Қазақ баласын ағаш бесікке салып тәрбиелейді. Бесік тәрбиесінің маңызы туралы М.Жұмабаев, Х.Арғынбаев, М.Ғабдуллин,С.Қалиев т.б. өз еңбектерінде арнайы мән берген.
Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Екі басын қайың ағаштан да шауып жасауы мүмкін. Астына тақтай салып, дәрет жүретін жерді тесіп ойып қояды. Оған киізден түбек жасап кигізеді. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып қояды, басына кішкене жастық салады. Баланың бесікте кіші дәретке отыруына қолайлы етіп қойдың асық жілігінен тесіп шүмек, үлкен дәретке арнап киізден түбек жасайды. Оған орта беліне дейін күл салады.
Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Әр жабылған нәрсенің өзіндік мәні бар. Мәселен, ең бірінші етіп бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдар жабылады. Тон, шапан жабу – ержеткенде бала халыкқа қадірлі болсын деген тілек; жүген –ержеткенде бала халыкты қорғайтын азамат болсын; жүген жабу – ат ұстайтын азамат болуын тілеу; кебенек, қамшы жабу – ел қорғайтын батыр болсын деген тілек.
Бесікке салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіріледі. Ал бесікке салған бәйбішеге таза матадан көйлек кигізеді.
Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлылығы: біріншіден, көшіп-қонғанда түйеге артып жүруге қолайлы, екіншіден, баланы емізгенге өте ыңғайлы. Баланы жөргектен шешіп жатпай-ақ ана бесікке асылып отырып та емізе береді. Тіпті анасы емізе отырып, мызғып та алады. Үшіншіден, бесік баланың денесінің тазалығына, ұйықтауына қолайлы. Баланың нәжісі (зәрі) денеге жайылмай шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды. Ал, бала денесінің өсуі үшін ұйқы аса қажет. Бала 40 күнге дейін 22-23 сағат, алты айға дейін 20-21 сағат, ал 1 жасқа дейін 18-20 сағат ұйыктайды. Ұйқысы тыныш болғаннан денесі тез өсіп жетіледі.
Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі ауыл-аймақгы жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды. Бесікті көбінесе баланың нағашы жұрты алдын ала арнайы жасатып, бесік тойына алып келіп тарататын болған. Ондағы мақсат жиен-жекжат өсе берсін, үрім-бұтағым, өрісім көп болсын деген ой-пікір көзделген. Баланы бесікке салуды да үрім-бұтағы өскен, беделді қариялардың біріне тапсырған.
Ол әйел бесіктің жасау-жабдықтарын үйінен жасап әкеп, ағаш бесікке саларда нәрестеден жын-шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесікті отпен аластайды (отпен аластау біріншеден – діни ұғымға байланысты туған болса, екіншіден – микробтарды өлтіру, үшіншіден – иіс-қоңысты кетіру), яғни гигиеналық тазалық көзделген .
Бесікке салушы бесіктің барлық жабдыктарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, ірімшік, бауырсақ, қант- кәмпит, күміс ақшаны уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіреді. Балалы болғысы келген жас әйелдер де ырым етіп шашудан дәм татып, қалталарына салып алады. Шашу үлестіріліп болған соң бесікті отпен аластайды. Бесіктің арқалығына бірнеше жерден темірмен қарып белгі салады. Бәйбішелер қырандай көреген болсын деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын байлайды, жын-шайтаннан, көзден сақтасын деп тұмар жаздырып немесе үкінің қауырысынын бесіктің басына тағады. Сұлу болсын деп басына айна, тарақ жастайды. Бесікті аластау кезінде:
Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәледен кеш ! Алас, алас, пәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас, Тілі жаманның тілінен алас, Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас, – деп, пәле-жала, жын-шайтан, тіл-көзден сақтасын деген тілек айтылады.
Баланың туылғанына қырық күн толысымен, оның кырқынан шығару ырымын жасайды. Бір еркек қарын шашын алады, ал тұқымы өскен үбірлі-шүбірлі қария бәйбіше 40 қасық суды үстіне құйып тұрып: «30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын» деген тілек айтады. Бала шомылдырған легеннің түбіне 40 құмалақ тас, сақина, жүзік сиякты заттар салынады. Сақиналарды бала шомылдыруға көмектескен әйелдер өзара бөліседі. Қарт бәйбішеге көйлектік мата, шашын алған еркекке тақия т.б. сыйлық беріледі. Қарын шашты шүберекке түйіп, баланың киімінің иығына қадап қояды. Бесікке қайта бөлеп жатып та:
Алас, алас, аласы,
|
Тулаған тайдан,
|
Келді міне баласы,
|
Куалаған ботадан қорықпа!
|
Кеш, кеш пәлесі,
|
Маң төбеттей ұйқылы бол.
|
Келді міне егесі.
|
Түлкінің баласындай күлкілі бол
|
Аталарың, ағаларың шақырса,
|
Алас, алас, аласы,
|
одан қорықпа.
|
Келді міне, баласы.
|
Ойнақтаған лақтан қорықпа
|
Ұйықтап демалсын.
|
Былдыраған бұлақтан қорықпа.
|
Қуанып оянсын! –
|
деп тілек айтылады.
Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл-қалжың, ұлт ойындарын ойнап көңіл көтереді. Жас нәрестеге бәйбішелер бата беріп, немелеріне сарқыт алып қайтады.
Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарып, анасы қойнына алып жатады. Бала бұл шамаға келгенде бесікті тазалап, үйдің ең сенімді жеріне сақтап қояды. Ол келешек ұрпақ тезірек дүниеге келсін, «бесік тілеу – тілеуші енді оған келер бала жатсын» деген ырым. Бесікті қазактың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Қазактың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардактаудан шыққан.
Балаға деген ана махаббаты «бесік жырлары» арқылы берілген. Ана бөбегін бесікке бөлерде ең алдымен бесік жырын айтады. Онда ана өзінің баласына деген сүйіспеншілігін:
Мойындағы тұмарым, Мойнымдағы маржаным,
Тарқамайтын құмарым, Қорадағы мал-жаным,
Тағдыр берген алсын деп, Бесігіңе жата ғой, –
Ақ бесікке салсын деп. Тәтті ұйқыға бата ғой, –
деп білдіре келеді де:
Балам жатсын бесікте Пәлесі қалсын есікте, –
деп пәле-жаланы өлеңмен аластамақ болады. Баланы бесікке бөлеп, шайқала әндетіп тербете отырып, бөбегіне деген ыстық сезімін одан әрі жалғастырып:
Көзімнің ағы, қарасы –
|
Маңдайдағы құндызым,
|
|
Жүрегімнің панасы. Уайым, қайғы ойлатпас
|
|
Аспандағы жұлдызым. Әлди, әлди, балам-ай,
|
Көңілімнің санасы.
|
|
Айналсын сенен анаң-ай!
|
Айналайын, шырағым, Көлге біткен құрағым,
|
|
Әлдилеп сені сүйгенде Анаңның көңілі болар жәй, –
|
деп, өзінің баласына деген махаббатын әлемдегі алуан түрлі теңеулерге теңеу арқылыбілдіреді.
Бұндай жырларды әуел баста жеке ақындар шығарған. Кейін шығарушы авторы сақталмай, бүкіл ана атаулы жаттап алып айтатын өзінің баласына деген махаббат әнұраны болып кеткен. Бұл жерде көзделер мақсат біріншіден, бесік жырын анасы әндете отырып, өзінің нәрестесін әсем ән ырғағымен тәтті ұйқыға бөлеу болса, екіншіден, ананың баласына берер тілек батасы, сәбидің болашағынан күтер үміт- сәулесі сөз болады.
Құрығыңды майырып, Ақырып жауға тиісіп,
Түнде жылқы қайырып, Батыр болар ма екенсің?!
Жаудан жылқы айырып, Бармақтарың майысып,
Жігіт болар ма екенсің?! Түрлі ою ойысып,
Айыр қалпақ киісіп, Ұста болар ма екенсің?! –
дейді.
Осы бір ауыз өлең жолынан халықтың бала тәрбиелеудегі ой-арманы айқын көрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, кәсіп ет, ел жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл-кеңес, тілек етіп білдірген. Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ежелгі ел дәстүрінің озық түрі болған.
Баланы бесіктен шешіп аларда анасы өлең-жырмен әндете отырып:
Анасы шешіп алсын, Балам бесіктен шықсын,
Ұйқысы бесікте қалсын. Пәлесі есіктен шықсын, –
деп, үнемі өлең-жырмен әлдилеп, жауыздық атаулыдан сәбиін аман сақтау ой-арманын білдіреді.
Академик Мәлік Ғабдуллин қазақ халқының бесік жырларының тәрбиелік маңызы мен мәні туралы былай деген: «Бесік жырларынан» халықтың бала тәрбиесі жайындағы арман-тілегі, көзқарасы, мақсат-мүддесі айқын көрінетінін байқаймыз. Онда баланы жас кезінен еңбекқор, еңбек сүйгіш етіп тәрбиелеу, оны адал кәсіпке, халыққа қызмет етуге даярлау ата-ананың ең басты борышы делінеді. Мұның өзі қазақ халқының бала тәрбиесін баланың есейген кезінен емес, тіпті оның бесікте жатқан кезінен қолға алғанын, баланы еңбекке баулу ісін ерте бастағанын аңғартады».
Достарыңызбен бөлісу: |