Л. Н. Ибраимова этнопедагогика (ОҚУ ҚҰралы) Тараз 2009



бет13/15
Дата11.03.2022
өлшемі250.55 Kb.
#456168
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ibraimova-etnopedagogika

Қорытынды


Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, ұлттық сана, ұлттық сенім және ұлттық психология, тәлімдік дәстүрлерді бойына сіңіре өскен ақылды болашақ ел азаматы – жас ұрпақты тәрбиелеу, педагогика ғылымының басты міндеттерінің бірі.


Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру – қоғам болашағының негізі.
Жас ұрпақ тәрбиесі ерте заманның өзінде, ел зиялыларын ойландырады және тәрбие беру мәселесіне арнап көптеген құнды материалдарды кейінгі ұрпаққа өсиет етіп қалдырды. Ұлттық тәрбиенің түп қазығы халық педагогикасында жатыр. Бүгінгі таңда әсемдікпен қаруланған, рухани танымы мол, ұлттық сана-сезімі оянған Қазақстан азаматын тәрбиелеу, оның өнерге, халықтық мұраға, еңбекке, имандылыққа, табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттыру тәрбие жүйесінің сан алуан қырларын қамтитын күрделі процесінің жүйелі жолдарын, әдістерін ұлттық тәрбиесінде рухани жәдігерлік ұсынып оны жүзеге асыру мәселесі актуальді проблема болып
мейлінше кең ауқымды өріс алды. Сондықтан да жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруді жаңа сапалық деңгейге көтеру, олардың парыз бен қарызға беріктігін, әсемдік талғамын, адамгершілік пиғылын, іскерлік пен қабілетін дамыту арқылы парасатты өмір сүруге құштарлығын арттыру барысында атқарылатын жүйелі түрдегі ізденіс жолдары қазақ этнопедагогикасының тәрбие түрлері арқылы көрініс табады.
Ұлттық тәрбиені халқымыз ана құрсағынан бастап, адамды бүкіл өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет - ғұрыптар мен салт- дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырған. Осыдан келіп қазақ этнопедагогикасында тәрбиенің мынадай түрлері жүргізілген: қазақ этнопедагогикасындағы құрсақ тәрбиесі, қазақ этнопедагогикасындағы бесік тәрбиесі, қазақ этнопедагогикасындағы дене және гигиеналық тәрбие, қазақ этнопедагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі, қазақ этнопедагогикасындағы еңбек және кәсіби тәрбие, қазақ этнопедагогикасындағы имандылық-адамгершілік тәрбиесі, қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбие, қазақ этнопедагогикасындағы табиғат қорғау тәрбиесі, қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие.
Құралда қазақ этнопедагогикасының тәрбие түрлеріне жеке-жеке тоқталып, тәрбиенің тәлімдік, танымдық мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы
айқындалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет