Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


 тарау. Корпоративті басқару – демократия мектебі



Pdf көрінісі
бет173/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

15 тарау. Корпоративті басқару – демократия мектебі
С.А. Филин
Іскерлік әкімшілігі докторы 
 
«Біз мемлекеттік қызметті тұтынушылардың
мүдделері барынша ескерілетін мемлекеттік
басқарудың сапалы жаңа моделін жасайтын
боламыз. Мемлекеттік аппарат корпоративті басқару,
ашықтық және қоғам алдында есеп беру
қағидаттарының негізінде ең озық халықаралық
тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеуі тиіс»
«Мықты мемлекеттік билік пен демократия - 
антипод емес. Демократия тек заңдылық қатаң 
сақталатын жерде ғана дамиды». 
Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына
«Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» Жолдауы
(Астана, 28 ақпан 2007 жыл)
Қазақстан Президентінің сөзінен демократия мен корпоративті 
басқарудың арасында тікелей корреляция анықталған, ендеше оған нақтырақ 
үңгілейік. 
Экономикалық Ынтымақтастық пен даму ұйымы төмендегідей 
тұжырымдама береді: «Корпоративті басқару компания басшылығының оның 
басқаруымен, оның акционерлерімен және басқа да ынта білдіруші тұлғалар 
арасындағы бірқатар өзара қарым-қатынасты енгізеді. Бірлесіп басқару, 
сондай-ақ компания мақсаты қойылатын құрылымын ұсынады, оларға қол 
жеткізу және қызметіне бақылау жасау үшін қаржыны анықтайды. Жақсы 
бірлесіп басқару компания мен акционерлер ынта білдірген, сондай-ақ тиімді 
бақылауға ықпал ететін мақсаттарға қол жеткізу үшін басқару мен басшылық 
үшін дұрыс ынталандыруды ұсынуы қажет.»
24
Бұл корреляция келесі түсініктерді салыстырумен қаралады: 
* Мемлекет- Акционерлік қоғам; 
*Азаматтар—Акционерлер; 
* Парламент – Директорлар кеңесі; 
24
Корпоративті басқару принциптері (Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы). 2004 
жылы жасалған., Париж, Франция.
269 



Президент – Директорлар кеңесінің төрағасы; 
* Премьер министр – Басқарма төрағасы; 
* Министрлер кабинеті – Басқарма; 

Парламент Комитеттері – Директорлар кеңесінің комитеттері; 

Референдум – Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі; 
* Заң – Директорлар кеңесінің шешімі; 
* Азаматтықты ауыстыру – акциялар сату; 
* Азаматтық алу – инвестиция. 
Сірә, салыстыру үшін басқа да жұптарды табуға болады. Алайда 
осындайлар бірден байқалатынына келісетін шығарсыз. Енді демократия мен 
диктатура арасындағы негізгі айырмашылықты анықтайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет