Курстық ЖҰмыс тақырыбы



бет3/12
Дата07.12.2022
өлшемі231.18 Kb.
#466749
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ызылорда облысыны білім бас армасыны

Зерттеудің мақсаты:

  • Ағылшын сабағында оқушылардың белсенділігін арттыруда пәнаралық байланыстың тиімділігін анықтау;

  • Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың сөздік қорын, тілдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, сабаққа деген белсенділіктерін және қарым-қатынастарын зерттеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Пәнаралық байланысты математиканың бастауыш курсының теориясында және практикасында іске асыру мәселесінің жасалуын талдау;

  • Бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.

  • Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды енгізудің негізгі бағыттарын көрсету;

  • Бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабақтарында пәнаралық байланысты пайдалану негізінде оқушылардың белсенділігін дамытуды жүзеге асыру жолдарының аса тиімді формасы мен әдістемелерін табуға көмектесу.

  • Жалпы білім беру жүйелерінде бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жалпы мектептегі бастауыш сыныптарының математика сабағында пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалса, «Математика» пәнін оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталса, пәнаралық байланыс негізінде құрылған тапсырмалар жүйелі жүргізілсе, онда бұл оқушылардың оқу үрдісіне белсенді араласуына, қызығушылығының артуына жағдай жасайды, танымдық белсенділікті жоғары дәрежеге жеткізеді деп ойлаймыз.
Күтілетін нәтиже: бастауыш сыныпта математиканы оқытуда пәнаралық байланыс арқылы аталған міндеттерді қолданып оқушылардың сөздік қорын жетілдіру, логикалық ойлау қабілеттерін, сабаққа деген белсенділігі мен қызығушылығын арттыру және қарым-қатынастарын жақсарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет