Погондар, ілмектер мен шағын погондар мыналарға бөлінеді:
1) арналуы бойынша - ерекше салтанатты, салтанатты, күнделікті, далалық және жұмыс киім-кешегі үшін;
2) бекіту тәсілі бойынша - жапсыра тігілетін, алмалы-салмалы (муфталарда).
Погондар мен шағын погондардың көлемдері:
1) жапсыра тігілетін және алмалы-салмалы погон - ұзындығы 10,0-16,0 см, ені 5,0 см;
2) алмалы-салмалы погондар (муфталарда) - ұзындығы 10,0-13,0 см, төменгі жиегі бойынша ені 5,5 см, жоғарғы жиегі бойынша - 5,0 см;
3) шағын погондар - ұзындығы 5,0 см, ені 5,0 см.
Салтанатты погондардың негізіне алтын түстес ұлттық өрнектің бейнесі орналастырылады, күнделікті погондардың негізі - алтын түстес көмкерілген.
Әскери қызметшілер погондарының негізі көмкерілген. Көмкерме ені - 2 мм. Погонның жиегінен көмкерме жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.
Погондардың төменгі бөлігіне мыналар орналастырылады:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысында - алтындатылған зер және жібек жіппен кестеленген алтын түстес қалықтап ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық 8 мм;
2) жоғары офицерлер құрамында - алтындатылған зер жіппен кестеленген алтын түстес қалықтап ұшқан қыран, погонның төменгі жиегінен қыранның төменгі жиегіне дейінгі арақашыктық 8 мм;
3) аға офицерлер кұрамында - ені 5 мм екі көлденең жолақ, погонның төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм, жолақтар арасындағы арақашықтық - 2 мм, жолақтардың түсі көмкерме түсі бойынша;
4) кіші офицерлер құрамында - ені 5 мм бір көлденең жолақ, погонның төменгі жиегінен жолақтың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8 мм, жолақтың түсі көмкерме түсі бойынша;
5) келісімшарт бойынша және әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттарда (старшиналарда), сарбаздарда (матростарда), орта және жоғары әскери оқу орындарының курсанттарында әскери атағына сәйкес мыналар орналастырылады:
Бұрыштары жоғары қаратып погоннын осьтік сызығы бойына тік орналастырылған бұрыштамалар түріндегі жапсырмалар.
Жалпақ жапсырманың ені - 15мм, жіңішке жапсырманың ені - 7мм, жапсырманың ұзындығы - 30мм, жапсырмалар арасындағы арақашықтық - 2мм, погонның (шағын погондардан басқа) төменгі жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 8мм.
Әріптердің (зәкірдің) биіктігі - 20мм, погонның (шағын погондардан басқа) төменгі жиегінен әріптердің (зәкірдің) төменгі жиегіне дейінгі арақашыктық - 8мм. Әріптерді (зәкірді) жапсырмалармен бірге пайдаланған жағдайда әріптің (зәкірдің) жоғарғы жиегінен жапсырмалардың төменгі жиегіне дейінгі арақашықтық - 2 мм.
Шағын погондардағы жапсырмалар мен зәкірлер погондардағыға ұқсас, шағын погондардың төменгі жиегі мен жапсырмалар мен зәкірлердің жиегіне дейінгі арақашықтық - 5мм.
Зәкір мен жапсырмаларды бірге пайдаланған кезде ол жапсырмалардың жоғарғы жағына бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің погондарындағы жолақтардың, көмкермелердің, негіздер мен жапсырмалардың түсі 2-қосымшаға сәйкес.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының погондарына погонның ортасындағы осьтік сызығы бойына - алтындатылған зер және жібек жіппен кестеленген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналастырылады (диаметрі - 35 мм), погонның төменгі жиегінен Елтаңбаның ортасына дейінгі арақашықтық - 60 мм
Әскери қызметші ҚРК, заңдарын қатаң сақтауға, әскери жарғылардың талаптарын орындауға; Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР қорғауға, әскери борышын орындауға, өз Отанының патриоты болуға, әскери қызметшілердің арасындағы достықты нығайтуға, командирлерге сөзсіз бағынуға, және оларды ұрыста қорғауға, қасық қанын аямай жолдастарына көмектесуге, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, берілген қаруды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери қызметшілердің ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.
Әскери қызметші жеке басының және қызмет бабындағы мәселелер бойынша өзінің тікелей бастығына, ал оның әрекетсіздігі жағдайында одан жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.
Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалар мен басқа органдардың және қоғамдық бірлестіктердің заңсыз іс - әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдарына арыздана алады.
Әскери жарғыларда армия дамуының көп қырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталады. Оларда әскери қызметшілерге қойылатын талаптар қысқаша анық түрде мазмұндалады.
Біздің жарғыларымыздың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделген.
Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалған.
Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы сыпайгершілігін, қайырымдылығын қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір – біріне «сіз» деп тіл қатулары тиіс.
Әскери жарғылардың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады.
Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты – бастық және бағынушы, басқаларға қарым – қатынасына қарай – үлкен және кіші болуы мүмкін.
Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруге тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын тыңдауға тиіс.
Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: «Командирдің бұйрығы барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында орындалуы тиіс».
Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |