Курстық ЖҰмыс тема: Қхр-ның Солтүстік Кореядағы геосаяси жағдайға әсерін анықтау және талдау 6В02207 – «Шығыстану»



бет11/12
Дата08.12.2023
өлшемі151.42 Kb.
#485981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кіріспе

ҚОРЫТЫНДЫ



Жалпы, қоғамдық келісімдер пайда бола бастаған кезден бастап мемлекеттер қалыптаса бастады. Ал мемлекет ұғымымен қатар саясат, геосаясат, экономика түсініктері пайда болды. Қазіргі заманда тарихты болмыс деп алып қарастыратын болсақ, болашақты айқындауға саясат ғылымының маңызы зор. ХХІ ғасыр саяси картасында дамыған, дамымаған, ірі және ұсақ, ядролық державалар мен тәуелді мемлекеттерорын тепкен. Қазіргі саяси жағдайдың ең басты ерекшелігі де сол. Әлем халықтары ортақ тіл табысу мен ортақ адами құндылықтар қалыптастыру үшін барлық шараны жасауда, бірақ сол адамзаттық құндылықтардан бас тартып, жеке континенттік ерекшіліктерді көздейтін, ядролық қаруды басты қаруына айналдырған, аз халықтарды қанаумен қатар жүретін басқыншылық әрекеттерін ұран етіп алған тараптар да жоқ емес. Осы аталған мәселерге аз да болса, әлемнің бір бөлшегі бола отырып бас қатыру керек-ақ.
Әлемді және адамзатты айтатын болсақ, сол әлемдегі ең үлкен саяси ойыншы Қытай жайлы, оның ішкі және сыртқы саясаты мен аймақтық ықпалын қоса айтуымыз керек. Екінші бір айтатын нәрсе, ол бүкіл әлемнің назарында тұрған Корей түбегіндегі барлық ұстанымдары қарумен ғана байланысты Солтүстік Корея мемлекеті. Аталған екі мемлекет те белгілі бір тұрғыдан зерттеп, анықтама беруді қажет етеді.
Қытай – өзінің мәңгілік мүдделері мен әсер етуші күшке ие әлемдік, саяси сонымен қатар, экономикалық держава. Жоғарыда айтып өткендей, Қытай Шығыс Азиядағы геосаяси жағдайға айтарлықтай әсер етеді. Ел өз экономикасын белсенді дамытуы оған аймақтағы айтарлықтай геосаяси мүдделерін нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қытай әлемдік қоғамдастықта өз позициясын нығайтуға ұмтылып, белсенді сыртқы саясат жүргізуде. Қытайдың белсенді сыртқы саясат жүргізетін елдерінің бірі – Солтүстік Корея. Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасымен қоса тоталитарлы билік режимінің салтанат құрымен ерекшеленеді. Әлемдегі басты көшбасшы Америка Құрама Штаттары арасындағы қарама-қайшылықтар көршісі Қытайдың назарын аудартып қана қоймай, оған халықаралық санкциялар кезінде негізгі көмек көрсетуші, сонымен қатар, ықпал етуші күшке айналдырады. Қытай Солтүстік Кореяға барлық жағынан (саяси-экономикалық, әлеуметтік, медициналық, сауда байланыстары және т.б) көмек көрсетеді. Бұл әрине, Пхеньянды ерікті және саналы түрде Пекиннің ықпал ету аймағына айналдырады. Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы сауда байланыстарына көз салатын болсақ, Қытайдың тауар айналымының біраз бөлігін Солтүстік Корея мемлекеті құрайды. Бұдан байқайтынымыз, Солтүстік Кореяның мемлекет ретінде өмір сүруі мен экономикалық жағдайы толығымен Қытайға тәуелді. Бұл орайда Солтүстік Кореяның Оңтүстіктегі көршісімен тату-тәтті емес екенін ескерген жөн.
Екі елдің (Қытай-Солтүстік Корея) 2020 жылы сауда көлемі 80,7% - ға, 2021 жылы-41% - ға, $318,03 млн-ға дейін төмендесе, ұзақ құлдыраудан кейін қаңтар-ақпан айларында Қытай КХДР-ға көлемі 116,3 млн АҚШ долларына тауарлар мен қызметтерді экспорттады (15,5 мың есеге ұлғайды). Сол кезеңде мпорт бес есеге өсіп, 19,95 миллион долларға жетті. Ал қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі 340% - ға, 502,3 млн долларға дейін өскен.
Одан бөлек Солтүстік Корея Донецк Халық Республикасы (ДХР) мен Луганск Халық Республикасынның (ЛХР) статусын мойындайды. Ал ДХР мен ЛНР БҰҰ-ға кірмейді, сондықтан Солгүстік Корея аталған екі «елмен» мемлекеттік қатынастарды дамытуды жоспарлап отыр.
Жалпы қорытындылап айтқапда, Шығыс Азия елдерінің саяси, сауда, экономикалық және т.б байланыстары аймақтық тұрақтылық пен ынтымақтастыққа тәуелді. Әрине, аталған аймақтағы басты ойыншы Қытай екені даусыз, алайда, бүкіл әлемі алаңдатып отырған Солтүстік Кореяның ықпалын да ескерусіз қалдыруға болмайды. Осы мәселеде Орталық Азия және Қазақстан қалыптаасқан әлемдік құндылықтар аясында бейбітшілік идеясын алға ұсыну қажет.
Әлемнің бір бөлшегі ретінде біз кез-келген агрессия мен ангуманистік әрекеттерге қарсылық танытып, адамды, адамның хақы мен бостандығын жоғарғы орынға қоюға міндеттіміз...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет