•
Акционерлер тарапынан бақылау. Үлеспайданың жоғары мөлшерінде
тағы да қосымша акционерлік капитал алу қажеттігі тууы мүмкін, ал ол капитал
концентрациясының кішіреюіне әкеледі, акционерлердің компанияға бақылауын
төмендетеді. Бір жағынан, үлеспайда төмен болса,
капитал құрылымы тиімсіз
болуы мүмкін, компания ірілерге жұтылу қатерінде тұрады, бұл тағы да
акционерлер бақылауын жоғалтуына әкеп соғады.
•
Бірқалыпты тұрақтылық. Бұл өзі көп назар аударатын фактор.
Үлеспайда инвестор мен нарық жағынан сенімді ұстап тұруға маңызды роль
атқарады. Тәжірибеде барлық уақытта тұрақты ағымды үлеспайдасы бар
фирмалар нарықта үлеспайда ағыны тұрақсыз
фирмалардан гөрі жоғары
бағаланады. Көптеген фирмалар түсірген пайдасының аздығына қарамастан,
үлеспайда сақталуын не көбеюін сұрап тұратын фирмалар акционерлер мен
компаниялар үлеспайдасы ағынының тұрақтылығына (не өсіп келе жатқан)
үлкен мән беруінің мәні осында.
•
Достарыңызбен бөлісу: