акционерлердің Жалпы жиналысы туралы ережелеріне (регламент) сәйкес
сайланады. Әлемдік тәжірибеде директорлар кеңесінің
негізгі міндеті қоғамның
пайда түсімін арттыру және тұрақты қаржы-экономикалық жағдайын қамтамасыз
ету, сонымен қатар компанияның атқарушы органының қызметін бақылауды жүзеге
асыру мақсатында стратегиялық саясатты құру.
Қазақстанда экономиканың осы даму деңгейінде директорлар кеңесінің негізгі
міндеті менеджменттің жұмысын қадағалау болып табылады.
Мұнда стратегияны
дайындау міндеті тұрған жоқ: менеджмент ұсынған З стратегияны мұқият оқу
керек. Оны түзету мүмкін, «шындыққа жанастыруы» мүмкін, қатаңдату мүмкін.
Яғни, қайтадан ойлап шығару емес, түзету. Директорлар кеңесінің келесі міндеті –
менеджменттің
іс-әрекетін бақылау, ол кейде түрлі идеялармен тым әуестенеді,
компанияның пайданы арттыру, қаржыландыру және т.б. сияқты қарапайым және
түсінікті қаулылық мақсаттары бар екенін ұмытып кетеді.
АҚ директорлар кеңесінің рөлі артуда. Бұл мынаған байланысты:
•
Қоғам жұмыс істейтін іскерлік ортаның қиындауы;
•
Қоғамның инвестицияларға
өсіп келе жатқан қажеттілігі, әсіресе дағдарыс
кезінде;
•
Дағдарыс кезінде бәсекелестіктің айтарлықтай
артатынын есепке алғандағы
өсіп келе жатқан бәсекелестік;
•
Мүдделі тұлғалардың мүдделерін есепке алу қажеттілігі (акционерлер,
менеджерлер және қызметкерлерден басқа).
1
Әрине, директорлар кеңесінің артықшылығы да, кемшілігі де бар. Олар –
кеңестің жұмысының субъектіліктің
жоғарғы деңгейінде, кеңесті құру және
олардың шешім қабылдаған кезінде өздерінің мүдделерін
қорғауда миноритарлық
акционерлер үшін қиындықтар. Бұған қоса, директорлар кеңесінің шекарасын және
компания жекешілігі мен тактикалық және жедел басқаруда тікелей қатысу
арасындағы шекарасын анықтауда қиындықтар туады.
Достарыңызбен бөлісу: