Лабораториялық жұмыстар



бет3/7
Дата27.10.2022
өлшемі109 Kb.
#463512
1   2   3   4   5   6   7
Лаборатория-1

7. Геоморфологиялық қима.

Жер бедерінің өзіне тән ерекшеліктері қимада жақсы көріне береді. Сондай қималардың бірі –геоморфолгиялық қима.


Геоморфологиялық қима – деп белгілі бір масштабтағы таңдалынып алынған сызықтар, бойынша жүргізілген және қиылып өтілген бедер пішіндерінің кескініндегі құрылысын көрсететін қиманы айтады.
Қима мына мәліметтер бойынша сызылады:

  1. Белгіленген жерді құралдардың көмегімен өлщеу арқылы (ең нақтылы әдіс).

  2. Топографиялық карталардағы мәліметтер арқылы

  3. Көзбен шолып бағалау арқылы алынған деректер бойынша көп жағдайда тура болмайды. Қима сызығы қарастырған территорияға тән жер бедерінің иішіндері мен түрлерін кесіп өтуі керек және соған орай іріктеліп алынады. Ал ауданы үлкен жер бедерінің сипаттамасы үшін бірнеше параллельдік қима тұрғызылады. Олар бір-бірінен алыс емес және өзара тең ара-қашықтықтармен бөлінеді. Үлкен дәлдікпен жүргізілген қималарда жер бедерінің морфологиялық және морфометриялық сипаттамалары және бедер пішіндері мен элементтерінің геологиялық құрылысы көрсетілуі керек.

Геоморфологиялық қималар, жер бедері дамуының негізгі кезеңдерін және өзара байланысты шөгінділерді анықтауға, қазіргі жер бедері мен бакйырғы жер бедер пішіндерінің байланысын ашуға және көмбе пішіндерді белгілеуге мүмкіндік береді.

Лабораториялық қима тұрғызу.


Геоморфологиялыө қима тұрғызу.
Қажетті деректер: Соть өзені бассейінінің топографиялық картасы, масштабы 1: 50 000. Қима сызығы бойынша берліген геологиялық құрылыстың мәліметтері және геоморфологиялық қимасының үлгісі.

8. Жұмыстың орындалу тәртібі.


1. Қима сызығын таңдау. Қима Андога, Соть, Вороновка өзендерінің аңғарларын баып өтуі керек.
2. Масштабтарды анықтау: Көлденең масштаб картаның масштабына сәйкес келеді. (1:50 000), ал тік масштаб одан ірірек етіп алынады. Оның көлденең масштабқа қатынасы сызықтар үшін 1:5, 1:10 және одан да үкенірек болуы мүмкін. Жер бедері элементтерінің өзен аңғарларында айқын көрсетілуі үшін тік масштаб берілген жағдайда 1:2000 етіп алынады.
3. Қима миллиметрлік қағазға тұрғызылады. Ол үшін қағазға перпендикулярлық тік және көлденең сызықтар жүргізіледі. Көлденең сызық картадағы қима сызығының ұзыныдығына келіп, оған горизонталдар арасындағы арақашықтықтар түсірілуі керек. Тік
сызықтың биіктігі масштабындағы қима сызығы бойынша жүргізілген биіктіктердің амплитудалық тербелісіне сәйкес келу керек. Оған биіктіктер белгіленеді. Белгілеу – 0-ден емес, қима сызығы бойынша ең аз биіктіктен басталады, берліген жағдайда 100 м-ден басталып, одан кейін 120, 140, 160, ... 240 м. болады. Масштабпен байланыса отырып түсрілген нүктелер, толқынды сызықтармен, жер бедерінің шын мәнінідегі көрінісіне сүйене отырып қосылады. Егер екі нүкте бір биіктікке орналасып, олардың екі жағында нүктелер төмен орналасса, онда олар дөңес келген сызықпен қосылады.Егер бір биіктіктегі нуктелерден көтерілу жүрсе, онда олар ойыс сызықтармен қосылады (аңғар, шұңғыма және т.б.)
Алынған сызық жазық қимада жер бетінің жер бедерін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет