Курстық ЖҰмыс тақырыбы:“Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері”


Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері



бет5/9
Дата25.05.2023
өлшемі58.72 Kb.
#474258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
araichok 124 2k (1)

1.3.Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылықты арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де байланысты. Осы саладағы пәннің қызметі мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланған кезде ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра алуы қажет.
Ал оны қалай тиімді етіп жүргізуге болады?
Сабақта баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау қажет. Ол әдістің бірі – диалог. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей әңгімелесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдаланған тиімді болып табылады. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескен кезде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдыра отырып балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады.
Күнделікті сабақ барысында тілді дамыту үшін мынандай тәсілдерді пайдалануға болады:

  • -сөздік арқылы тіл дамыту.

  • -мәтінге байланысты тіл дамыту.

  • -көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту.

  • -үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тілді дамыту.

Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады.
Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапақа сай жүргізуіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыс тәсілдері төмендегідей:

  1. Грамматикалық тапсырмаларды түсіндіріп беру

  2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру

  3. Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру

  4. Белгілі бір тақырыпқа берілген әңгімені жалғастыру

  5. Шағын көрініс даярлау

  6. Мәтінмен жұмыс жүргізу

Осының ішінен ең басты алатын орын – мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі ол берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл біркелкі болып келіп, оқушыларды жалықтырады және осы пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ал шығармашылықпен жұмысты мынандай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:
1.Мәтінді өзгертіп баяндау
Мысалы: “In my opinion”, “Based on my experience”, секілді сөз тіркестерін қолдану.
2.Мәтіннен іріктеп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтау
Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.
3.Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.
4.Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән-мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
5.Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлеріде көп:

  1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету

  2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу

  3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту

  4. Мәтін бойынша сурет салғызу

Оқушының тілді меңгеруге ықыласын, ұмтылысын, қызығуын арттыратын ең тиімді технологияның бірі – Нұрша Оразақынованың “Сатылай комплексті талдау” технологиясы болып табылады. Себебі, бұл технологияның жұмысы жаңа сабақты түсіндіру де немесе қайталап қорытындылауда да қолдануға қолайлы. Өйткені оқушыға мәтінді үйретуде бұл технология білімді сатылап, жүйелеп бірізділікпен меңгертеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет