Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет104/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

4
 
АҚ «Қазақтелеком» үлеспайда саясаты мәтінінің сараптамасы жалпы оның 
«Акционерлік қоғам туралы» Заң қағидаларының әртүрін бірге жинап, үлеспайда 
мөлшерінің таза табысқа қатысты фиксациясы болмаса, АҚ үлеспайда саясаты 
туралы акционерге қосымша ақпарат бермейді. Интернеттен біз тапқан әртүрлі 
АҚ корпоративті басқару кодексіндегі үлеспайда саясаты туралы еске түсірулер 
негзінде «Акционерлік қоғам туралы» Заңнан үзінділер. Бұл деген 
Қазақстандағы АҚ үлеспайда саясатын акционерлер тартумен оны сақтауға 
пайдалануға дайын емес деген сөз.
Қорытынды:

Дивиденд саясаты акционерлердің байлығын максимизациялауда-
компанияның қаржы міндеттерінің жалпы көрінісінде қаралуға тиісті. Бұл 
барлық уақытта максимальды үлеспайда төлеу деген сөз емес, өйткені үлеспайда 
үшін компанияның өз ішінде пайдалы қолданыс көзі табылуы мүмкін. 
Үлеспайда саясаты үлкен маңызға ие, өйткені ол капитал құрылымына 
компанияны қаржыландыруға әсер етеді. Ал акционерлік компаниялар 
жағдайында ақпараттық құндылықтарға да әсер етеді. 
• 
Дивиденд хабарлау үшін, АҚ оны жабатын жеткілікті не бөлінбеген
пайда, не ағымдағы пайда болуы керек. Ал үлеспайда төлеуге қолма қол ақша 
керек. Сондықтан үлеспайда саясатын шешуде оның жойылу мүмкіндігін, 
сондай-ақ ссуда алу мүмкіндігін бірге ойластыру керек. 
• 
Тәжірибеге сүйенсек, үлеспайда ағыны тұрақтылығы аз АҚ қарағанда, 
үлеспайда ағыны тұрақты АҚ нарықта жоғары бағаланады.
138 


• 
Үлеспайда саясатын жүзеге асыру мен қалыптастыру әртүрлі мәселелерді 
шешуге бағытталған: 

Меншік иесі пайдасын ағымдағы тұтынуы мен оның болашақ өсуі 
арасындағы белгілі бір қатынасты орнықтыру;
-
Акционердің меншігін максимизациялау;
-
акцияның курстық құнын көтеру;
-
үлеспайда төлеудің қалыптылығы;
-
кәсіпорынның қаржылық жағдайының қалыптылығы туралы хабарлама;
-
қатысушылардың бәріне бірдей тиімді төлеу формасын (қолма қол 
ақшамен, акциямен, акционерлік қоғам мүлкімен) , сондай-ақ үлеспайда төлеу 
мерзімі мен кезеңдерін анықтау;
• 
Қазақстан АҚ үлеспайда саясатын жасамайды, оны жарияламайды. Оның 
себебі жариялау маңызын түсінбеуден не инвестор тартуға мүдделі болмаудан. 
Немесе қаржыландыратын өзге көздердің жеткілікті болуынан. 
• 
Жасалған үлеспайда саясаты сапасы не олар туралы корпоративті 
құжаттарда айтылу аз күйінде қалып отыр. Бұл оны жасаушылардың , осы 
құжаттың мазмұны мен ролін түсінбеуге байланысты деген дұрыс болар.
Талқылауға арналған сұрақтар: 
1. 
Үлеспайда деген не?
2.
Жай және ерекше акциялар бойынша үлеспайда төлеудің айырмасы 
неде?
3. 
Үлеспайда төлеу туралы «Акционерлік қоғам туралы» Заңының 
талаптары қандай?
4. 
Үлеспайда төлеу көздері не?
5. 
Үлеспайда саясаты деген не ? 
6. 
Үлеспайда саясатының мақсаттары мен міндеттері қандай?
7. 
Компания төлейтін үлеспайда мөлшеріне не әсер етеді?
8. 
Үлеспайда мөлшерін анықтаудың қандай теориялары бар?
9. 
Компанияның үлеспайда саясатын қандай факторлар анықтайды? 
10. 
Үлеспайда мөлшерін анықтаудың қандай әдістемелері бар?
11. 
Қазақстан АҚ үлеспайда қалай төленеді ?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1
«
Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі 12.06.2001 жылғы 
нұсқасы, 01.01.2008 жылғы өзгерістерімен. – 10 бет, т.1, т.6. 
2
 
www.vzfei.ru/zip-docs/platforms/fm/lekc_tfinm3.doc
  
3
 
http://portal.telecom.kz/portal/page/portal/ext/telecom/080_invest/dividend_pol
  
4
 
http://www.kmgep.kz/rus/the_company/corporate_governance/relationship_with_nc_kmg/
  
139 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет