Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


тарау. Ақпараттың ашықтығы және айқындығы



Pdf көрінісі
бет105/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

7 тарау. Ақпараттың ашықтығы және айқындығы 
 
А.В. Копытин
Іскерлік әкімшілігі докторы 
Кіріспе 
 
Көбіне ірі корпорациялар акционерлік қоғам түрінде құрылады, ол 
келесі төрт бизнестің корпоративтік түрлерімен сипатталады: 
корпорацияның заңды тұлға ретіндегі дербестігі; әр акционердің шектеулі 
жауапкершілігі; басқа тұлғаларға корпорацияның орталықтандырылған 
басқармасының акционерлеріне жататын акцияларды беру мүмкіншілігі. 
Коммерциялық кәсіпорынның акционерлік түрінің артықшылықтарымен 
қатар кемшіліктері де кездеседі. 
Кәсіпорынның акционерлік түрінің аса 
маңызды артықшылығы 
– 
оның капитал нарығына қол жетімділігі 
болып табылады.
Акционерлік компаниялар инвесторлар үшін акциялар және 
облигациялар шығару жолымен қор іздестіруге қабілетті. Атап айтқанда, 
осындай капиталға қол жеткізген өздерінің кәсіпорындарына қосымша 
қорды тарту есебімен өсіп, кеңеюі үшін кәсіпкерлер Microsoft
-
та –
Билл 
Гейтс және Apple
-
да – 
Стив Джобс өз компанияларын акционер етуге 
мүмкіншілік тудырды. 
Капитал нарығындағы экспансия үшін талап 
етілетін қаржыларды жинауға компания акцияларын инвесторларға 
сатады. 
 
Акционерлер акционерлік компаниялардың иелері болып табылады. 
Бұл акционерлер фирмадағы туындаған барлық пайданы пайдалана алады
алайда олар егер фирма банкротқа ұшыраса өздерінің инвестицияларын 
жоғалта алады. Бұл процесстің екі артықшылығы бар. Біріншіден, кез 
келген адам компанияға инвестиция салып, өзінің жағдайын ұзақ мерзімге 
жақсарта алады. Екіншіден, кәсіпорын әлеуетімен өндірісті кеңейту 
арқылы капитал ала алады, онда ол экономикалық пайданы кеңейтіп, 
жұмыс орындарын құрып, мемлекеттік бюджетке салықтың түсуін 
қамтамасыз етеді. Корпорация, егер банкротқа ұшырауына немесе басқа 
фирмамен қосылуына байланысты жабылмаса, шексіз мерзімге құрылады. 
Корпорация иелері акция құнының шегінде шектеулі қаржылық 
жауапкершілікте болады. Сонымен қатар, корпоративтік меншік, әдетте 
140 


жойылушы, биржадағы акция түрінде компанияға үлесті сатып алуға 
немесе сатуға болады. 
Корпорация қызметінде белсенді және мүдделі тараптар болып 
облигациялар алатын инвесторлар табылады. Облигацияның акциядан
негізгі ерекшелігі сонда , облигация –қарыз беретін құнды қағаз, яғни 
облигация алған инвесторлар компания қаржысын белгілі шартпен қарызға 
береді. 
Бұл шарт әдетте шұғыл, яғни дәл келісілген мерзімге және төлемге
облигацияны инвестициялау болып табылады 
 
Компанияның облигациясын алған инвестор компания пайда тапты ма 
немесе зиян шекті ме оған қарамастан облигациялар бойынша табыстың 
пайызын алуға үміткер болады. Облигациялар алған инвесторлар мұнда 
тәртіп бойынша өз салымдарын жоғалтудан акция сатып алған 
инвесторларға қарағанда жақсы қорғалған. Оған компания банкротқа 
ұшыраған кезде акционерлердің зиянын қайтарудан бұрын, басқа кредит 
берушілермен бірге өз қаржысын қайтаруға талап етуге құқылы облигация 
иелері бекітілген заң нормалары арқылы қол жеткізген. Акционерлер, егер 
компания банкротқа ұшыраса акцияға салған өз салымдарын толығымен 
жоғалтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет