Курстық ЖҰмыс тақырыбы


ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................39



бет2/12
Дата07.12.2022
өлшемі231.18 Kb.
#466749
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ызылорда облысыны білім бас армасыны

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................39


ІҮ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................41


Ү ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ


Зерттеу пәні: бастауышта математиканы оқытуда пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесін қолдану үрдісі.
Зерттеудің өзектілігі: Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітіліп, міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту».
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан басталады. Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындаң үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Онда: «Бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады. Әр пән ғылыми білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық, дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген. Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор.
Пәнаралық байланыс – педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі. Әрбір пәнді басқа пәнмен байланыстыра отырып өткізудің үлкен мәні бар. Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті дара байланыстылықты танып білу. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай, шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет.
Бастауыш мектепте берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасау ең алдымен, әрбір оқушының жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің үздіксіз жетіліп, жаңа деңгейлерге көтерілуіне қызмет етуі тиіс. Сондықтан да жаңа талаптарға сәйкес, оқу пәндерінің мазмұнын, оқу- танымдық мүмкіндіктерін толығырақ пайдаланудың дидактикалық амалы – жақын пәндерді бір-біріне интеграциялай отырып оқыту негізінде білім сапасын арттыру үдерісін ізгілендіру болып табылады.
Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше. Мектеп курсындағы математиканың бастауыш сыныптарда пәнаралық байланыстардың қалыптасуы білімді терең меңгеруге, ғылыми түсініктермен негіздерін пайда болуына оқу – тәрбиелік процестерін кемелденуіне және оның оңды ұйымдастыруына, көзқарастың кеңеюіне әлемдегі заттардың тұтастығын, табиғаттағы құбылыстардың өзара байланыстарын түсінуге әсерін тигізеді. Бұл зерттеудің өзектілігі.
Оқушыларды математикадан терең және тиянақты білім, іскерлік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін талабы. Ондай талаптардың бірі – оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы – пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру.
Пәнаралық байланыс негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру арнайы зерттеу нысанында болмағандығы айқын. Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде жетілдіру/дамыту мәселесі педагогикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқу пәндерін байланыстыру негізінде оқушылардың оқуға деген белсенділігін оятып, білім сапасын арттыруға қатысты ғылыми зерттеулерді және әдебиеттер мен бастауыш сыныпта оқыту үдерісінің нақты тәжірибесін талдау барысында:
- қазіргі қоғам, жетілдірілген білім беру сұранысының талаптарына сай бастауыш сынып оқушыларының білім сапасының жоғары деңгейін меңгеру қажеттілігі мен оны бастауыш сыныпта жүзеге асырудың педагогикалық негізделуінің жеткіліксіздігі;
- бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын пәндерді интеграциялау негізінде арттырудың қажеттілігі мен оны бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру әдістемесінің болмауы;
- оқытудың қазіргі жағдайы мен бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пәндерді интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру мүмкіндіктерінің толық пайдаланылмауы арасында қарама – қайшылықтардың бар екендігі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет