Курстық ЖҰмыс тақырыбы:“Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері”



бет3/9
Дата25.05.2023
өлшемі58.72 Kb.
#474258
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
araichok 124 2k (1)

Зерттеу мақсаты:бастауыш сыныпта ағылшын тілі грамматикасын оқыту әдіс-тәсілдерімен танысу
Зерттеу міндеттері:

  1. Бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың маңызы

  2. Бастауыш сыныпта ағылшын тілі сабағына грамматиканы оқыту тәсілдері туралы түсінік беру

Зерттеу кезеңдері:Бастауыш сынып
Зерттеу құрылымы:кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін оқытудың маңызы
1.1.Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, коммуникативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен: табиғатпен, өз-өзімен, басқа адамдармен белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.
Қазіргі кезде ағылшын тілі бастауыш мектептерде, жоғары және аурнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытуда. Ағылшын тілі және грамматикалық категорияның өзі арнаулы ғылыми – зерттеу жұмыс объектісі болып, олар жөнінде мектеп ғылыми еңбектер жазылуда. Балалар бастауыш сыныпта жазуға, оқуға үйреніп, ойын анық және дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге жаттығады.
Сөйтіп, ағылшын тілін оқыту теориясы мен технологиясы мақсаты мен міндеті – болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін бастауыш сынып оқушысын сан алуан грамматикалық формаларды қолдана білуге үйрету соның негізінде олардың тілдерін ұстарту, сондай-ақ жазу дағдыларын бекітіп, сөйлей білуге дағдыландыру әдіс-тәсілдерімен формаларына қатысты әдістемелік әрі іскерлік дағдыларымен, қаруландыру болып табылады.
Курс бойынша барлық әдістемелер психология, педагогика, лингвистика секілді ғылым салаларымен өзара тығыз байланыстарды қамтып, сабақ, лекция, семинар және студенттердің өзіндік жұмыс жүргізу түрінде ұйымдастырылады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіби даярлығы әр алуан пәндерді оқыту барысында жүзеге асыратын психологиялық-педагогикалық, пәндік-теориялық және дербес әдістемелік компонеттерді қамтиды.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс деп саналады. Бұл жазба жұмыстарына да қатысты талап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет