Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет163/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

 
 
256 


10-
бап. Директорлар кеңесі 
 
1. Қордың директорлар кеңесі жалғыз акционер сайлайтын төрағадан және 
мүшелерден тұрады. 
2. Қордың директорлар кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы орталық 
атқарушы органдарының бірінші басшылары арасынан, қордың басқарма 
төрағасынан және өзге тұлғалардан құрылады. 
Лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі 
Қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады. 
3. Қордың директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай: 
1) Қордың аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және оның 
қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін жылдық бюджетті бекіту шеңберінде 
айқындау; 
2) Қордың штат санын бекіту; 
3) Егер қордың жарғысында осындай тәртіп айқындалмаса, жалғыз 
акционерге Қордың қызметі туралы ақпаратты беру тәртібін айқындау; 
4) тәуелсіз директорларға сыйақылардың мөлшері мен оларды төлеу 
шарттарын айқындау; 
5) мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім 
қабылдау; 
6) акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде жарияланған 
акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, 
оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау; 
7) Қордың орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы 
қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау; 
8) басқарманың сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, басқарма 
мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; 
9) ішкі аудит қызметінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның 
басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі 
аудит қызметінің жұмыс тәртібін және (немесе) қордың тобындағы бірыңғай 
орталықтандырылған және өзге ішкі аудит қызметтерін үйлестіру тәртібін, ішкі 
аудит қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы берудің 
мөлшері мен шарттарын айқындау; 
10) Қордың ішкі қызметін, ол бекіткен мәселелер тізбесі бойынша реттейтін 
құжаттарды бекіту; 
11) Қордың даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын 
Қордың директорлар кеңесі белгілеген тәртіппен бағалау; 
12) жасалуына қатысты "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңында ерекше шарттар белгіленген мәмілелердің Қордың 
тобына кіретін ұйымдар арасында жасалу тәртібін айқындау; 
13) осы Заңда таратылуы, қайта ұйымдастырылуы туралы шешім Қордың 
жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған компанияларды қоспағанда, 
компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешу; 
14) Қордың жылдық бюджетін және оның қызметін жоспарлау жөніндегі 
өзге де құжаттарды, сондай-ақ олар бойынша есеп берудің тәртібі мен мерзімін 
бекіту; 
257 


15) жиынтығында қорға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан 
көп процентін құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру 
арқылы Қордың өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы; 
16) Корпоративті басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен 
толықтыруларды бекіту; 
17) Қордың міндеттемелерін оның өз капиталының он және одан көп 
пайызын құрайтын шамада ұлғайту; 
18) Қордың басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға 
қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын сатып алуы
19) Қордың тәуекелдерін басқару жөніндегі саясатты айқындау мәселелері 
бойынша шешімдер қабылдау; 
20) осы заңға және қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады. 
4. Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға 
қатысты осы баптың 3-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген мәселелер 
бойынша шешімдерді кейіннен компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) 
жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің дауыс беруі мақсатында 
қордың акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау үшін қордың 
директорлар кеңесі қабылдайды. 
5. Қордың директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін қордың 
корпоративтік хатшысы жасайды. Қордың директорлар кеңесінің мүшелеріне 
отырыс өткізу тәртібі туралы хабарламаларды қордың корпоративтік хатшысы 
жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет