Капитан – кейінгі латын тіліндегі capitaneus - әскербасы сөзінен шыққан. Бұл шен ең алғаш рет орта ғасырларда Францияда шыққан.
Ресейде бұл шен ең алғаш XVI ғ. пайда болды : капитан депшетелдік жалдамалы отрядтардың командирлерін атаған.
Кеңес Қарулы Күштерінде 1935 ж. бастап жаяу әскер, Әскери-Әуе Күштері мен Әскери-Теңіз флоты командалық құрамдары үшін енгізілген.
Майор ( латынша major – үлкен, жоғары ). Ең алғаш XVI ғасырда Испанияда пайда болған.
Ресейде бұл шен XVII ғасырда торабтық бөлімдердің штаб-офицерлерін атау үшін ғана енгізілді. Кейін полкты батальондарға бөліну дәстүрге айналғанда, бұл шен батальон командирлеріне беріле бастады. 1884 ж. бұл шен қолданыстан алынып тасталынды. Кеңес Армиясында майор шені 1935 ж. бері бар.
Подполковник. Алғашқыда бұлайша полк командирінің көмекшісінің қызметі аталып, кейін бұл сөзбен әскери шенді де атай бастады. Ұзақ уақыт бөлімдер мен бөлімшелерді басқару подполковниктердің қызметтік міндеттеріне кірмейтін. Олар полктардың шаруашылықтарын басқарып, штаб-офицерлері аталып, полк командирлеріне түрлі қызметтерде көмек беретін. Кеңес Армиясында подполковник шені 1939 ж. 1 қыркүйегінен бастап бекітілген.
Полковник. Осылайша полкты басқаратын адамды атаған. Ол полкты жорықта не компанияда басқару үшін тағайындалатын немесе сайланатын ( казактарда ). Келе бере бұл қызметтің атауы әскери шенге айналды. 1631 жылы бұл шен « воевода » және « полк басы » шендерінің орнына қолданысқа енді.
Басында полковник деп полк командирі қызметіне тағайындалған жалдамалы офицерлерді ғана атайтын. 1632 ж. бастап бұл шенді «жаңа лектің» полктарын басқаратын барлық командирлерге бере бастады. Кеңес Армиясында полковник шені 1935 ж. 22 қыркүйегінде енгізілді.
Генерал – латынша generalis – жалпы, бас сөзінен . ең алғаш XVI ғасырда Францияда пайда болды. Ресейде бұл атақты I Петр енгізді.
Кеңес Армиясында бұл атақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Указымен 1940 жылдың 7 мамырында бекітілді. Сол кезде болған комбриг, комдив, 2-ші және 1-ші ранг командирі шендерінің орнына генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник, армия генералы шендері енгізілді.
Адмирал – арабша амир аль – теңіз қожайыны сөзінен шыққан. Еуропада – XIIғасырда, ал Ресейде – XVIIIғасырда пайда болды. Түркиядан басқа барлық елдерде флот басшысы дегенді білдіреді. Кеңес Әскери-Теңіз Флотында бұл атақтың 5 дәрежесі бар : Кеңес Одағы Флотының Адмиралы, флот адмиралы, адмирал, вице-адмирал және контр-адмирал.
Достарыңызбен бөлісу: |