Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау тәртібі туралы ереже



бет3/8
Дата10.09.2023
өлшемі238.5 Kb.
#477050
1   2   3   4   5   6   7   8
дістемелік н с ау курсты ж мыс 2021 (1)

3. Курстық жұмысты рәсімдеу

Курстық жұмыс мәтінінің парақтары мен жұмыстағы суреттер мен кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс.


Курстық жұмыс, бір интервал арқылы А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір бетіне компьютерді және принтерді пайдалана отырып, баспа тәсілімен орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі, кегль 14, Times New Roman. Абзац – 1,25 см.
Курстық жұмыстың мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып, басу керек: оң жағы – 10 мм, сол жағы – 30 мм, жоғары мен төмен жағы – 20 мм.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау көзделеді. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін жеткілікті орын болған жағдайда аяқталмаған беттің бос бетіне басуға болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы арақашықтық 1 интервал құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы арақашықтық 1 интервал құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы арақашықтық 1 интервал құрауы қажет.
Басылған мәтіннің және ПЭВМ-мен басып шығарылған беттің, иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу (безендірілу) сапасы оларды шығарудың анықтық талаптарына жауап беруі тиіс.
Курстық жұмысты орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көрінуі сақталуы қажет. Курстық жұмыста сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер бұлыңғыр болмай, анық болуы қажет.
Курстық жұмыстың мәтінінде сканирленген графиктерді, сызбаларды, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.
Курстық жұмыс көлемі – 25-30 бет (қосымшаларды есепке алмағанда).


4. Курстық жұмыстың құрылымы

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:


- бет парағы (мұқаба) (қосымша Ә);
- мазмұны (қосымша Б):
- кіріспе (1-1,5 бет). Тақырып өзектілігі, крстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен пәні көрсетіледі;
Негізгі бөлім 3 бөлімнен тұрады:
- теориялық бөлім (8-10 бет). Тақырып бойынша әдебиеттік шолу және экономикалық категориялардың мазмұндық сипаты қарастырылады;
- тәжірибе бөлімі (10-15 бет). Зерттеу объектісі бойынша талдау нәтижелерінен, есептік жұмыс қорытындыларынан тұрады;
- ұсыныстық бөлім (8-10 бет). Зерттеу объектісі бойынша мәселелерді шешу немесе дамыту бойынша ұсыныстар беріледі;
- қорытынды (1-2 бет);
- қолданылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет