Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау тәртібі туралы ереже


*Келісілді: Кафедра меңгерушісі



бет2/8
Дата10.09.2023
өлшемі238.5 Kb.
#477050
1   2   3   4   5   6   7   8
дістемелік н с ау курсты ж мыс 2021 (1)

*Келісілді:


Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., профессор м.а. Муталиева Л.М._


Факультеттің ОӘК төрағасы э.ғ.к., доцент Бержанова А.М.



  1. Курстық жұмыстың жалпы ережелері

Курстық жұмыс (жоба) пәннің қорытынды кезеңі ретінде ғылыми-теориялық бөлігін қамтитын, практикалық жағдайда алған білімдерін қолдана алатын, білім алушының өз бетінше орындайтын жұмысы.


Курстық жұмыстың мақсаты теориялық білімін мамандығы бойынша кеңейту және бекіту, жүйелендіру арқылы практикалық дағдыларын қолдану және оларды шешу кезінде нақты ғылыми, техникалық, экологиялық, ақпараттық және өндірістік міндеттерде шешу. Студент зерттейтін жұмыс, оқытушылардың басшылығымен орындалатын курстық жұмысы нормативтік және ақпараттық дереккөздерін, әдістемелік әдебиетті, монографияларды, мерзімді басылымдардың мақалаларын зерттеуді ескереді.
Курстық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері:

  • Теория мен практикада жұмыс тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын негіздеу;

  • Қарастырылып жатқан тақырыптың және мәселенің ахуалын ғылым мен қазіргі заманғы тұжырымдама тұрғысынан теориялық зерттеу;

  • Жүргізілген зерттеу нәтижесінде алынған материалдарды жинақтау және ғылыми мен әдістемелік дереккөздерге өз бетінше жүргізілген талдау негізінде тұжырымдар мен ұынымдарды қалыптастыру;

  • Арнайы әдебиеттермен өз бетінше ізденіп, жұмыс жасау, дереккөздерден сілтеме мен цитаталар алу, өз ойын, идеяларын, сауатты жүйеленген және логикалық тұрғыдан түсінікті жеткізу, кесте, график, диаграммаларды жасау дағдыларын қалыптастыру.



2. Тақырыпты таңдау, жұмысты дайындау және қорғау


Курстық жұмыс студенттердің дербес жұмыстарының маңызды формаларының бірі, курстың логикалық аяқталуы болып табылады.
Студенттер курстық жұмысты орындай отырып, күрделі теориялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ойларын логикалық тұрғыдан нақты білдіріп, жалпы теориялық ережелерді қазіргі таңдағы шынайылықпен байланыстыруға, оны өзінің болашақ мамандығының ерекшелігімен байланыстыруға үйренеді.
Курстық жұмысты жазу барысында студенттер қажетті экономикалық әдебиетті дербес іріктеу, нақты статистикалық материалды іріктеу ептілігіне ие болып, экономикалық және басқару құбылыстарын талдау мен жалпылауға үйренеді.
Курстық жұмыс тақырыптары пән саласындағы өзекті мәселелерге қатысты беріледі.

  • Курстық жұмыс жетекшісі білім алушыларға кеңес беруі тиіс және курстық жұмысты орындау барысында тапсырма береді;

  • білім алушыға курстық жұмысты орындау үрдісінде көмек көрсетеді;

  • курстық жұмыс тақырыптарына сәйкес әдебиет ұсынады;

  • курстық жұмыстың көлемін бекітеді және жұмысты орындау үрдісін бақылайды.

Курстық жұмысты қорғау мерзімі – 2 семестрдің 13, 14 аптасы.
Курстық жұмыс қорғау мерзіміне дейін екі күн бұрын кафедраға тапсырылады.
Курстық жұмыс жетекшісі білім алушымен орындаған жұмысты қорғауға ұсыну тиіс. Қорғауға ұсынылмаған жұмыс қорғауға жіберілмейді. Курстық жұмысты қорғауға жібергенге дейін курстық жұмыстың тапсырмасын орындауы қажет, ол кафедра меңгерушісімен бекітіледі (қосымша А).
Курстық жұмыс құрамына кафедра оқытушылары кірген комиссия алдында қорғалады. Комиссия құрамы кафедра меңгерушісімен бекітіледі.
Білім алушыға курстық жұмысты қорғау үшін 5 минут уақыт беріледі және комиссиямен қойылған сұрақтарға жауап беру үшін қосымша уақыт беріледі.
Курстық жұмысты қорғау барысында бағалауға келесілер жатады:
- зерттеу саласын білу;
- зерттеу жүргізудің заманауи әдістерін білу және тәжірибеде қолдану;
- қойылған міндеттерді шешу тереңділігі;
- курстық жұмыстың мәнің қысқаша түсіндіру қабілеттілігі және қойылған сұрақтарға толық жауап беру;
- курстық жұмыстың рәсімделуі;
- зерттеу тақырыбы саласындағы ұсыныстарды дәлелдей білу.
Қорытынды баға комиссиямен қойылады және бекітілген мерзімде тапсырылмаған курстық жұмыс қорғауға жіберілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет