Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Салалар бойынша құқық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет43/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Салалар бойынша құқық ерекшеліктері 
АҚ қызметінің түрлері бойынша жекелеген акционерлер құқықтарының 
ерекшеліктері бар. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 
жылғы 7 шілдедегі №576-ІІ заңының 14-бабына сәйкес «...акционерлердің жалпы
жиналысы қорды қайта ұйымдастыру немесе осы қордың жарғысына немесе акциялар 
шығару проспектісіне акционердің құқығына қысым жасайтын өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана, акционерлік 
инвестициялық қордың акционері егер ол осы жалпы жиналысқа қатысса және 
көрсетілген шешімге қарсы дауыс берсе, өзіне тиесілі акцияларды сатып алуды талап 
етуге 
құқылы. 
2. Акционерлік қоғам инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар 
күшіне енгенге дейін осы қордың жарғысында немесе акциялар шығару проспектісінде 
белгіленген шарттар мен тәртіпте сатып алуға берілген барлық акцияларды сатып алуға 
міндетті. Акционерлердің акцияларды сатып алу туралы талаптар қою 
құқығы осы 
өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін тоқтатылады» 
Акционерлік қоғамдардың жарғыларында акционерлердің құқығын көрсету 
 
Төменде акционерлердің құқығы тарауында әртүрлі акционерлік қоғамдар 
жарғыларының бөліктері берілген. 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылдың 26 
наурызындағы № 152 «Жабық акционерлік қоғамдағы жарғылық капитал туралы» 
бұйрығында «Азық-түліктік келісім-шарттық корпорацияда» былай делінеді: 
6-
бап. Қоғамның акционерлерінің құқығы мен міндеттері 
6.1. Акционер құқылы: 
1) осы Заңда және қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға 
қатысуға; 
2) дивидендтер алуға және алынбаған дивидендтерді төлеуді «Акционерлік қоғамдар 
58 


туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен Қоғамның қарыздану 
мерзімінен тәуелсіз талап етуге; 
3) осы жарғы белгiлеген тәртiппен қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның 
iшiнде қоғамның қаржылық есебiмен танысуға; 
4) тiзiлiмдi тіркеуші немесе шартты ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк 
құқығын растайтын көшiрмелер алуға; 
5) қоғамның директорлар кеңесіне сайлауға кандидаттар ұсыну; 
6) қоғамның басқару органдары қабылдаған шешiмдерге сот тәртiбiмен дау көтеруге; 
7) қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сауал салуға және сауал қоғамға келiп 
түскен күннен бастап отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға; 
8) қоғам таратылған жағдайда қалған мүлiктiң бiр бөлiгiне құқығы бар. 
Осы бапта көзделген акционерлердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет