Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет165/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

12-
бап. Қордың даму стратегиясы 
1. Қордың даму стратегиясы елдің әлеуметтік-экономикалық даму 
мақсаттары мен ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес он жылға әзірленеді. 
Даму стратегиясы Қордың қызметі бағаланатын негізгі көрсеткіштерді, 
сондай-ақ олар бойынша мақсатты мәндерді қамтиды. 
2. Қордың даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын 
бағалау Қордың директорлар кеңесі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 
13-
бап. Ақшаны басқару 
1. Қор барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) қорға тиесілі 
заңды тұлғалардың ақшасын басқару бойынша Қордың директорлар кеңесі 
бекітетін бірыңғай саясатты іске асырады. 
2. Қордың тобына кіретін ұйымдар өзге ұйымдарға, оның ішінде Қордың 
тобына кіретін ұйымдарға ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық 
шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер (қарыздар) беруге құқылы. 
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кредиттерді (қарыздарды) беру 
тәртібі мен шарттары Қордың директорлар кеңесі бекіткен ішкі кредит саясаты 
туралы ережелерде айқындалады. 
14-
бап. Жасалуына қатысты "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңында ерекше шарттар белгіленген мәмілелер 
Жасалуына қатысты "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан 
Республикасының Заңында ерекше шарттар белгіленген мәмілелер Қордың тобына 
кіретін ұйымдар арасында оларды қолданбай, Қордың директорлар кеңесі 
айқындайтын тәртіппен жасалады. 
15-
бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың 
акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуы 
 
1. Акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы 
компаниялардың еншілес ұйымдарының меншігінде болатын ұйымдар өзге заңды 
тұлғаларды құруға немесе олардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы 
емес. 
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ережеден ерекше жағдайға Қор 
басқармасының шешімі бойынша жол беріледі. 
260 


Қор басқармасы Қордың тобына кіретін жекелеген ұйымдар үшін олардың 
өзге заңды тұлғаларды құруға қатысу және (немесе) өзге заңды тұлғалардың 
акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу тәртібі туралы үлгі ережені бекітуге 
құқылы. 
3. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында акционерлік қоғамдардың 
дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын сатып алудың 
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 
тәртібі Қорға немесе дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамын тікелей 
немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет