Зерттеу обектісі-Жазушының шығармаларындағы балаларға берер тәрбиелік мәні.
Зерттеу пәні- балалар әдебиетіндегі шығармалардың бала психологиясына әсер етуі.
Зерттеу міндеттері:
1.Шығармалардың бала психологиясына әсер етуін анықтау.
2.Жазушы шығармасындағы тәрбиелік мәнді сипаттау және анықтау.
3.Балалар әдебиетіндегі шығармалардың мәнін анықтау.
Зерттеу әдістері-жазушы шығармаларына талдау жасау,тәрбиелік мәнін ашу.Сонымен қатар қосымша мәліметтермен бөлісу.
Зерттеудің теориялық – әдіснамалық негізі: Жазушы шығармаларындағы идеялар тәрбиелік мәндермен жұмыс.Шығармадағы бала психологиясына әсер етуі.Жазушы шығармаларының тәрбиелік мәнін анықтау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі-Жұмыс жасау барысында жазушы шығармалары туралы балалармен жұмыс жасау жәнеде олардағы ойлау қабілетін жетілдіру. Түсіндірме жұмыстарын жасау.
Зерттеудің тірек орны-
Зерттеу құрылымы- курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.
І Қасым Қайсенов елдің батыры
Қасым Қайсенов батылдығы мен қайтпас қайсар ер мінезділігі адами парасаттылығы сол заманда да қазіргі кезде де әдебиет әлемінің шығармаларында көрініс тауып өлең-жырлардың кейіпкеріне айналған аңыз адам.Тұғыры биік тұлға Қасым Қайсенов өзінің бір өлең шумағында былай дейді-
Адаммын басымнан сөз асырмайтын,
Ашықпын ішіме сыр жасырмайтын.
Өр мінезім тағы бар кеудем соғар,
Ешкімге тізе бүгіп бас ұрмайтын,-деп Қасым Қайсенов өзінің азаматтық болмысын көркем өлең жолдарымен асқан шеберлікпен жеткізген.
Қайсенов өмір мен өлім тұспа тұс келген қиын заманның басты қаһарманы ғана емес ,сол уақытты өз көзімен көріп шындығын қаламға тіреп жазған жазушы.
Жалпы жазушы 1918 жылдары көктем айының 23-ші жұлдызында дүние есігін ашқан.Туып өскен кіндік қаны тамған жері қазақ жерінің шығыс баурайы Ұлан ауданы,Асубұлақ ауылы.Туған жер қасиеті оның қанында буырқап қайнап,тәніне сіңген.Оның болмысы мен шығармаларынан тазалық пен биіктік лебі еседі.
Жазушы 1934 жылы мектепті тәмәмдап бітіргеннен кейін Өскемендегі саяси-ағарту техникумына түседі,1938 жылы бітірген соң Повладар қаласында саяси-ағарту нұсқаушы болып қызымет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып ,әскер барлау мектебіне жіберіледі.
Қасым Қайсенов бұрын соңды болмаған жойқын соғыста жауға етегін шалдыртпай,жағасын алдыртпай өткен еңбегі ерен басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан болатын.Елдің тарихында күллі адамзатпен жасаған ұлы ерлік иесі осы Вася яғни біздң батыр Қасекең.1941 жылы Мәскеу қаласындағы арнайы барлаушылар мектебіндегі дәрістен өткен соң Украинаға аттанады.Фашистер орныққан жерге ұшақпен келіп түседі Қасым батыр.Оны таныған орыс-украин халқы оның атын атауға тілі келмегендіктен «Василий,Вася» деп атап кеткен.Дәл сол сәттерде Украина жеріне келу ажалға өзің барумен тең болатын.Кеңес әскерінің құрамындағы көп ұлт өкілдері қазақ деген ұлтты көрмек тұрмақ,атын да естімеген болып шығады.Мінекей, осыншама жауынгерлердің арасынан Қасекең жарқылдап шығып соғыстағы жауынгерлерді таң қалдырып қайран етеді.
Я,әрине Қасымның дұшпан жеріне басып кіріп дұшпанға дес бермей ерлік көрсеткен еңбегі Екінші дүние жүзілік соғыстың тарихында мәңгі сақталмақ.Сол уақытта Кеңес әскерінің жеңісіне партизан жасақтары аз үлес қосқан жоқ.Сонымен қатар Қасекең жорықтарға кейде жиырма,кейде қырық тіпті үлкен –үлкен болып жорықтарға аттанған болатын.Жорыққа кеткен әскерімен келген уақытта көбейіп оралатын.Осылайша Қасым өзінің ұшқыр ойыменде әсер басын біріктіре алған.
«Отан үшін отқа түс- күймейсің,өмір үшін өлгенше күрес!»-деген Бауыржан Момышұлының ұранымен қазақ жауынгерлері көз көрерлік ерлік көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |