1.3 Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Қазір заман мен қоғамның өзгеруіне орай бүгінгі балалар да өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар ретінде өсіп келеді. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік–құқықтық, психологиялық–педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан–жақты игерген кәсіби құзыретті маман болуын талап етіп отыр.
Құзыреттілік (competentia) латын тілінен аударғанда, адамның жақсы хабардарлығы, танымдылығы және тәжірибелілімен сипатталатын мәселелер шеңберін құрайды. Белгілі саладағы құзыретті адам осы салаға сәйкес білімдермен, қабілеттермен қаруланады. Құзыреттілік - жеке тұлғаның өзіндік даму, жеке тұлғалық даму, өзіндік тәжірибе қорытындысы, сондай-ақ білімнің, біліктің, дағдының және тану тәжірибесінің, пәндік практикалық түрлендірудің, субъективті тұлғалық тәсілі.
Білім беру орнының басты мақсаты - қоғамдық және әлеуметтік дамудың заманауи талаптарына жауап беретін кәсіби құзыретті мамандарды дайындау.
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі – бұл түлектің әрекеттегі сапалық жеке қабілеттері. Ол түлектің келесі мүмкіндіктері мен біліктіліктерін қамтиды: жоғары кәсіби деңгейде өз бетімен ақпаратты іздеу, жинау, талдау, көрсету, тасымалдау, объектілер мен үрдістерді, соның ішінде өз жеке әрекеттерін және ұжымның жұмысын модельдеу және жобалау.
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда келесі жағдайлар жасалуы тиіс:
оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін көтеру;
оқу орнын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарымен сапалы түрде техникалық қамтамасыз ету;
басқаруға жаңа ақпараттық технологиялар мен жүйелерді енгізу;
оқу үрдісінде жаңа программалық жабдықтарды пайдалану;
ғылыми және оқу ақпараттарын алу көздерін барынша кеңейту.
Осы мақсатта келесі әдістерді қолдану шарт:
өз мамандығы бойынша жоғары деңгейде теориялық және практикалық білім алу;
ақпараттық коммуникациялық технологияны теориялық және практикалық меңгеру;
түрлі бағыттағы программалық жабдықтарды меңгеру;
оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың тиімділігін игерту, оны өз тәжірибесінде қолдану;
ақпараттық коммуникациялық технологияның жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту әдіснамасын өзгерту, ақпараттық коммуникациялық технологияны сабақтарда, ғылыми-зерттеулерде, оқушылардың өзіндік жұмыстарында қолдану;
оқу және зерттеу әрекеттерінде локальді және әлемдік ақпараттық желілердің телекоммуникациялары мен ресурстарын құру және пайдалану;
коммуникативті әрекетті теориялық және практикалық игеру;
тереңдетілген тілдік дайындық;
ұжымдық әрекеттерді модельдеуде ақпараттық коммуникациялық технологияны, жаңа құралдарды пайдалану, т.с.с.
Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда пәнаралық байланыстың маңызы зор.
Білім берудің дәстүрлі моделі қазіргі уақыттың жаңа талаптарын қанағаттандыра алмауда: бұл модель жеке ойлауға, механикалыққа, сызықтылыққа бағытталған, нақты өмірдің құбылыстары мен пәндер арасындағы табиғи байланыс бұзылған.
Ал оқушыларда әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін, ол туралы толық түсінік, гумандық дүниетаным және диалектикалық ойлау қалыптастыру өзекті болып табылады. Оқушыларды өмірдің жеке, оқшауланған құбылыстарына емес, әлемді кең көлемдегі бірлікте, өзара байланысты көпқырлы етіп қарауға үйрету керек. Осыған байланысты пәнаралық байланыс мәселесі туындайды.
Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.
Пәнаралық байланыс – оқу жұмысының әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру формаларына қосымша талаптарды енгізу керектігін, қоршаған орта, табиғаттағы құбылыстарды бақылауда мұқият мән беруді, сонымен бірге оқытудың аналитикалық деңгейін көтеруді, себеп-салдарлы функциональдық байланыстарды орнатуда үлкен назар аударуды, оқыту, тәрбиелеу процесінде пәнаралық байланыстың тәсілдерін кеңейтуді талап етеді және де жалпы білім сапасын көтеруде алатын орны маңызды.
Қазіргі таңда пәнаралық байланыстың теориясы мен практикасы үздіксіз дамуда, пәнаралық байланыстың негізгі дидактикалық функциялары, сабақта оларды жүзеге асыру тәсілдері, сабақтың түрлері қарастырылған.
Пәнаралық байланыс құрамындағы маңызды болып табылатын мазмұндық және шығармашылық негіздерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұндық негізін жалпы ғылыми фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар құрайды. Мысалы, жаратылыстану-ғылыми циклдегі пәндер үшін жалпы түсініктер болып материяның (зат және өріс) құрылымдық формалары, денелердің қасиеттерін сипаттайтын, құбылыстарды және бақылауларды сипаттайтын шамалар болып табылады. Ал, жалпы заңдарға масса, энергия, электр зарядының сақталу заңдары, химиялық реакциялардың жүру заңдары және т.б. жатады. Теорияларға химия, физика және биология ғылымдарында қолданылатын, тірі және тірі емес табиғаттың көптеген құбылыстарын түсіндіретін зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясын, зат құрылысының электронды теориясын, квантты-өрісті теорияны және т.б. айтуға болады.
Пәнаралық байланыстың басқа да құраушыларын және маңыздылығын былайша көрсетуге болады:
3-кесте. Пәнаралық байланыстардың түрлері
Пәнаралық байланыс негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда оқушыларға бірнеше пән бойынша өз білімін көрсетуді талап ететін сабақтарды, яғни бірнеше әртүрлі пәндерді біріктіретін біріктірілген сабақтарды өткізу қажеттілігі арта түсуде.
Пәнаралық байланысты пайдаланып сабақ өткізу оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуде көзқарасын қалыптастырады және де әртүрлі пәндердің арасында нақты шекара жоқ екендігін көрсетеді, әр ғылым өз әдістерімен материалдық әлемді зерттейді де олардың нәтижелерінің жиынтығы оқушыларға әлем туралы жалпы көзқарас береді. Осылайша, қазіргі заманғы ғылыми әлем бейнесін қалыптастырады.
Құзыреттілікке бағытталған білім беруге заманның өзі итермелеуде. Оған көшу бір күнде басталмайды, біз сол күнге жұмыс жасауымыз қажет. Еліміздің болашағы - жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізе білейік!
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ – ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я. А. Коменский (1592 - 1670), Л. Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712 – 1778), И. Г. Песталоцци (1746 – 1827) өздері өмір сүрген замандардан бері педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса назар аударған.
Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схолостикаға қарсы күресе отырып, шәкірттерге табиғат құрылыстарының өзара байланысы жөнінде қарастыратын қалыптастырудың маңызы екендігін атап айтты. Мысалы: Я. А. Коменский «Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керекң деп жазды.
Сондай-ақ бертін келе ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық – педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А. И. Герцен (1812 – 1870), Л. Н. Толстой (1828 – 1870), К. Г. Ушинский (1814 – 1820), Н. Г. Чернышевский (1828 – 1889) т.б. ғылыми еңбектерімен үлес қосты. Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде «Балалар әлемің, «ана тілің, «Педагогикалық антропологияң, «Адам тәрбиенің жемісің т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін дәлелдеп берді.
Ол мәселенің психологиялық негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың жеті түрін айқындайды; қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті жағынан еске салу, пайымдаушылық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс, өркендеу немесе ұғыну байланысы.
К. Д. Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жақын мүмкіндігіне қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.
Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақтылы өмір жөнінде айқын, толық және біртұтас ұғымдар беріп қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың, көзқарастық үлкен ролін атап көрсетті.
Халқымыздың ардақты ұлдары өз елін прогресс жолымен алға қарай бастаған Шоқан (1835 - 1865), Абай (1845 - 1904), Ыбырай (1841 - 1889) сол дәуірде қазақ даласына мәдениеттің, білімнің қажеттігін дәріптеген.
Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогі артына өшпес, өлшеусіз мұра қалдырған халқымыздың адал перзенті Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясың және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылықң - деген екі оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға сай негіздеді. Оқулықтарда балалардың ойлауын сөз қорын, өзіндік таным қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары айнала қоршаған тіршілік-тұрмыс көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер, еңбек әрекеттері тағы басқа материалдар алынған.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала.
Педагогикалық сөздікте – «жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар пәнаралық байланысң - деп аталған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл – Фараби (870 – 968), Ибн Синаның (930 - 1037) және Жүсіп Баласағұнидың (1021) т.б. мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерінде пәнаралық байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.
Қазақ халқының ортамызға қайта оралған ірі зиялылар Ж. Аймауытов (1889 - 1931), А. Байтұрсынов (1873 - 1937), М. Дулатов (1885 - 1935), М. Жұмабаев (1893 - 1938), Ш. Құдайбердиев (1858 - 1931) т.б. бұл мәселені қарастырған. Мысалы: М. Жұмабаев өзінің «Педагогика оқулығында психология, физиология, әдебиет, тарих, тәнтану ғылымдарының өзара байланысы негізінде, адамның тұлғалық дамуында тәрбие мәселелерін жан-жақты айқындаған. Педагогика бөлімдері (жалпы педагогика, дене тәрбиесі, жан көріністері т.б. ) педагогика, психология ғылымының негізгі мәселелері адам тәрбиесінің заңдылықтарымен өзара байланыста берілген. Бұл оқулығында М. Жұмабаев ұғым және оның жасалуында заттар мен құбылыстардың, сондай-ақ адамдардың қасиет-салалары мен білім-тұлғалық ерекшеліктері жеке дараланып, бір-бірімен салыстырылып және барлығына ортақ белгілері сипатталады. Бір-біріне ұқсас бірнеше заттарды бір-бірімен салыстырамыз. Біз бір затты бір затпен салыстырғанда, олардың әрқайсысының өздеріне ғана арналған дербес сындарын алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуін де табамыз, ортақ сындарды жалпылаймыз. Яғни екі заттың яки көп заттың ортасынан оймен жасалған бір зат шығады. Міне, осы көп заттардың ортақ сындарын алып жия білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы ой-ұғым деп аталады.
Ұғым туралы айтылатын материалдар білім мазмұны арқылы көрсетіледі. Себебі ғылыми дидактикада оқушылардың дүниетанымын, ұғымдар жүйесін қалыптастыруда білім мазмұны шешуші фактор болып табылады.
Ал білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім берудің мазмұны қоғамның экономикалық және ғылыми-техникалық даму қажеттіліктеріне байланысты қарастырылады.
Білім берудің мазмұны деп оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және олардың қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білімдер мен іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз.
Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның, мектептің алдына қоятын мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Сонымен бірге оқудың мазмұнын анықтауда дидактиканың талаптары да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығын дұрыс шешуге болады.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.
Адам баласы қоғамның дамуына әртүрлі сатысында білім беру мазмұны талқыланып келді. Білім мазмұны теориясы педагогика тарихында бірнеше бағытта қарастырылған. Мәселен: философиядағы рационалистер білімдердің көзі мен көрсеткіштері объективті шындық және қоғамдық тәрбие емес, оның көзі ақыл ғана деген. Сөйтіп олар білімді өмірден, ойлауды сезім қабылдауынан бөледі. Бұл формальдық білімді жақтаушылардың айтуынша жалпы білім берудегі негізгі міндет – оқушының білім танымдық қабілеттерін ғана дамытуға бағытталған ғылымдарды үйрету немесе оқу деген ақылдың «гимназиясың - жаттықтырылуы тұрғысынан түсіндіріледі.
Формальдық білім теориясын жақтаушылар осылай рационализм бағытында бола отыра, оқу жұмысының мазмұнына ең алдымен, сол білушілік қабілеттіктерді (латын, грек) ерте дүние әдебиетін, тарих, математиканы енгізген, осылар классикалық білімнің негізін құрайтынын дәлелдейді.
Классикалық білім қайта өркендеу дәуірінде ерте дүние мәдениетінде әуестенушілік күшею кезінде қалыптасқан. Бұл білім орта ғасыр мектебінің тар деңгейіндегі діни-схолостикалық оқу мен күрестің өрістеу дәуірінде дамыған. Сондықтан сол бастапқы кезде бұл оқудың сөзсіз прогресшіл мәні болды. Ал енді кейіннен бұл классикалық оқу бірбеткей формальдық-грамматикалық бағытта болды. Соның салдарынан шамадан тыс тілдерді оқу басқа оқу пәндерге зиянын тигізе бастады, әсіресе табиғат жөнінен білім кеми түсті.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің барлық типтерінде білім беру гуманитарландыру бағытына негізделген. Атап айтқанда, тарихи оқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін мемлекеттегі басқару нысандарын түсіне білу және оларды нақтылы бағалай білуі: демократиялық және экономикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрене, әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағалай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу, адамзаттың өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу. Осы мақсатта әдебиетке, тілдерге, тарихқа, қоғамтануға, өнерге, дене мәдениетіне ерекше көңіл бөле отырып, орта білім беретін мектептерге арналған мемлекеттік базалық оқу жоспарының түрлі нұсқаулықты көздейтін бөлігіне гуманитарлық пәндердің кең жиынтылығы енгізіледі.
Сонымен қатар табиғаттағы құбылыстарды ғылыми түрде түсінуге, оны өзгертудің жолдарын үйренуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына байланысты жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары жасалуда. Бұл білім беру жүйесінің жаңартуға бағытталған талпыныс. Базалық оқу жоспары бұрынғыларымен салыстырғанда құрылымы жағынан жетілдірген. Мұнда тек пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы жөніне ғана мәліметтер беріліп қоймайды, сонымен қатар оқу мазмұнының (инварианттық) тұрақты және (варианттық) вариантивтік жылжымалы бөлігі туралы мәліметтер берілген. Жоспардың тұрақты бөлігінде барлық оқушылар оқуға міндетті, ал жылжымалы бөлігінде әр мектептің қалауы бойынша даярланып алынатын «мектептікң құрамы кіреді. Оқу жоспарының «жылжымалың бөлігінің ішкі құрылымы оқу сатысында балалардың жас ерекшеліктеріне, физиологиялық мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі болады. бастауыш мектепте бұл қосымша сабақтар мөлшері әрбір сыныпта 2–3 сағат болуы мүмкін. Негізгі мектептің екінші сатысында оқу сатысының оқу мазмұнының «жылжымалың бөлігіндегі қосымша сабақтар, факультативтік курстар оқу жүктемесінің 10–15 %-тей мөлшерін қамтиды. Ал орта мектептің 3 – сатысында, яғни бағдарлы мектептің оқу мазмұнының жылжымалы бөлігінде барлық оқу жүктеменің үштен бір бөлігі беріледі.
Сонымен жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі. Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі:
1) Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
2) Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);
3) Спорттық икемділік пен дағды;
4) Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлік ұғымын былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. Оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
- пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
- өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
- байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;
- пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.
Ендеше бастауыш сынып оқшыларына пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |