Курстық ЖҰмыс тақырыбы


ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР



бет2/7
Дата07.03.2024
өлшемі49.12 Kb.
#494645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
АӘТД мұғалімі пән сабақтарын ұйымдастыруға дайындығы

2. ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР.
2.1 Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Мұғалімдер қалай оқытуды үйретеді. Жеті модульдердің барлығында қарастырылған идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.


Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеттілігі, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды.
Мақсаты:
1. Одан арғы оқу туралы шешім қабылдау.
2. Есеп беру үшін (оқуды бағалау)
3. Оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған бағалау (оқыту үшін бағалау)
Оқыту үшін бағалау (формативті) – бірін-бірі бағалау; өзін-өзі бағалау; топты бағалау; марапаттау; рефлексия.
Оқуды бағалау (жиынтық) – тест нәтижесі; жазба жұмыс нәтижесі; сертификаттау; оқыту қорытындысын шығару.
Талантты немесе дарынды деген ұғымның мазмұны әртүрлі болуы мүмкін. Бұл балалар бір ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін, мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бір салада дарын болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін, олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерінде қабілеттерін танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілетін көру үшін оларға жағдай туғызу қажет.
Арнаулы дарындылық – адам өз санасын белгілі бір нәрсеге бағыттау.
Жалпы дарындылық – ана сүті , әке қанымен келеді.
Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам әрі тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп атайды.
Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімді дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге ұқсас модульдермен байланысы да бар, мысалы, әртүрлі жас шамасында өзін-өзі бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын «Оқытуды бағалау және оқуды бағалау» модулі.
Оқытуды басқару және көшбасшылық – педагогикалық жетілудің пайдаланылмаған түрі. Мұғалімдерге қолдау көрсетілгенде, кәсіби өсу мен бірлескен кәсіби білім беруде іске асырылады деген сенімге негізделген.
Оқыту сияқты көшбасшылық та адамды тұрақты дамуға жетелейді.
Педагог білім тасымалдаушыдан (қара жұмыс) – білім әлеміне жол көрсетуші дәрежесіне көтеріліп (ізгі қызмет), нағыз ұстаздық харекетті атқарушы болады.
Кембридж тәсілінің тиімділігі – баланың ойлау, сөйлеу, және жазу қабілетінің қай деңгейде екеніне көз жеткізіп, кездескен олқылықты дер кезінде жөндеуге мүмкіндік береді. Сабақ барысында оқушы мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу арқылы өмірде кездесетін түрлі проблемаларды жеңуге үйренеді.
Оқушыларды топқа бөліп оқытудың тиімді екенін көрдім. Топты әрқалай құруға болады. Мысалы: жұптық топ, үштік топ, үлкен топқа бөліп, сабақ сайын немесе сабақ барысында бірнеше рет топ құрамын өзгертіп отырады. Оқушылар оқу мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенділігі, сабаққа деген қызығушылығы артады, ойлау, сөйлеу, қабілеті дамып, ынтымақтастықта білім алады. Егер сабақ жоспары дұрыс құрымдастырылса, сыныптағы оқушылардың барлығы сабақ барысында сабаққа толыққанды қатысуға, өз ойын еркін бөлісуге мүмкіндік алады.
Шәкірт өздігімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, солай ғана ол білімді өз өмірінде қолдана алады. Шәкірт бұрынғы (пассив) күйден (әдетте сабақта оқушы тек мұғалімнің айтқаны мен оқулықта берілгенді бұлжытпай орындайды емес пе?) белсенді әрекеттерге көшуі қажет. Шәкірт өздігімен және басқалармен бірлесе білім ізденіп, бұл білімнің өз өміріне қалайша қажет болатынын айқындауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет