Л. Н. Ибраимова этнопедагогика (ОҚУ ҚҰралы) Тараз 2009


ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ



бет11/15
Дата11.03.2022
өлшемі250.55 Kb.
#456168
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ibraimova-etnopedagogika

11. ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ


Қазақ халқының ұлы ағартушысы Шоқан Уәлиханов «От ең, жоғары қасиетті нәрсе. Төтенше жағдайларда қазақтар мойнына белбеу салып, отқа сақина тастайды, майды отқа тастайды», - деп Отанын, үйін айтуы оттың қасиеттілігін көрсетеді. От – тіршіліктің көзі, адам қанының жылуы, үй ішінің құты. Соған орай қазақ өз өмірінің құт-берекесіне айналған тұтқасын – үй ішін тұтастай Отбасы деп атайды. Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, үй ішінде от жағылатын ошақтың төңірегі, оттың маңайына таратқан балқытар жылуы. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршіліктің тұтқасы санап аялайды, соның шырқы бұзылмауы үшін шара қолдануы – әр отбасы мүшесінің адамдық борышы.


Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Ӛйткені адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан кіреді, отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді, күллі парасат, пайым отбасынан өрбиді деп ұғады. Сондықтан қазақ салтында Отбасының тәлім-тәрбиесі ерекше дәстүр. Сол отбасының ұйытқысы – әке мен ана. Әке – Отбасының иесі, қорғаны, қамқоры, ал Ана – отты өшірмей, маздатып жағушы, жылылық иесі. Осы екі киеден қуат алған ұрпақ әрқашан еліне жақсылық сәулесін себетін айбынды азаматқа айналады. Ата-ананың мұраты – өрендерінің жүрегіне ізгіліктің, салауаттың таза, мөлдір, тұнық қалпымен дамуы.
Отбасы – үйелмендер ынтымағы мен берекесінің ұйыған орны, үлгі алар мекені. Сондықтан «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» деп пайымдайтын қазақ өмірлік ереженің жібін сабақтап, әрі қарай жалғастырып әкетуді - ұрпақтың борышы деп санаған. Ізгі мұрат
– әкеге қарап ұлдың, шешеге қарап қыздың өсуімен ұштасып жатады. Сондықтан ең алдымен әке мен шешенің өздері ұрпақтарына өнеге болып саналады. Саналылық та, даналылық та, иманжүзділік те, адамгершілік те бала бойына Отбасының тәлімі арқылы дариды да, өзгермес қасиетке айналады. Сондай игі мақсатпен әр Отбасының мүшесі өз ұрпағының болашағы үшін қам жасайды, жеткіншектеріне жол нұсқайды, адамдық парасатты, пәк адалдықты үйретеді. Бұл қазақи өмір салтының заңы. Қазақ ұрпағын сақтаған осы жол, қазақ баласы осы қағидамен тәрбие көрсе, бақытқа кенелері хақ.
«Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі» дей келіп, профессор К. Оразбекова «Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, балалары, атасы, әжесі т.б.) бірлесіп, әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар» деп, отбасына анықтама берген. Профессор Ә. Табылдиев «Отбасы – үйелмендердің жанұялық бірлігі», профессор Қ. Жарықбаев
«Отбасы – семья, жанұя, үйелмен сөздерінің синонимі», ал әлеуметтанушылар «Отбасы – неке немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, мүшелері қоғамдық тұрмыста, өзара моралдық жауапкершілікте, өзара көмекте бір-бірімен байланысы: күйеуі мен әйелінің арасындағы, ата-анасы мен балалардың арасындағы қарым-қатынас» деп түсіндіреді.
Қазаққа отбасы – тек ошақ қасы ғана емес, ол ең алдымен Отанның ошағы. Отан, отбасы деген сөздердің түбірі – от деген киелі ұғымнан бастау алған. Яғни от пен ошақ және Отан бір-бірімен ажырағысыз ұғымдар. От бар жерде өмір бар. Ӛмір болған соң отбасы құрылады. Мың, миллиондаған отбасы Отан деген ұғымды құрайды. Отаның болу үшін – жерің, үйің, елің, мемлекетің, дінің, тілің болуы шарт. Сонымен мемлекет отбасынан құрылса, отбасы туыс адамдардан құрылады.
Қазір дүние жүзі отбасы құндылықтарына қайта мән бере бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық отбасы күнін белгіледі.
Отбасы – Отанның ошағы. Отбасында тәрбие ұлттық сипатта жүрсе, кезкелген отбасының берекесі кіреді, отбасы мүшелері бақытты өмір сүреді. Сондықтан Отбасын сақтау, қорғау, қастерлеу әр отбасы мүшесінің қасиетті борышы болу керек.
Отбасы – адам баласының дүниеге келгенінде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына отбасына аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды.
Отбасы мүшелерінің адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті силауға тұратындай, жасөспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы абзал. Сондай- ақ отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы үйдегі адамдардың жас шамасы әртүрлі болса да, бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығында деп айтуға болады.
Қазақ ата дәстүрінің бірі – дүниеге келген балаға бүкіл ауыл, тума-туыстар болып көңіл бөлу. Азан шақырып, атын қойғаннан бастап, ержетіп отау тіккенге дейін, ауылда бала өмірінің әрбір белесі мен асқан асуы туыстар тарапынан атаусыз, ескерусіз қалған емес. Бала өміріне байланысты отбасында болатын қуаныштардың барлығына қадірменді ақсақалдары мен игі жақсылары балаға деген жақсы тілегін айтып, ақ батасын беріп, үй иелерінің қуанышын бөліскен. Сонымен қатар бала тәрбиесі бұрынғы қазақ ауылында бір ғана үй
адамдарының тілек-талабы мен мүдделерінің деңгейінен асып-түсіп, қоғамдық, әлеуметтік сипатқа ие болып отырған. Қазақ отбасы тәрбиесінің осы жақсы үрдісін бұл күнде қайта жандаңдыруымыз қажеттігі қазір әлеуметтік-педагогикалық проблема.
Отбасында өз ұрпағының тәрбиесі – ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет қойып отыр. Бала тәрбиесіндегі әйел- ананың орны ерекше. Ӛйткені ана тілі, ұлттық ерекшелік, адамға жақсылық атаулы ана сүтімен сіңеді. Сондықтан әйел болмысының өзгеруінің әлеуметтік себептерінің алдын алып, оны әуел бастағы табиғат алдындағы ұлы міндеті – бесігінен ажырамауына қамқорлық жасау. Баланы кішкене кезінен анасының сүтін өтеуге баулу, бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру, оған қамқорлық жасау қажет. Сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырудың да маңызы ерекше. Ӛйткені отағасы – шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, қамқоршысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру қажет.
Біздіңше, отбасы дегеніміз – үйелменде атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен інісі, сіңлісі мен әкпесі туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар жиынтығы. Отбасы – ұлттық және рухани дәстүрлер мен құндылықтарды үйрететін, бала бойына сіңіретін орын. Сондықтан отбасы – тәрбие бесігі. Отанға, елге деген борышымыз алғаш осы отбасынан басталады. Отбасында үлкендердің іс-әрекеттерін көріп өскен бала – соны қайталайды, әдетіне айналдырады. Осылайша баланың адамгершілігі мен тұлғасы қалыптасады. Сол себептен отбасы мүшелерінің бір-бірлерінің алдындағы адамгершілік міндеттерін, жауапкершіліктерін орындауларының маңызы өте зор. Отбасының бақыты мен ұлттың болашағы осыған көп байланысты.
К.Оразбекованың «Отбасы тәрбиесі – ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық тәрбиемен ұштас» деген анықтамасымен келісе отырып, біз «Қазақ отбасылық тәрбиесі – нақты бір үйелменде ата-аналар мен туыстардың ұлттық рухани дәстүрлер мен құндылықтар арқылы балаларға беретін ұлттық тәрбие жүйесі» деп санаймыз.
Қазақ баланы өте жақсы көретін халық, сондықтан да баланы отбасының бақыты деп санап, қолдан келгенше әр отбасы оны жақсы тәрбиелеуге тырысқан. Сөйтіп бала тәрбиелеуде әр отбасы тәрбие бесігі болды. Халықтың өмір жолында қалыптасқан өте үлкен тәрбиелік мәні бар әдет-ғұрыптардан туындаған салт-дәстүрлер тәрбие құралы болды. Заман кезеңдеріне сай әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің озығы мен тозығы іріктеліп саралануының арқасында өмірге бірге қайнасқан салт-дәстүрлер қаншама құбылмалы заман өзгеріп жатса да, өз маңызын жоғалтпай тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы болып келе жатқаны өмір шындығы. Бірақ та айта кету керек сол бала тәрбиелеуде ұлттық мұра арқылы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік мәні бар пәрменді құралдан айрыла бастаған кезіміз де болды.
Кеңес дәуірінде балаға тәлім-тәрбие беру жұмысында отбасының жауапкершілігі азды-көпті төмендеп, ол жұмыстар негізінен мектепке дейінгі балабақшаға, мектепке, мектептен тыс пионерлер үйіне, өлкетану, жас техниктер станцияларына, үй басқармаларының жанындағы клубтарға жүктелген болатын. Сондықтан да, ата-аналар өз жауапкершіліктерін сол ұйымдарға аударып, тәлім-тәрбие жұмыстарына әсіресе ұлттық тұрғыдағы тәрбиеге айтарлықтай көңіл бөлмеді. Ал қазіргі кезде отбасында жүйелі тәрбие беру, не тәрбие жайлы жақсы әңгіме айту азайды. Барлық әңгіменің төркіні - қалай болса да күн көру, өмір сүрудің төңірегінде. Мектеп, ұжым, бұрынғы қоғамдық ұйымдар өз мәніндегі тәрбие жұмыстарынан алыстай бастады.
Ал ата-баба жолына қарасақ, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық тағлыматқа көңіл аударсақ және Кеңес дәуірінде қалыптасқан тәлім-тәрбие жүйесін, оның әдістемелеріне талдау жасасақ тәлім-тәрбие жұмысында мынандай кемшіліктер кеткен сияқты: балаларды тәрбиелеуде ұлттық ерекшеліктер, халықтың салт-дәстүрі еске алынбады, сөйтіп барлық балаларға ұлттық психологиясы ескерілмей, қатал жүйеде қалыптасқан тәрбие жұмыстары жүргізілді.
Оқу құралдарында, оқу бағдарламаларында қазақ халқының ұлттық тәрбие құралдары: әңгімелері, ертегілері, фольклорлық, эпостық, лирикалық шығармалар, өнер, әдебиет, мәдени шығармалар және белгілі тарихи тұлғалар жайлы хабарлар жоқтың қасында болды. Қазақстан тарихы мектептерде толық мәнінде оқытылмады, тарихи шындықтар бұрмаланды. Сөйтіп балалар елінің тарихын өз тұрғысында білмеді, ұлттық салт-дәстүрден, елін, жерін сүюге бағышталған тәлім-тәрбиеден аулақ болды. Ана тілінің рөлі төмендеді, ол тек қана тұрмыстық, отбасының тілі болды, балалар толық мәнінде өз тілін білмеді, сөйтіп психологиясы өзгеріп дүбәра адамға айналды. Міне, осы сияқты кемшіліктер бала тәрбиелеу жұмысына өзінің теріс әсерлерін тигізді.
Осы және басқа да кемшіліктердің болғанын еске ала отырып, қазіргі жағдайда отбасында балаларға тәлім-тәрбие беруде төмендегідей тәрбие жұмыстарына ерекше көңіл бөлген дұрыс сияқты.
Отбасылық тәрбиенің маңызы туралы IХ ғасырда өмір сүрген ұлы данышпан бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы, ол оның барлық өміріне апат әкеледі» дейді. Сондай-ақ, қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы бір сөзінде: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бара жатқанынан корқамын, екіншіден, немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын, үшіншіден, дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын.
Ӛйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспеген баланың көкірек көзі көр бола ма деп қорқамын. Ал, көрдің қолына балта берсең, шаба салады, найза берсең, сұға салады, намыстанбай бұға салады.
Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықтан жазылмасаң, халық болудан қаламыз ба деп қорқам» деп, ұрпақ болашағына алаңдайтынын білдіреді.
Ал ұлттық тәрбие дегеніміз не? Ол – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, ұлттық дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай ұлттық мінез-құлқын қалыптастыру.
Сонымен, ата-аналардың басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы зор, еңбекқор, ісқер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Бүгінде жаһандау процесі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу – үлкен міндет екені даусыз, ұрпақ тәрбиесінде халықтық тәрбиенің бастауы – ұлтжандылыққа, елдікке, Отан сүйгіштікке баулудағы уыз тәрбие – қазақи, халықтық этнопедагогика екенін тәуелсіз елдің өткені де бүгіні де дәлелдеп отыр.
Отбасындағы ата-ананың тәрбиелік тұлғасы – өтірік айтпау, алдамау, бейбастық әдет-мінез көрсетпеу, сөзімен, ісімен жақсы ықпал жасау, ұяжандылыққа, ұлтжандылыкқа, имандылыққа, үлкенді сыйлауға т.б. жақсы қасиеттердің жиынтығын көрсеткен жөн. Тәрбиенің бұл түрі ана-ананың балаға тәрбие берудегі әліппесі болу керек. Бала дүниеге келгеннен бастап, оның өміріндегі әр кезеңдерді тәрбиелік мәнінде атап өту. Баланың шілдеханасын, атын қою, сөйлегенін, жүргенін (тұсау кесу), сүндетке отыруын, мектепке баруын т.б. осы сияқты бала өміріндегі ерекше кезеңдерді ұлттық тұрғыда баланың өмір бойы есінде қалатындай етіп отбасында өткізу. Қазіргі кезде осы сияқты жұмыстар жүргізіле бастаған сияқты, бірақ та оларға от басында терең мағына берілмей, олардың кейбіреулері спектакль есебінде жасанды түрде тек мектептерде ғана жүргізіліп, яғни бала мерекесі емес, негізінен үлкендердің бас қосуына айналды.
Отбасында баланы еңбекке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінген жөн. Ал еңбек сабағы үй шаруасының жұмыстарынан басталу керек. Мүмкіндігінше әр баланың жынысына, жасына қарай үй шаруасының жұмысына көңіл бөлу, яғни баланы халқымыздың дәстүрлі шаруашылықтары – мал бағуға үйрету, егін салуға, жеміс-жидек өсіруге, әсіресе қолданбалы бейнелеу өнеріне кеңінен баулу қажет.
Нарықтық экономиканың жағдайына сай балаларды үнемділікке, ысырапсыздыққа тәрбиелей отырып, қайырымдылықты, жанашырлықты, бауырластықты жақсы қасиет ретінде баланың бойына сіңіру керек. Нарықты экономиканың сыры мен сиқырлығын ата- ананың алдымен өздері игеруі керек, сонда ғана балаларды нарықтық экономикаға дұрыс тұрғыда бейімдеуге болады.
Баланы тегін білуге тәрбиелеу өте маңызды мәселе. Ол рушылдық емес, жеті атасын біліп, туған-туысқан арасындағы қарым- қатынастың мәнін үйрету және генофондыны (тұқымды) сақтау екенін айтқан жөн. Бұл тәрбиені беруде ата-ана алдымен өздері толық тұрғыда осы туыстық қарым-қатынастың ата жолын, мәнін толық білуі керек, сонда ғана олар балаларға дұрыс түсіндіре алады. Ал кейбір ата-аналардың өздері бұл жағдайды дұрыс білмейді.
Әр отбасы балалар бақшасымен, мектеппен, мектептен тыс тәрбие орындарымен тығыз байланыс жасау керек. Ол үшін тәрбиеші мен мұғалім ата-анаға баланы тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолдануда әдістемелік көмек беру керек.
Бала тәрбиелеуде жіберген кемшіліктері үшін ата-ана сол ауылдың азаматтары, мектеп ұжымы, ата-аналар комитеті, ақсақалдар кеңесі, не ауыл әкімі алдында жауап беруі керек сияқты. Бұл жауаптың түрлерін нақты жағдайларға байланысты шешкен (қолдану) жөн.
Қорыта айтқанда, отбасы – тәрбие бесігі болу керек, яғни жақсы тәрбие ананың ақ сүтімен, әкенің асыл сөздері мен өнегелі істерімен берілуге тиіс. Еліміздің Ата Заңының 27-ші бабында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті» - деп ерекше көрсетілген .
Егеменді ел болып, есімізді жинап, жоғалтқанымызды тауып, ұмытқанымызды шүкіршілікпен еске алып, елдігімізге орала бастадық. Ата-бабаларымыз талай заманды бастан кешіріп, көрген-білгендерін саралап, жақсы мен жаманды пайымдап, өмір сабақтарынан кемеңгерлікке ойлар тоқып, ақыл-өсиет, мақал-мәтел, өрнектелген тәлім-тәрбиелік сөздерді кейінгі ұрпақтарға әспеттеп жалықпай жинаумен қатар өздері де сол пайымда өмір сүрді. Осы асыл қазыналардың қайнар бұлағының кәусар суынан сусындаған адам ұрпақтары ғасырдан-ғасырға жалғасып өсіп келеді. Міне, осы асыл қазыналардың арқасында ұлттық қалпымыз құралып, ата-салтымыз, әдет-ғұрпымыз қалыптасып, ұлттық тұлғамыз сомдалды. Осы өмір сабақтарының негізінде қалыптасқан бала тәрбиелеудің халықтық тағылыматы (педагогикасы) дүниеге келді. Осы тағылыматтың томдаған оқулық кітаптары жоқ. Оның оқулығы мен көрнекі құралдары отбасының өмірі, ата-ананың тәрбиесі, өмір сүрген ортаның пайымды әсері болды. Балаға ата-ананың жүріс-тұрысы, өмір тіршілігі, туған-туыстары, жора- жолдастарымен қарым-қатынастары көрнекі құрал болса, айтқан тәлім-тәрбиелік өсиетті сөздері, үйреткен өнегесі тәрбие оқулығының әліппесі болады. Амал қанша осы асыл қазына бір кезде ескінің қалдығы деп есептелініп өмірден аластатылды.
Енді, міне, осы халықтық тағылымат қайта оралып өмірге еніп, егеменді елдің келешек азаматтарын ұлттық рухта тәрбиелеуде қолданыла бастады. Мақсатымыз өте биік, талпынуымыз орынды, бастауымыз құба-құп. Бірақ та осы тағылыматты пайдалануда өте бір негізгі буын отбасының ерекше орын алатынын онша ескермей, барлық жұмысты тек мектепке аударып, әр пәннің бағдарламасында халықтық тағылыматтың элементтерін пайдаланып, сабақ өткізіп, әдет-ғұрыптың орындалуының кейбір түрлерін спектакль есебінде жасанды түрде көрсетіп, негізінен ісіміз бен сөзіміздің ара-алшақтығы қашықтап барады. Мұның себебі көптеген ұстаздардың өздері қазыналы ана тілді, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты шынайы мәнінде білмей, жаттанды түрде оқып алған материалдардың мәніне өздері түбегейлі түсінбей, айтып тұрған әңгімесінің, не қөрсетіп тұрған заттарының қандай мағыналы екеніне, қай дәуірде пайда болып енгеніне мән бермейді, олардың тәрбиелік әсерін ашып көрсете алмайды.
Сонымен, халықтық педагогиканы отбасында әрбір ата-ана баланы тәрбиелеуде кеңінен пайдаланып отырса, оған қазіргі әжелер мен аталар шамалары келгенше ықпал етсе балалар отбасында ұлттық рухта тәрбиеленер еді.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуін «Ұл туғанға, Күн туған» деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептеледі.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Оны мал бағуға, шөп және отын шабуға, аң аулауға, мылтық атуға, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне үйренуге, мал тауып, отбасын асырауға әкелері үйреткен.
Әсіресе ұл баланы елін, жерін, халқын қорғауға ерекше тәрбиелеген. Ол үшін ұл бала тәрбиесінде жас кезінен ауыз әдебиеті шығармаларын, оның ішінде батырлар жырын кеңінен пайдаланған. Ол туралы М. Ғабдуллиннің «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» атты еңбегінде нақты мысалдар берілген.
Қазақ халқы ұлдың жақсы-жаман болуына көбінесе өскен отбасы жауапты деп түсінген. Ұлды тәрбиелейтін – ең алдымен әке мен шеше. Онан соң аға мен жеңге, ата мен әже.
Қазақ ұлды – ашамайға мінгізісімен мал түлігі дейді. Бұл – алғашқы мүшелдің ар жағындағы кез. Қазақтың бұл шақтағы баса назар аударатыны баланы ең алдымен еңбекке баулу. Ертеде жетіге жетісімен қазіргідей мектепке жетектеп жөнелетін мүмкіндік жоқ. Төрт түлікке сүйеніп, күн көретін көшпелілерге ондағы бастауыш мектеп – қозы баққызу. Мұнан қолайлы кәсіпті бармақтай балаға ол кездегі ауыл тауып бере алмайды. Күндіз ойын атаулының бірде-бірін қозыдан босай алмайтын бала өз-өзінен еңбекке қалыптасып, кішкене кезде кездесетін сотқарлықтың денін білмей өседі. Ерте оянып, сергек болуға бет алады.
Осы алғашқы мүшелдің ішінде қазақ ұлды үлкендерді сыйлауға әдеттендіреді. Үйге үлкендер келгенде бала атып тұрып келген кісінің алдынан шығады, қол қусырып сәлем береді, атын байлайды, есік ашып төрді нұсқайды. Кетерде аттандырады. Бұдан бұрынғы балалар, бұлтармаған. Ӛйткені, ол ұл үшін үлкенді сыйлаудың алғашқы шарты. Бұл міндетті қаршадай қазақ арғы ата-бабаларынан мирас етіп «әдеп» деп алған.
Егер келген қонақ қонып қалса, оның атын жатарда арқандау, не тұсап, не шідерлеу, таңертең алып келуге тағы да әлгі ұл міндетті.
Егер қозымен ерте кетсе, кешігіп тұрған қонақ оны жазықты демейді. Бұл – көбінесе әдептілікке жетелеудің жеңіл жолы.
Отбасы иесі үйіне игі жақсылар, тілді-жақтылар, көргенділер, көсемдер келгенде ұлдарын босағаға етегін шегелегендей отырғызып қояды. Мұнысы – жақсылардан тағылым алсын, дуалы сөздер естісін деп көргенділікке баулуының бір түрі. Тағдырын, даудамайын, ел есесін қарусыз-ақ сөзбен басқарған баяғыдағылардың балалары төрдегінің сөзін ерекше көңіл қойып тыңдайды. Қазақтың арғы-бергі шежіресін, ықыл-жықылын, көсем сөзін, жөн-жосығын, заңын, ерекшелігін естиді. Мұндайда ақылды әке құйма құлақты көп жұмысқа жұмсамайды. Себебі – ол баласын «оқытып» отыр.
Қазақта кешке жақын шал атаулысы ауылдағы бір жотаға жиылып «ұзынқұлақ» дейтінді естуге уақыт бөлу болған. Бұл – қазіргі соңғы жаңалықты есту үшін радио мен теледидардан тындайтынымызға ұқсайды. Сонда әрбір шал бір-бір ұлын (кейбірі бірнешеуін) ерте келеді. Ол кездегі шалдар шалбардың балағын қаптың ішіндей кең, киімінің етегін үзіктей үлкен киеді ғой. Балалардың көбі тап бір жасырынбақ ойнағандай не етекке, не балаққа кіріп алады. Кешке шейін қозыдан қалжырап келген баласын бұл жерге ертіп келуіндегі мақсаты – үлкендерден өнегелі сөз естісін, ел ішінде не болып жатқанынан хабардар болсын, жақсылардың аты-жөнін біліп оларға үйір болуға бейімделсін, елде кім жаман, кім жақсы екенін білсін, жақсылықпен жамандықты айырсын деген сықылды әдіс. Ол кездегі сол бір өсиетші шалдар оқымағанымен философиямыздың ішек-қарнын ақтарғанда алдарына жан салмайтын. Сол кеште қазаққа тән қасиеттер көп айтылады.
Қазақта не көп – батыр көп. Оның бәрі Қабанбай мен Бөгенбай болмағанымен жаугершілікте ел мен жерді қорғасқандар. Оларды көбейткен, әрине, ұзақ жылға созылған соғыс. Қазақтың жалпақ жаһанын қорғап қалу үшін ерлердің қазіргі біз білмейтіндері қисапсыз ғой. Соғыс сондықтан да қазаққа баласын батыр етуді талап еткен. Осы талап та – бала тәрбиелеудің бір түрі. Бұл жөнінде қазақ ұлын жастайынан садақ атуға, мерген болуға, бұрынғы батырлардан өнеге алуға үйреткен. «Отызында орда бұза алмаған, қырқында қыр аса алмайды» дегенді ұлының құлағына титтейінен құйған. Бұл – бір жағы болса, екіншісі – бұрынғылар түн бетінде қара танитындарды үйлеріне арнайы шақырып, батырлар жөніндегі дастандарды ет түскенше оқытып, ұлдарына жаттатқан. Осы арқылы ұлын ездіктен аулақ болуға өзінше оқытқан. Бертінірекке дейінгі барымтада, қыз алып қашып, жылқы қуып кетуде әр ауылға дейін батыр ұстауы осының жалғасы.
Кейбір ақылды әкелер, мүмкіндігі барлар ұлын қасына ертіп алып жылына қаншама қатым ел аралайтын. Ондағы баратын үйлері – ылғи көргенді шаңырақ, ұрпағы өнегелі орын, ақылгөйі бар ауыл, дана адамдікі... Бұлардан ет жеп қымыз ішуге бармайды. Бөлтірігін баулыған сыттандай баласына ғажайып адамдардың дуалы сөзін естірту, өнегелі өмірін көрсету, келешекте осылардай бол деген емеуірінді білдіру. Ол кездегі мұндай әкелер ұлына сыпыра жақсылықты көрсетіп-ақ қатарға қоса алған.
Бұрынғы жақсы әкелер жаудан қорықпаса да, ұлының кішкене кезінен, өте-мөте еліктегіш шағынан қорыққан, сақтанған. Бірақ бұл
– қорқуға да, сақтануға да жатпайтын. Бұл – ұл тәрбиелеудің қиындығы. Әсілінде әкенің әр қылыгы ұлына күйедей жұғады. Сондықтан әке ұлы алдында үнемі артықшылығын көрсеткен. Орынсыз сөйлемеуге, ғайбат айтпауға, әйелімен ұрыспауға, ішінде сан-сан қат ит өліп жатса да сүрпейлі кейпін ұлына көрсетпеуге, үйде ың-шың шығармауға барынша тырысқан. Ойпыл-тойпылы, ырың-жырыңы, бірде аш, бірде тоғы көп бұл пәниде естіп сыр білдірмеу – қорыққаннан да қиын шығар. Бірақ бұл – осы арқылы ұядағы ұлды дұрыс өсіру ғой.
Қазіргі кейбір әкелер бұлай істеуді қойып, ұлының көзінше сақалына түкіргенше мас болудан, әйелімен айырылысқанша жанжалдасудан жалықпайды ғой. Мұндайлардың ұлдары «үйренгенім үйімдегімнен арыға» қайтып бара алсын.
Казақта мұрагер деген ұғым бар. Бұл – тек қана мал-мүлікке ие болу емес, әкедегі талантқа, өнерге де тәлімгер болу. Осыны әу бастан байқайтын әке ұлы неге бейім болса, ұядағы ұлын соған жастайынан бейімдейді. өзіне титтейінен шәкірт ете бастайды. Бұл бейімділік өзінде болмай, басқада болса, ұлын соның баулуына жеткізеді. Қазақта бұл да – тәрбие, қамқорлық, үлгі-өнеге.
Қазақ бала таппаған әйелді, құлындамаған биені – бедеу дейді. Мұнысы – ұнатпағаны. Енді қатынды алып, баланы тапқызған соң тәрбиелеуді ойлайды. Біз мұның «он бестегі отау иесінен» сөз етсек. Ол әкенің онан үлкен де, кіші де ұлы бар ғой. Сонда әке бұның ішіндегі ұядағысын тәрбиелеу үшін алдымен онан үлкенін қолға алады. Оны жөндесе қалғаны соған қарап өседі. Қазақтағы: «он ұлға қаратер болғанша, үлкеніне ғана ұмтыл» дегені міне осыдан шыққан. Қазақтағы киімді біріне алып, қалғанына соның ескісін кигізу де осыдан қалған.
Қазақ алғашқы мүшелді құрсақтағы бір жылды қосып он үш жас дейді. Осы он үш пен он бестің арасының сүйем болғанымен соңғының жүгі алдыңғыдан әкеге де, ұлға да өте ауыр. Әкеге ауыр болатыны – бұрынгыдай тәрбие ғана емес, енді бұған аяқтандыру дейтін қосылады. Ұлға ауыр болатыны – «Он бестегі отау иесі» дегенді естіп, балалықпен қоштасуына тура келеді. Мұның аржағында – тіпті иек астында, бір жыл өте сала, бәлкім әке бола қалатыны және қылқиып тұр. Бұрынғыдай күндіз қозы жайып, түнде ақсүйекке кетуге әке аталған соң кету қайда? Мұны тете жеңгесі күнде жарапазандатып, құлағынан маза да кетеді. Бұрынғыларды көріп, өзі де мойындайды. Бұл

  • үйдегісі болса, енді дүздегілердің: «Оразалының он бесінде «боспын» дейтін оңбағанның баласы отызында «жаспын» дейді», деп қамшылайтыны тағы бар.

Осындай өларада әлгі сүйемдей аз уақыт өте шығып, біреудің бүлдіршіндей көгершінін ата-ана үкілеп те үлгіреді. Бұрынғы қойшы бала енді күйеу бала аталады. Қалыңдық жақтан да «жеңге» дейтіндер шығады. Бұрын өзінің әке-шешесін, ауыл-аймағын ғана сыйлайтын балаға енді ата-ене, қайын жұрт алдындағы әдептілік келіп қосылады. Әке мен шешеге құданың бабын табу, қалыңмалды өткізудін үстіне ұлын тәрбиелеу және жалғасады.
Әке сары ауыз балапандай ұядағы ұлының пәк екенін, ақылақты болып өскенін құдалар жаққа көрсету үшін енді бастағы сегізге қосымша жұмыстарды қосады. Ұлын бұдан былай бала емес, мал түлігі ғана емес, азаматтықтың алғашқы адымына жеткізу үшін ұмтылады. Кәдімгі ересектерше – жігітше киіндіруге тырысады.
Бұрынғы құрдастарынан енді бөліп алуға тура келеді. Егер қайын жұрттан біреу келгенде, «ұлы күлтөбеде ойнап жүрсе, көргендер, ышқырынан асығы түспеген боқмұрын екен, әй, анау бізге күйеу болып жарытпас», – деуі мүмкін. Осыны естімеуге тырысудың өзі де – ата-ананың ұлына деген бір тәрбиесі. Қазақта қалыңдығы бар баланың үсті-басын өзгерту, үйірінен бөлу тәрбиеге жатады. Ӛйткені, әке- шешесінің естігені балаға ой түсіреді. Ӛзі де «ержеткен деген осы екен-ау» дегенге келеді, ойланады... Бұрын қиссаларды, дастандарды тыңдататынына, үлкендерді сыйлауды үйрететініне, енді қайын жұртпен қалай қарым-қатынаста болуын қосады.
Әке-шеше өстіп жүргенде әлгі тете жеңге жас қайнына махаббаттың жарапазанын бастап: «ауылына барасың ба, бармайсың ба? Бармай қайтып жүресің дардайында» деп болашақ абысыны жақты нұсқауды көбейтеді. «Келіншек алған соң, үйтесің-бүйтесің» деп өз басынан өткендерді де айтады. Бұнысы – қайткенде жақсы күйеу болудың жолын нұсқағаны. Білген ұлға бұл да – тәрбие.
Әке мен шешеден, жеңгеден көп-көп жаңалықты естіп, махаббат – дейтін ғаламның табалдырығына бет алған, оны іштей ұната бастаған баланың сезімін ерте ержеткізетін қазақ салты асыққандық емес. Екі баланы жас кезінен бір-біріне бауыр басқызып қимастыққа, қосақтарымен қоса ағаруға ауытқусыз апару. Қалыңдығының етегін табиғатта жел, адамда өзі ғана алғаш ашқан еркектің ол әйелді, өз үйінен басқа үйдің итін үргізіп көрмеген еркекті әйелдің аса қадірлейтінін, сенетінін қазақ баяғыда бағалаған. Тез аяқтандыру – сондықтан да қазаққа тән бір тәрбие.
Қазақта қайынға жыныстық тәрбиені үйрететін, оқытатын мектептің ең алғашқысы – жеңге. Оның қайнына айтпайтыны аз. Ол ең құпия әттахиятты қайнысы қалыңдығын әкелуге кетерде айтады. «Ұлы сөздің ұяттығы жоқ қой», ондағасының кейбір жері мынадай:
«Тентегім, қалыңдықтың төсегіне алғаш жату өртке кіргендей ыстық болады. Жүрек лүпілдейді. Дене лапылдайды. Тізе дірілдейді. Ет терлейді. Дем ентігеді. Ес жаңылады. Осындайда сен не етқызумен, не асығыспен қалыңдығыңның «қолды» болған-болмағанын аңғармай қалма... Егер ойдағыдай болса, қайтқан күйеудің көңілі қош, келген келіннің беті шіркеусіз болады. Бұдан екі жақ та мәз».
Қазақтың мұнысы да жастардың өмірін тазалықтан бастауындағы тағы бір тәлім. Бірақ амал қанша, қазағымның қаймағы бұзылмаған бұл өнегелері қазір бүлініп барады. Кезінде кеңес үкіметі бұны – «феодалдық салт» деп саққа жүгіртіп өңін айналдырса, қазіргі өзіміз ондай заңдылыққа ат үсті қараудамыз. Біз бұны дәріптеу арқылы бала-шағаны балиғатқа толысымен қосақта деуден аулақпыз. Ол кезде ұл жиырманың ішінде, қыз кемеліне келгенде қосылғандар көп болған. Бұл – қатып қалған шарт емес еді. Бірақ жастар мейлі жастай, мейлі кемеліне келгенде қосылсын, тарихтагы «жеңге» сөзі кімге болса да керек екені хақ қой.
Отбасында жастай қосылған екі баланы қашан бөлек отауға шығарғанша қатар тәрбиелейді. «Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің» деген сықылды екеуі бір үйдің ұлы мен қызындай тату-тәтті өседі. Біз бұны да – қазақтың ұядағы ұлының келешегіне деген қамқорлығы – тәрбиесі деп түсінсек ағат кетпейміз. «Баласын кәртейгенше, немересін өлгенше» бағатын балажанды, бауырмал қазақтың ұлына ұяда үйрететіні – көп жүгінің алғашқысы осы.
Қазақ халқы «Ұлға отыз үйден тиым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап та жоғары болған.
Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады.
Қазақтың ер жігіті қандай болуы керектігі туралы халықтың талғамына сай ұлттық түсініктер М. Қазбековтың құрастыруымен шыққан еңбекте былай бейнеленген:

  1. Кескін-келбеті: «Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, торсық шекелі, қыр мұрынды, қара қасты, кең маңдайлы, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, от ауызды, шешен тілді, темірдей саусақты, жау жүректі т.с.с.».

  2. Қадір-қасиеті: «Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қабыландай сұсты, нардай төзімді, құландай сүйекті, жылқыдай мінезді, бұландай алып, сауысқандай сақ». Және аталған қасиеттерге сәйкес: «Жігіт қыраны, жігіттің сұңқары, жігіттің арыстаны, жігіттің қабланы, жігіттің жампозы, жігіттің сұлтаны» деп айтады.

  3. Қабілет икемі: «Көсем жігіт» – ел басқаратын жігіт; «Шешен жігіт» – дау шешетін жігіт; «Батыр жігіт» – еліне қамқор, жауына алаберен жігіт; «Сері жігіт» – аттың жүйрігін мініп, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт; «Жомарт жігіт» – дастарқаны берекелі, пейілі кең, өзі жайдары; «Палуан жігіт» – мойны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшық еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі; «Үй жігіт!» – үй шаруасымен айналысады;

«Түз жігіт» – түз жұмысына мінсіз, үй жұмысына қырсыз.
Сонымен қатар, бабаларымыз ер жігіттің басынан «Алты асыл-қасиет», «Үш асыл-мінез» және «Үш ажырамас-серік» табылуын талап еткен.

    • Алты асыл-қасиеті:

  1. Зерде-зейіні болсын;

  2. Ӛнер-өрісі болсын;

  3. Тапқырлық, талап ерлігі болсын;

  4. Жігер-күші болсын;

  5. Қайрат-қаруы болсын;

  6. Білімі болсын.

    • Үш асыл-мінезі:

  1. Туған елі мен дос жаранына адал болу;

  2. Қара қылды қақ жарған әділетті болу;

  3. Қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.

    • Үш ажырамас-серігі:

  1. Астыңа мінетін тұлпарың болсын;

  2. Шыңдалған ақыл-айлаң болсын;

  3. Айнымас адал жұбайың болсын.

    • Төрт құбыласы тең ер жігіт: түзу мылтығы, қыран құсы, жүйрік аты, мінез-құлқы мінсіз жұбайы бар ер жігіт. Сонымен қатар, ер жігіттің жолына, басына дұшпан болатын жаман қасиеттері – жігіттің тоғыз жауы:

  1. Басты жауы – жалқаулық, сорлататын жаныңды;

  2. Осалдығың – аңқаулық, соқтыратын саныңды;

  3. Жасқаншақ болсаң ұры алар, қоралап қойған малыңды;

  4. Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды;

  5. Ӛтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтарсын арыңды;

  6. Ӛсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды;

  1. Көшрме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды;

  2. Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды;

  3. Біреуді алдап арбаумен, аша алмайсың бағыңды. Шал ақын «Жігіт сыны» туралы да былайша толғайды:

Бір жігіт бар – құр жан. Бір жігіт бар – тірі жан. Бір жігіт бар – жігіт жан.

    • Құр жан жігіт – жігіт кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді.

    • Тірі жан дейтін – бар тапқанын киімменен асқа сатар, жақын өрген досын жатқа сатар.

    • Қызыл белбеу, шоқима етік, үкі тағып әркімді сықақ қылар.

    • Жігіт жан дейтін жігіт – сегіз қырлы, бір сырлы болар.

Сонымен, қазақ халқының асқақ адамгершілік мұраттарына иек артқан ұрпақ тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесінің ең шыңы – ер жігіттің жеке басының ар-жаны таза һәм ұятты болуы. Ата-бабаларымыз ар тазалығы үшін бар жиған-тергенін де тәрк ете алған. Сондықтан да, адамгершілік хақындағы ең асқаралы халықтық түсінік:

Малым жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы, –


деген даналық оймен тұжырымдалған екен.


Жоғарыда аталған қадір-қасиеттерді бүгінгі ұландар бойына дарыта білсек, онда зерделі де зейінді, өнерлі де талантты, жігерлі де қайратты, адал да парасатты елі-халқы сыйлайтын ер жігіттің келешегі жарқын, жолы ашық. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Ӛйткені оларды бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз-әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындатудан бірізділікпен ер балаларға негізделген тәрбиенің әдістемесінің жасалуы ер бала тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, сондай-ақ, нәтиже де берері анық.
Керісінше жалқаулықты серік етіп, жанын өтірікпен бағып, біреуді алдап, біреуді арбап, шыққан тегін білмейтін, отбасы түгілі өз басында асырай алмай жүрген ерлерімізден қандай ұрпақ жалғастығын күтуге болады? Осындай керағар тәрбиеленген ұрпақ өкілдерінің тәрбиесіне кімді кінәлаймыз? Қоғамды ма, әлде ата-ананы ма? «Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман»,
«Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас» деп түйіндей отырып, ер бала тәрбиесінің отбасында және мектепте берілуіне ерекше мән беріп, арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Ӛйткені ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі-өнеге көрсетумен байланысты. Қандай ата-ана болсын, баласының дұрыс адам болғанын, өзінен артық болғанын қалайды. Бұл – ниет қана. Тәрбие беру барысында қателіктерді болдырмау, жетістікті нәтиже алуда тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы қажеттігін ата-ана ұғына бермеуі мүмкін. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Отбасы жағдайында осындай тәрбиенің берілуіне педагогикалық тұрғыда көмек беру мектеп мұғалімдеріне де зор міндет жүктейді. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің үлгісін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп, өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу – ата-ананың бірден-бір міндеті, әрі парызы.
Қазақ қыз бала мүшел жасқа таясымен: «Ұлдың ұяты – әкеде, қыздың ұяты – шешеде» деп баланы әке мен ана өз қарауларына бөліп алады. Мұның себебі екеу: бірі – осыған дейін сыртта да, үйде де бірге ойнайтын қыз өз-өзінен ұлдардан бөлініп, шешеге бейімделеді. Бірі

  • қазақта қыз балаға әкенің ақырмауы, қол тигізбеуі – жылжымайтын, бұзылмайтын заң. Ұл мен қыз «әкесін көріп оқ жонуға, шешесін көріп тон пішуге» әдет алатыны да осы кез.

Міне, осыдан бастап «ұлдың қызығы дүзде, қыздың қылығы үйдеге» ана баса қарайды. Әйелінің бұл міндетінен ағат кетпеуін отбасы бақылайды. Егер баланы анасы дұрыс тәрбиелемесе, өткен қателік үшін әке қызды емес, әйелінің құлағын ыңғырлауға, алда-жалда бала көргенсіз бола бастаса, жетелі күйеу кер қамшыны керегеден жұлып ап әйелінің басында ойнатуға әбден ақылы. Бұл үшін ең алдымен ерлі-зайыптылар сыйласымды, салауатты болуы шарт. Бұлардың өзі жаза басса, баланың «үйренгенім үйімдегіге» жалт етуі оп-оңай. Бұл үшін алдымен керегі мыналар:

  • Бала алдында әйел күйеуін құрметтеп, оның айтқанын әмір деп түсінуден ешқашан жаңылмай, ол ілтипатын күлшедей қызына ұдайы көрсетіп отыруы керек.

  • Қыз осы мөлшерге келісімен әке де шаңырақтағы ең беделді, өнегелі адам екендігін көрсетіп, бұрынғы артық-ауысуынан ада-гүде қол үзбесе болмайды. Бұл өзінен бұрын бала алдындағы парызы, көрсететін әкелік өнегесі.

  • Мүшеліне келген қызға үйдегі өзінен үлкенді де, кішіні де сыйлау, сыйлата білуге дағдыландыру, қосымша ат қойғызу.

  • Балаға осы бастан маңайдағылардың өзі құралпы балаларындағы көргенділікті ұдайы құлағына құйып отырған артық емес. Сонда олар сол баладай болуға тырысады, еліктейді.

Қазақ халқы әдептілікке тәрбиелеуді ең алдымен қыздың тәрбиесінен бастаған. Ӛйткені, бүгінгі бармақтай бала ертең бойжетеді, бүрсікүні ана болады. Адамзатты осы анадан деп түсінген казақ әдепті ана арқылы қыздан бастаған. Қазақ ұлдың оннан асқан жасын –
«қозы жасы» деп шаруашылыққа-еңбекке баули бастаса, қыздың сол шағын – «қонақ жасы» дескен. Жат жұртқа жаратылған баланың оңжақта енді бірнеше жыл ғана болатыны алдымен анаға аян. Осы бір қарбалас кезде қайран ананың жүгі қапталынан ғой. Бұл үшін ең алдымен қызын әдепке қалыптастырса, қалғаны жеңіл. Бұрынғы аналар, «қызым әдепті болсын» деп мыналарды істеді:

  1. Бала алдында әкені Алатаудай ете білді. Оның атын атамады. Айтқанын орындады. Сонан соң қызбала бұл ғаламда әкемнен артық адам жоқ деуді бара-бара мойындады. Бұл опасыз пәниде, бірде жоқтық, бірде бүтін тіршілікте жоқшылық пен барлығы құрғырдың есіртетіні де, кейітетіні де жиі кезігеді емес пе, осындай-да қызын әдептілікке апарғысы қелген ақылды әке сыр, мінез білдірмейді.

  2. Қыз балиғатқа толысымен оның айналасы жауға толады. Біреу «үкілеуге» ұмтылады. Біреу «кетік алма» етіп кеткісі келеді... Осындайда бұрынғы аналардың екі көзі төрт, ұйқысы аз. Ол есік алдындағы ит үрсе де, біреу келе жатса да, үйіне қонақ қонса да, қызы көзінен таса болса да секем алады. Себебі, көгеніндегі марқасы марқайды. Мұндайда ана сорлы қызының мінезіндегі өзгерісті, денесіндегі байқала бастайтын белгілерді сәт сайын абайлаған.

  3. Қызы әжетке жарасымен ол көздегі ақылды аналар бұрынғыдай бөлек жатқызуды, албаты қыдыртуды шектеп не өзінің, не әжесінің іргесіие жатқызады. Далаға жіберсе, бейбастақ бала, төрге жатқызса, ынсапсыз қонақ, жеңгеге ілестірсе, «қызды жеңге, жеңгені теңге бұзады» бар деп өзінен өзгеге мүлдем сенбеген.

  4. Қызының ойын, уақытын бөлуге мұрша бермеу үшін қозы қосақтатқызған, үйдің күйбіңінен бас алғызбаған. Еңбекке машықтандырып, тіл алғызуға қалыптастыру да қазақта әдепке апаратын бір жол болған.

  5. Ана қызының табиғатындағы талантты алдымен аңғарады, егер ол іскерлікке, албармактылыкқа, өнерге бейім болса, баласына осы жөнінде мүмкіндік жасайды. Бұл да – әдептілікке, желдеп кетпеуге қарсы тұратын екінші жол.

  6. «Қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» дегенді ежелден білетін ана бәрінен бұрын қызын кейбір «көгенде қашып кететіндердің» маңына жолатпайды. Бұл үшін ана маңындағы қызы құралпыларды жете білуді, тегін тексеруді, олардың әдепсіздігін қызының құлағына жиіркенте жиі-жиі айтуды ескерген.

  7. Ертедегі қазақта бастаңғы, қызойнақ, қойкүзеті, тоқымқағу, алтыбақан, ақсүйеқ деген сықылды жастардың бас қосатын кездері жиі болған. Бұған мүшелінен асқан – бойжете бастаған қыздар баруға ақылы. Мұндайда ақылды аналар қызын сенімді адамға қосқан, ерте қайтуды тапсырған. Келген соң қәдімгідей жүрген-тұрғанын тексеріп отырған. Қазіргідей туған күнді, мектеп бітіргенді, ескерге шығарып салуды, бір жақтан келуді қарсы алуды күнді – түнге, түнді – күнге ұластырып тойлатуға тізгін-шылбырсыз жіберу ол көздегі аналарда кемде-кем болған.

  8. Сұмдыққа ұрынған, қолды болған қызын ертедегі аналар келісімен не түрінен, не құбылысынан, не уақытынан, не бірге болған адамынан абайлауды, тексеруді ұмытпаған. Ананың бұл сәуегейлігінен жасқанатын қыз көп жағдайда сақтанған.

  9. Қызы ел көзіне түсе бастасымен оған анасы көсімсіп сөйлемеуді, кісіге тіке қарамауды, ұяң болуды, өз жанынан ұзамауды, қыдырмауды, жұртқа сүйкімсіздерге жоламауды, ішті болуды, албаты күлмеуді, ата-ана мен аға бауырдан басқаның жаны пәлендей ашымайтынын жалықпай айтқан.

  10. Жеті атаға дейінгілердің бірін – ағасы, бірін – бауыры деп таныстырған. Мұнысы – қыз алысуға болмайдыны түсіндіргені.

  11. «Әкенің ең жақсысы жездедей» дегенді қазақ көп айтқанымен, сақ аналар қызын «жезде» деуден көрі – «аға» деп сыйласатын шекара жасаған.

  12. Қызының ерте ме, кеш пе әйтеуір кететінін іштей бейімделіп жүретін ақылды аналар өзі білетін өңірдегі күн шалған шаңырақты, көргенді ата-ананы, әдепті бала-шағаны біліп алып, оны қызына сөз сыралғысы ретінде дәріптеп, көргенсіздерді күні бұрын білдіртпей жамандап қызына өз сыңайын сөз арасында ептеп ескертіп отырған. Баласы осылардың қайсысына назар аударғанын астыртын қадағалаған.

  13. Қызды шешеден бұрын сөйлемеуге тәрбиелеген.

  14. «Ит жүгіреді, иттің артынан қыз жүгіреді» деу – қыз кемеліне келгенде кезігеді. Бұл «қыздың ойы – кету, жолаушының мақсаты

  • жетуден» шығады. Осыған байланысты бұрынғылар қызын сыртқа албаты шығудан шектеген. Ара-тұра ғана аса аяулы адамды, сенімдіні аттандыруға үйде ешқім болмағанда ғана белдеуге, не мамағашқа дейін шығаруға өзі жұмсаған. Жұмсамаса, қыздың оны аттандыруға рұқсаты жоқ. Себебі – оны кез қелген кісімен кезіктіру қазақы әдептің салтында жоқ.

  1. Қызды көргенді ету үшін алдымен ана өзіне шек қойған. Қызы бойжетіп ел көзіне түсе бастасымен, ол бұрынғы қыдыруын, баласын оңаша тастауды қысқартады, азайтады, не өзімен ерте жүреді. «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастанғышыл болатыннан» сақтанады.

  2. Қызына ауыл-үйдің бозбалаларын иектетпеу үшін ана бұрынғы алаңсыз ұйқыны азайтқан. Ол үйінде жатып сырттағы бимезгіл үрген итте де гәп барына алаңдаған, кімнің төңіректегенін де мөлшерлеп, өзінің ояу екенін аңғартқан. Мұндайда анаға ең сенімді серігі – енесі. Ол іргесіне алып жатқан немересіне мықты күзетші. «Кемпірі бар үйдің кәпірі бар» деудің бір жағын жастар осы аңдудың мықтылығына бола шығарса керек.

  3. Үй ішінде қыздың тәртіпті болуда сөзін тыңдайтыны әке мен шеше, сескенетіні, сыйлайтыны – аға, сырласатыны – жеңге, ұялатыны ауыл, ру. Бұлар – тұтасымен ойламай от басып алмауға қорған...

  4. Шеше міндетті түрде өзі білетін өнерін – тігіншілік, не ісмерлік, не кісі сыйлап қонақ күте білу, астың бабы, дастарқанның мәзірі сықылдылардың бәрін қызына үйретуге міндетті. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген осыдан шыққан. Анасы аяулы, әкесі ардақты бала әдепсіздікке бара қоймайды. Әке мен шеше бұл биікке бір жағынан баласының қамына бола ұмтылады. Бұл да қызды әдептілікке қалыптастырудағы бір жол, өнегелі орта.

Жоғарыдағыдай қазақы тәлім-тәрбие қыздарды адамгершілікке, опалыққа, махаббат ғаламында баяндылыққа, шынайы ғашықтыққа, арлылыққа апарған. Опасыздыққа, махаббаттың желдеген лағы болмауға баулыған. Тарихтағы Шұғаның сүйіспеншіліктің өртіне өртеніп өлуі, «Қорғансыздың күніндегі» қаршадай қыздың жауыздыққа душар болған шіркеулі бетімен пәк жерді басқысы қелмей үсіп өлуі ертедегі ата-ананың баласын адалдыққа, кіршіксіздікке тәрбиелей алғанына, әдепке әу бастан үйреткеніне мысал.
Ол кезде де қазақ қыздары көргенсіздіктен, қайыру бермей кетуден құлан таза деу артықтау. Бірақ дәл қазіргідей әйел алуды қөрпе ауыстырғандай көру, көпшіліктің көзінше қыздың жігітке жабысып тұруы, көпе-көрнеу сүйісуі, бүгін тиіп, ертең ажырасу, келген келін мен қайынсіңілі арасындағы қеліспеу ол кезде жоқ еді. Кейбірі бар болса да тым сиреқ болатын.
Қазақта әсемдіқтің әр алуаны бар. Соның бірі – қыз көркі. Қызға тән әсемдікті бұрынғылар қалай пайдаланғанына аялдасақ, олар мыналар:
Қазақ баланы кішкене көзінде «қыз» деп көп атамайды. «Қыз» деп көп айту ұзатылған соң, онда да балалы болғанда, егде тартқанда, тіпті кемпір болғанда. Мұнда әсіресе төркіндегілер, өте-мөте жеңгелер айтады... Кейбіреулер «Қыз екенін сен біледі екенсің» деп шамданады. Бұнысы – қыз баланы қаршадайынан қызғышша қорғағаны. Қызға деген қызыл көзден күні бұрын қорыққаны. Келешекте кешікпей толысатын қыз бойындағы әсемдікті сұқтың көзінен тасалағаны. Сондықтан да өсе бола бастаған қыз балаға ана көз тимесін деп алдымен екі ырым жасайды. Бірі – күртесіне қара шұбар маржан тағу. Бірі – бала өте реңді болса, сыртқа шығарарында бетіне, маңдайына күйе жағу.
Анасы қолына түскен қызылды, теңге-моншақты, сақина, сырғаны, шолпыны қызының үстіне жапсырып, оны күлтелеу, қыз баланың тазалығына ерекше көңіл бөлу. Бетін жұпар сабынмен, шашын бұзаушыкпен жуындыру, бұрымын тарау-кішкене кезінде анасына міндет. Бойжете келе өзі істейді.
Қазақ қызы көбіне жастай ұзатылатындықтан, төсінің томпаюын, бөксесінің толуын жұрт көзіне көрсетпеуді шешесі қадағалаған. Бұл былай қарағанда көз сүрінетін әсемдік болғанымен, бұрынғылар үшін оның керісіншесі әсемдікке жатқан. Ӛйткені, қазақ халқы қыздың нәзіктігін, ұяңдығын әсемдік деп түсінген. Бұл – мұқым шығыс халқына ортақ көз. Омыраудың өсе бастағанын көрсетпеу үшін көп ана қызына тар кеудеше кигізген. Көйлекті кең және ұзын ғып кигізуде бөксенің тола бастағанын жасыру. Бұл да – қазақы әсемдік. «Анасыздың емшегі, әкесіздің аузы үлкен» деген осы әсемдікті сақтамағанда айтқан.
Әсемдіктің дене мен киімненде басқа түрлерінің бірі – бұрым бабы. Қазір амал қанша, арқада тулап жүретін қайран екі бұрым, оның күміс күлкілі шолпысы тұлдаған байталдай, күзеген тайдай тарақтан қайран болды. Қазір не көп «тоқал шаш» көп. Абыройын аша жаздап, қыз жүр, орысша «білгішпін» «мәдениеттімін» деп он ауыз сөзді артық сөйлеп әйел жүр. Бұл да заманның ағымы шығар, дегенмен қазақ әйелі болған соң әсемдіктің бұрынғысына да ара-тұра бұрылған теріс емес-ау. Егер сол бұрымдар бүгін болса, оған кімнің көзі түспес еді, жүрегі туламас еді!
Қазақ қыздарындағы әсемдіктің ең құдіреттісінің бірі – мінез-құлық. Ата-ана баласын өзіміз сөз етіп отырған аржақ-бержағында биязылыққа, өте-мөте ұяңдыққа, нәзіктікке баса тәрбиелеген. Қазақ қызындағы ұяңдылықтың өзі әсемдіктің бір кереметі. Ішкі дүниесіндегі арпалысты аз сөзбен, дәл тауып қана, езіле, егіле айтып, әдеп сақтауының өзі байланысты адамын мұрат ететін құдырет болған. Сондықтан
«қазақ қыздары махаббат» дегенді, «сүйгенім» дегенді бадырайтып айтуға ауыздары бармай, «қуатым», «қалқам», «қарғам», «құрбым» деп сыпайы айтқан. Мұны да албаты айта бермей қысылтаяңда, бастарына күн туғанда, айырылысарда, боздап тұрып айтуға ауыздары әзер барған. Міне, өстудің өзінде қаншама әсемдік жатыр десеңізші.
Жігіттің қалыңдығына қашан ұрын барғанша жолай алмауының өзі бір әсемдік болған. Қазіргідей бүгін танысып, ертеңіне бас салу бұрын болмаған. Ұлы сөздің ұяттығы жоқ, қазіргі қейбір жастар неке аманатын күні бұрын атқарып тастап, тойға құрсақты болып келетіндер де жоқ емес. Бірен-сарандарымыз біреудің етегінен ұстағанша талаймен әлекей-шүлекей болып үлгіреді емес пе. Біз баста сөз еткен аналар осындай сұмдықты болдырмау үшін, қыз әсемдігін ақы иесіне аман тапсыру үшін қызын балиғатқа толысымен бақылады ғой.
Бұл арада бұрынғылардың әдепті де, әсемдікті де бүлдірмеу үшін күрескенін, тәрбиелей білгенін мойындаған жөн. Қызға қырық жерден аңдушы болатыны да осы әсемдіктен айырылмаудың бір әдісі.
Қыз баланы бақылауына, баулуына алған ананың әсемдік жөніндегі бір бастамасы – кестеге үйрету. Кестені қыз алғашында шытқа, онан соң ержете келе тұскиізге, тақияға, сандыққапқа тігіп, оған қосымша сырмақтың, дөдегенің, бұйымдардың оюларымен жалғастырады. Былайша айтқанда, қазақтағы әсемдіктің қақ жартысы әйелдердің қолынан шыққан.
Қазақ қызының сөйлеуінде де, күлуіңде де, еркелеуінде де, тіпті ренжуінде де, ас ішіп, ас әперуінде де, отырысыңда да сұлулық, әсемдік, басқалық болған. Бұны қызға үйрететін алдымен ана, онан соң ауыл-аймақ, қалыптасқан салт-сана. Бұрынғы қыздар көптің көзінше күлуді, көсемсіп сөйлеуді, алдыда жүруді, қомағайлықты жұрт көзіне көрсетпеген. Бұның бәрі – болашақтағы келіннің, келешектегі ананың алдын күреу.
Жалпы қорыта келгенде, бұрынғы казақ қыздары меқтеп пен медреседе этика мен эстетиканы мұғалімнен дәріс ретінде оқымағанымен, үйде олардың қазақы қасиетін анасы мен ауылынан жеріне жеткізе тоқыған. Сондықтан да олар әдепті, әсем болды.
«Ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге» деп қараған халқымыз ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеуді әжелер мен аналардың ісі болып саналған.
Халқымыз қыз психологиясының ерекшелігін жақсы түсіне білген. Әрбір отбасы әке-шеше, аға-жеңге бойжеткен баласын ылғи да жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдетті-ізеттілігімен, иманды- инабаттылы-ғымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, әлпештеп, мәпелеп жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, жасөспірім шақтағы олардың балқыған, шалқыған, еліктегін қасиеттерін ескеріп, оған «Қырық үйден тыю» салу керектігін де үнемі еске алған.
Қыз болып қылтия бастағаннан «ақ отауға» енгенге дейін қызды қаншама сынақ күтіп тұрады. Оларды ең алдымен алып-ұшпа сезімді тежей білуге дағдыландырады. Бұл, әрине, оп-оңай жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да ол үлкен сын.
Халықтың дәстүрі қыз бала тәрбиесінде ереже ұсынбайды, тек бағыт-бағдар береді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жосығын нұсқайды. Оның барлық сыры мен сынына әдебі мен мінезіне, тілі мен дініне, әні мен күйіне, мінезі мен құлқына орай өрілген төрт ұғым төңірегінде топтасады. Ол адал мен арам, обал мен сауап. Адам үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ түсінік те жанмен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шартын бақылай білу, кісінің ішкі сырын танып ұғыну арқылы өзін-өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра алу. Бүгінгі бойжеткен ертеңгі отбасы ұйытқысы, болашақтағы асыл жар, аяулы ана, ел ардағы ақылман әже. Олай болса, халық танымындағы бойжеткенге қажетті сипат-имандылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісмерлік, биязылық, мейірімділік. Бала тәрбиелейтін адамның бойына дарыта алатын болашақ ұрпағымызды ақылды, артына бір рулы елін ерткен асыл қадірлі адам етіп тәрбиелейтін де осы қыздар, болашақ аналар, әйел заты болғандықтан жақсы мінез-құлыққа баулып өсіреді. «Қызға қырық үйден тыю, қала берді есіктегі күңнен де тыю» дейді халқымыз. Бұл да қыз балалардың отбасындағы тәрбиесі, өмірге бейімділігі, әдептілігі, сезімтал да саналылығы биік болсын деген ойдан туған.
Қырықтың біріншісі – бесігің, үйің алтын босағаң. Олай болса қыз баланың тәрбиесі де осылардан басталады. Ол ең алдымен анаға байланысты. «Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақал тегін айтылмаған. Әулеттен әулетке қалған мұра имандылық пен инабаттылық болса «Жігіттің жақсысын – қыздай, қыздың жақсысын – уыздай» деп айтуда да терең мән жатыр. Жол жөнекей өнер сайысына сөзбен сынасуларына, әзіл-айтыстарға қымсынбай араласуларына еркіндік берген. Халқымыздың өз ұрпағының ақыл-ой тәрбиесінде ауыз әдебиетіміздің айтыс жанры, оның ішінде жұмбақ айтысы ерекше рөл атқарады. Жұмбақ айтыстарында жігіттерден гөрі қыз баланың жауабы өте ұтымды, ойлау қабілеттерінің өте ұшқырлықтарын көрсетіп отырған. Қыздың көркіне ақыл-ойы, мінез-құлқы сай болуын қалаған, оны сүйкімділікке, сыпайылыққа, нәзіктікке, жұмсақтыққа тәрбиелеген. Оларды ауылдың көркіне елдің анасына балаған, қадір-қасиет тұтқан, ұстамды, тұрақты, ақылды болуын талап еткен. Соған қарамастан еркелетіп еркіндік берген. «Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі» деп әйелді отбасының қадір-қасиеті тұтқан. Отбасының тірегі де, ұйытқысы да әйел заты деп уағыздаған.
Қыз балаға, яғни әйел затына табиғи жылылық, сезімталдық, тұрақтылық, кешірімділік, ұқыптылық, адалдық сияқты қасиеттер тән деп санады. Ананың жылы лебін, ақыл-ойын, аялы алақанын, шаруақорлығын жүрегімен сезіп, көзімен көрген бала әдепті, адамгершілігі мол, дені сау болып өсетінін жақсы білді. «Қыз – жағадағы құндыз, жігіт – аспандағы жұлдыз», «Қыз кетсе-қызық кетер», «Қыз қылығымен сүйкімді», «Ырыс алды – қыз», «Қарағым-шырағым, ауыл көркі – ақ лағым», «Қызы бар үйдің – қызығы бар» – деп оларға үлкен сеніммен үміт артады. Болашақ ана ретінде қадірлеп, «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербететін бесігі болсын» деп зор міндет жүктейді.
Грек ойшылы Платонның «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұятты тәрбиелейміз» деген қанатты сөзіне біздің халық қаншалықты лайық болғандығын айқындайды.
Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсінетін үй ішіндегі еңбекке, көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулауды – бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген. Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ екенін терең түйіп, ой топшылаған халық «Еңбегі қаттының – еңбегі тәтті», «Еңбек – адамның екінші анасы» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүюге тәрбиелеген. «Еріншектің ертеңі көп» т.б. мақалдар арқылы оларды еріншектік, жалқаулықтан бойын аулақ ұстауға үйреткен. Осы жәйітті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз қыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынанан бастаған. Қыз баланың еңбексүйгіш, өнерлі өнегелі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнерге икемі жоқ қыздарды «өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі ұлкен сын болған. Осыған байланысты «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қазақ шаруасының күнделікті өмір тіршілігі тұтыну қажетімен тығыз байланысты. Халқымыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан бар тірлігі сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіру, өрмек тоқу, киіз басу, үй жабу, ою ойып, сыру, тұскиіз өрнектеу, тері илеу, бас киім тігу, сырт киім тігу қыздар үшін ерекше өнер болып саналған.
Қазақ қыз баланы адалдыққа, әділдікке, имандылыққа, таза махаббатқа тәрбиелейді. Қыз бала – болашақ ана, аяулы жар. Қазақта жат жұрттыққа жаралған қыз баланы айрықша мәпелеп, бұлғақтатып әлпештеп өсірген. Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне, бой түзеуіне ерекше мән берген.
Қыз бала жастайынан үй-ішіндегі тұрмыс-тіршіліктегі кесте тігу, ою-өрнек, киім тігу, шай құю, нан пісіру, түрлі тағамдар әзірлеу, ет мүшелеу, оны сақтау, үй ішін күту т.б. сан алуан істерге машықтанып, бауланған. Ұлан ғайыр даланы мекендеген қазақ елінің түрлі аймақтарына жеке ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне қарамастан, қыздарды адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеудегі халықтық дәстүрі ортақ.
Қыз тәрбиесінде халқымыз – күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, оларды мәпелеп иландыру, сендіру әдістеріне, ұлгі-өнеге көрсетуге ерекше мән берген. Осының бәрі шешенің міндеті болып жолы жіңішке, жаны нәзік қыз баланың оспадар біреуден тұрпайы сөз естіп, жүрегі жараланып, қорлық-зорлық көрмеуіне аға өзін жауапты сөзінген. Аға мен қарындастың арасында ерекше туысқандық сыйластық болған. Аға қарындасына қатты сөз айтпай, ұрсып-зекімей, әрдайым қабағына қарап, шынайы еркелетіп, ешкімге зәбірлетпей үнемі қорған болып жүрген. Қалашылап, базаршылап қайтса шамасының келгенінше сүйкімді қарындасына базарлық – қыз балаға қажетті киім-кешек, әшекей-бұйым, керек-жарақ әкелуді ұмытпаған. Қарындасын біреу зәбірлесе аянбаған. Тіпті кісі өлтіріп қан төгуге дейін барған. Сондықтан да жұрт ағасынан жасқанып жүретін болған.
Тегіне көз салған ата-бабамыз «жақсы болсын тегі, заты, тұқымы, пәк ұяты болсын жанның тұнығы» деп орта ғасырлық ғұлама Жүсіп Баласағұн айтқандай, қыз бойындағы пәктік, тазалық, тәрбиелік, ар-ұяттың мөлдірлігі басты қасиет екендігін таразылаймыз.

«Елден – елді аралап, Тектіден – текті саралап,


Нұсқасын байқап шамалап» – деп,
Ақтанберді жырау жырлағандай, немесе,

«Көріп алсаң көріктіні, Таңдап алсаң тектіні Сонда көңіл толмай ма?» –


деп, Абай айтқандай, немесе халықтық түсінікте қалыптасқан «Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару ал», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз өсер» – деп, мақал сөздердегідей, болашақ жарының тәрбиелі, көргенді болуы қазақ дәстүрінде басты талап болғандығын түсіндіреміз. «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады» дегендей, бой жеткеннің ақылдылығы, зерделілігі, парасаттылығы таразыға түсіп отырған. Бұл жөнінде:


Ақылды әйел ізде десең сен егер,


Есті болса,төрт құбылаң теңелер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет