«экстра» үлеспайда төлеу әдісі
Компания жүйелі түрде белгіленген үлеспайданы төлеп тұрады, бірақ белгілі
бір кезеңдерде акционерлерге (табысты қызметіне орай), сыйақы сынды, бір
реттік, жүйелі үлеспайда есептелетін экстра үлеспайда төленеді.
•
Үлеспайданы акциямен төлеу әдісі
Үлеспайданы, акционерлердің жазбаша келісімімен, қоғамның құнды
қағазымен төленуі мүмкін. Үлеспайданы бұлай төлеу варианты акционерлердің
жалпы жиналысында қабылдануы тиіс. Акционерлер ақша орнына қосымша
акционерлік пакет алады. Мысалы, компанияда қолма қол ақша болмауы мүмкін,
қаржылық жағдайы онша тұрақты болмауы мүмкін. Акционерді ренжітпеу үшін
компания директораты үлеспайданы қосымша акциямен төлеуге ұсыныс жасауы
мүмкін. Мұндай саясат нарықта қоғам акцияларының құны үнемі өсу
жағдайында қабылдануы мүмкін. Егер мұндай акционерлерге қолма қол ақша
керек болса, ол өз акцияларының белгілі бір бөлігін сата салады. Егер сатпаса
оның байлығы акция құны өсуіне пропорциональды түрде өсе береді. Жойылу
туралы мәселесі жоқ компаниялардың бәрі үнемі үлеспайда акцияларын төлеуді
компанияда өз үлесін көбейтуді мақсат еткен акционерге ұсынады.
Үлеспайданы акциямен төлеудің артықшылықтары:
•
Ақшалай қаржы компанияда қалады;
•
Олар да ақшалай үлеспайда сияқты ақпараттық құндылыққа ие;
•
Егер жойылу мүмкіндігі шектеулі болса, үлеспайданы акциямен төлеу
үлеспайда ағынын үйреншікті қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі, ал ол
компанияның нарықтағы мәртебесін сақтайды;
•
Олар айналымдағы акция санын көбейтеді, сонымен акцияның іске асуын
жақсартады;
•
Олар компаниядағы акция пакетін көбейтуге құштар акционерлер үшін
тиімді, өйткені брокер , т.б. шығынсыз; егер үлеспайда түрінде алған қолма қол
ақша нарық арқылы компанияда қайта инвестицияланса.
2
Достарыңызбен бөлісу: |