Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет164/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

11-
бап. Басқарма 
1. Қордың басқармасы басқарма төраєасынан, оның орынбасарларынан 
және өзге де адамдардан тұрады. 
2. Қор басқармасының құзыретіне: 
1) Қордың акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміленің нысанасы болып 
табылатын мүліктік нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне 
ақы төлеу мөлшерін айқындау; 
2) Қордың бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін айқындау, 
сондай-ақ оларды өзгерту; 
3) барлық дауыс беретін акциялары меншік және (немесе) сенімгерлікпен 
басқару құқығымен Қорға тиесілі компаниялар деңгейінде бірыңєай 
орталықтандырылған ішкі аудит қызметін құру
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және компаниялардың 
жарғыларына сәйкес компаниялар акционерлері (қатысушылары) жалпы 
жиналысының құзыретіне жататын, олар бойынша шешімдерді (компаниялар 
қызметінің мәселелері бойынша осы заңға сәйкес қордың жалғыз акционері және 
директорлар кеңесі қабылдайтын шешімдерді қоспағанда) қордың басқармасы 
немесе басқарма төраєасы қабылдайтын компаниялар қызметі мәселелерінің 
тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін айқындау; 
5) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) меншік және (немесе) 
сенімгерлікпен басқару құқығымен қорға тиесілі компаниялардың атқарушы 
органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттігін мерзімінен 
бұрын тоқтату, сондай-ақ осы шешімдерді кейіннен көрсетілген компаниялардың 
директорлар кеңесінің қарауына шығара отырып, олармен жасалған еңбек 
қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату; 
258 


6) осы шешімдерді кейіннен көрсетілген ұйымдардың директорлар 
кеңесінің қарауына шығара отырып, қордың тобына кіретін, барлық дауыс беретін 
акцияларын (қатысу үлестерін) қор басқармасы айқындайтын тізбедегі 
компаниялар тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың атқарушы 
органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттігін мерзімінен 
бұрын тоқтату; 
7) осы ұйымдардың жарғыларында оларды директорлар кеңесін құрмастан 
басқару мүмкіндіктерін белгілеу туралы шешімді компанияларға қатысты 
қабылдау немесе қордың тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларын тікелей 
және жанама түрде компаниялар иеленетін өзге ұйымдарға қатысты келісу; 
8) Қордың штат кестесі мен ұйымдық құрылымын бекіту; 
9) акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы 
компаниялардың еншілес ұйымдарының меншігінде болатын ұйымдарға өзге 
заңды тұлғаларды құруға қатысуға және (немесе) олардың акцияларын (қатысу 
үлестерін) сатып алуға рұқсат беру; 
10) Қордың филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешімдерді 
қабылдау; 
11) Қор немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе 
заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты айқындау; 
12) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығаруының және 
қордың өз капиталы мөлшерінің бір пайыздан аспайтын сомаєа қордың өзге 
қарызды тартуының шарттарын айқындау; 
13) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен 
астамын тікелей немесе жанама түрде қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты үлгі 
құжаттарды бекіту; 
14) компаниялардың даму стратегиялары мен жоспарларын бекіткен кезде 
оларға қатысты бірыңғай (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары 
бойынша) қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-
техникалық және өзге де саясатты қалыптастыру; 
15) инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобаларды іске 
асырудың толықтығы мен мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде жедел 
шаралар қабылдау мәселелері бойынша шешімдер қабылдау; 
16) осы Заңда және Қордың жарғысында қордың басқа органдарының
құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер кіреді. 
3. Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компаниялар 
қызметінің мәселелері бойынша осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында 
көрсетілген 
шешімдерді 
кейіннен 
компаниялар 
акционерлерінің 
(қатысушыларының) жалпы жиналыстарында уәкілетті өкілдердің дауыс беруі 
үшін Қордың акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау мақсатында 
қордың басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайды. 
4. Қор басқармасының осы баптың 2-тармағының 5), 6) тармақшаларында 
көрсетілген шешімдері барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) меншік 
және (немесе) сенімгерлікпен басқару құқығымен қорға тиесілі компанияның 
немесе Қордың тобына кіретін, барлық дауыс беретін акцияларын (қатысу 
үлестерін) тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін ұйымның 
директорлар кеңесінің бірауыздан қабылдаған шешімімен қабылданбауы мүмкін. 
5. Қор басқармасы төрағасының құзыретіне "Акционерлік қоғамдар 
туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәселелермен қатар: 
259 


1) компанияларға және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 
елу проценттен астамын тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін өзге 
заңды тұлғаларға тексерулер (ревизиялар) тағайындау туралы шешімдер қабылдау; 
2) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі 
компанияларға олардың қызметі мәселелері бойынша орындауы үшін тікелей 
(жедел) тапсырмалар беру; 
3) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер 
бойынша шешімдер қабылдау жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет