Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет4/7
Дата07.03.2024
өлшемі49.12 Kb.
#494645
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
АӘТД мұғалімі пән сабақтарын ұйымдастыруға дайындығы

Ефрейтор (немістің Gefreitor –босатылған -сөзінен).Бұл шенді Ресейде 1716 жылы І Петр енгізді. Оны алу оңайға соқпайтын.Бұл шенді шайқаста бірнеше рет көзге түскен немесе ұзақ уақыт мінсіз қызмет еткен жауынгерлерге беретін.
Ефрейтор шені қатардағы жауынгер атағынан кейін беріледі, бұл шен 1940жылдың қарашасында бекітілген. Бұл шен шайқаста ерлік көрсеткен немесе әскери және саяси дайындықта биік көрсеткіштерге жеткен жауынгерлерді ерекшелеу үшін беріледі.
Сержант –латынның serviens – қызмет етуші- сөзінен шыққан .Ең алғаш бұл лауазым Францияда ХV ғасырда пайда болып, кейін герман және ағылшын армияларында қолданылды. Сержант – капрал мен фельдфебельдің арасындағы шен. Орыс армиясында бұл шенді 1716 жылы І Петр енгізді. Кеңес армиясында бұл шен 1940 ж. енгізілді.
Старшина – орысша сөз. XVII ғ. аяғына дейін старшина деп гетмандардың қарамағында қызмет (уряд) алатын, полктарда және жүздіктерде қызмет еткен тұлғалар аталатын. Осыдан генералдық, полктық, жүздік старшиналар шыққан. XVII ғ. басынан бастап старшина деген биліктен жер –су телімін алған, урядтарға билік жүргізген адамдар мен лауазымды қызметкерлер аталған.
Кеңес Қарулы Күштерінде «старшина » сөзі екі мағынаға ие:ротадағы (батареядағы) жеке құрамның дұрыс қызмет етуі мен бөлімшелердегі тәртіпке жауап беретін лауазымды қызметер; басқа сержаттық атақтармен салыстырғанда биік тұратын –шен.
Прапорщик – ежелгі славян тіліндегі прапор - жалау, ту – сөзінен шыққан. Орыс армиясында 1649 жылдан бері прапорщик деп ту ұстаушыларды атаған. 1712-1917 ж.ж. – төменгі офицерлік шен. Кеңес Армиясында – 1972 ж. бері.
Мичман – ағылшынша midshipman – орта кемелік шен. Орыс армиясында 1716 ж. I Петр флоттағы бірінші офицерлік шен ретінде енгізген. Оны теңіз кадет корпусын табысты бітірген гардемариндерге беретін.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Указы бойынша Кеңес Қарулы Күштерінде прапорщиктер мен мичмандар институты 1972 ж. 1 қаңтарынан бастап енгізілген.
Лейтенант - французша lieutenant - өзінің басшысын алмастыра алатын офицер. Осыдан қосарланған шендер – капитан-лейтенант пен генерал-лейтенант шыққан. Лейтенанттар роталар мен эскадрондар командирлерінің көмекшілері мен ең жақын орынбасарлары болған. Орыс армиясында бұл шенге поручик шені сәйкес болған. Кеңес Армиясында 1935 ж. лейтенант және аға лейтенант, ал 1937 ж. кіші лейтенант шендері енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет