқытуда оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдары

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен қалыптасқан іскерлік дәрежесіне байланысты. Оқыту процесін технологияландырудың күннен күнге маңызы артып келеді. Бұл процестің объектілік қажеттілігі ғылыми-техникалық прогреспен, қоғамды ақпараттандыру және технологияландырумен, Қазақстанның дүниежүзілік ғылыми технологиялық кеңістігіне шығуға ұмтылуымен, сонымен қатар білім беру жүйесінің әртүрлі деңгейлік ерекшеліктерімен анықталады.


Педагогикада оқыту технологиясы мен білім сапасы бір-бірінен ажыратуға болмайтын, өзара тәуелді, өзара сабақтас егіз ұғымға айналды. Себебі оқыту технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей байланысты болса, ал үйлесімді басқару жүйелілік арқылы сапаға қол жеткізудің басты шарты болып саналады. Сондықтан отандық та, әлемдік те ғылымда педагогикалық технологияларға арналған зерттеулер аясы кеңейе түсуде.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практика жүзінде қолдана білетін, жан-жақты қоғам мүшелерін талап етеді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше ақпаратты тауып, оны меңгере алатын түлектерді дайындау.
Оқыту үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының енгізілуіне байланысты бүгінгі таңда әлемдік және педагогикалық практика дәлелдеп отырғандай бірнеше әдістердің ішіндегі ең тиімді әдіс – зерттеу әдісі болып табылады. Зерттеу әдісі – бұл кешенді оқу әдісі, ол оқу үдерісін дараландыру, оқушыға өздігінен жоспарлауды ұйымдастыру және іс-әрекетін бақылауға, оқу тапсырмаларын шығармашылық бағытта орындауға мүмкіндік береді, білім беру үдерісінің құрылымын оқушының мақсатқа бағытталған іс-әрекеті арқылы жеке қызығушылығы және мақсатымен үйлестіре отырып, басқаша ұйымдастыруды қажет етеді. Оқытудағы мұндай әдістің маңыздылығы әрбір оқушы үшін өзінің қарқыны мен іс-әрекет тәсіліне байланысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде болып табылады. Бұдан зерттеу әдісі оқу үдерісінде оқушының қызығушылығын дамытуға, шығармашылық ізденіс жұмыстарын жасауға ынталандыруға, өздігінен зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ақпараттарды түрлендіруге, белсенділігін арттыруға, ұжымдық еңбегін ұйымдастыруға, іскерлігі мен дағдысын дамытуды жоспарлауға және т.б. әрекеттерді қалыптастыруға баулиды деп тұжырымдаймыз. Оның ерекшелігі оқушылардың іс-әрекеті бойынша (практикалық-бағытталған, зерттеушілік, ақпараттық, шығармашылық, рөлдік жобалар) зерттеу әрекетінің нәтижесін анықтайтын (әлеуметтік маңызды проблемаларды шешу, эксперимент, мақалалар, кез-келген әрекеттің сценарийі, ойындар және т.б.) әрекеттердің қолданылуда. Зерттеу әдісі бойынша қойылған проблеманы шешу жоспарлаудан басталады. Алға қойылған мақсатқа сәйкес әрбір жоба оқушылардың зерттеушілік жұмысын қажет етеді. Зерттеу әрекетінің тағы бір ерекшелігі, зерттеу тобының қатысушыларымен өңделетін, түсіндірілетін және көрсетілетін – ақпаратты іздеуде болып табылады. Бұл кез келген мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне байланысты орындалады.
Жобамен жұмыстың нәтижесі, өнім болып табылады. Өнім тапсырыс берушіге көрсетілуі тиіс, сондай-ақ нәтижесінде сол өнімнің презентациясын жасауды талап етеді. И.С.Сергееваның пікірінше жоба – бұл проблема – зерттеу – ақпаратты іздеу - өнім – презентация сияқты тізбектелген әрекеттер жиынтығынан тұрады. Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы қандай пәндерді оқытуда зерттеу әдісін қолданған тиімді деген сауал туындайды? Жалпы зерттеу әдісін қолдануға болатын пәндерді екі топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші тобы – оқушылардың арнайы және жалпы оқу білімі мен іскерлігін қалыптастырушы пәндер болып табылса, ал екінші тобына – оқыту үдерісі құрылымының логикасына сәйкес оқыту мазмұнына қарай қолданылады. Оған қазақ әдебиеті, математика және т.б. пәндер жатады. Бұл пәндерге зерттеуші жобаларды қолдану ыңғайлы, өйткені мұнда проблеманы зерттеуге бағытталған іс-әрекет басты мақсатқа ие бола алады. Екінші пәндер тобы құзырлылықты қалыптастыруға бағытталған. Мектеп пәндері ғылыми негізі жағынан өзара байланысты болғандықтан, кіріктірілген немесе қолданбалы сипатта, яғни қоршаған ортамен және оқушының болашақ кәсіби немесе қоғамдық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Мұндай пәндер тобына информатика, бейнелеу өнері, технология, шет тілдері жатады. Аталған пәндерді оқытуда сынып, сыныптан тыс сабақтарда зерттеу әдісін қолдануды қажет етеді. Сондықтан зерттеу әдісін информатика пәнін оқыту үдерісінде қолданудан бұрын оның зерттелу жағдайына тоқталу қажеттілігі туындайды.
Бұл әдіс оқытушыға әрбір оқушының қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып оқытуға мүмкіндік береді. Соңғы кездерде бүкіл әлемде кең таралып келеді. Жоба ұғымы дидактикалық мақсатқа жету үшін бір идеяны, белгілі бір бұйымды немесе өнімді жасауды, есеп шығаруды, схема құрастыруды жүзеге асыратын, жұмыс нәтижесі практикалық жазба, схема немесе есеп түрінде көрсетілетін жұмыс болуы керек. Жобалар әдісі негізінде: практикалық немесе теориялық бір мәселені бастан аяқ қарастырып шығатын жобаның түпкі идеясын жүзеге асыру, бір нәтижеге қол жеткізу ісі жатады. Практикалық нәтиже беретін іздеу, зерттеу, таңдау тәсілдерінің кең спектрін пайдаланып, оған сыртқы факторлардың әсерін қарастыру болып табылады. Осындай жұмысты орындау барысында балалар алған білімдерін толық пайдаланып, өздері де жаңа бастама, идея берулері керек. Жобалар тәсілін сауатты түрде қолдана білу үшін алдын ала көп дайындалу, тұрақты түрде жобаны жетілдіру, толықтыру ісін жүргізе білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет