Морфоқұрылымдар
Эндогендік процестердің басымдау болған қалыптасқан бедер пішіндерін морфоқұрылым деп атайды.
Тектоникалық құрылымдардың жер бедер морфологиясына көрініс беру сипаттамасына қарай екі түрін ажыратуға болады.
Тура морфоқұрылым тектоникалық құрылымның түріне сәйкес келеді: оң тектоникалық құрылым лайықты оң жер бедерінің түрін жасайды. (антиклинорийлер – тау жоталалары, антеклиздер – қыраттар, ал теріс,құрылым – тектоникалық гипсометриялық тым төмен түрлерін жасайды (синклинории – тау арасындағы ойпаңдар, синеклиздер – ойпаттар мен ойпатты жазықтар).
Айналмалы молрфоқұрылым тектоника құрылымына сай келмейді. Теріс тектоникалық құрылым жер бетінде оң жер бедерін жасайды, мәселен, антиклинді құрылымжер бетінде ойпатты, антиклинорий – тау арасындағы жазықтықты, ал оң тектоникалық құрылым – гипсометриялық биіктеу келген оң жер бедерінің түрін жасайды (иінді ойыс; синеклиза құрылымы үстіртті немесе биік жазықты; синклин құрылымы төбелер немесе жотаны жасайды.)
Неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде жердің бетінде тура, айналмалы және өтпелі морфоқұрылымдар дами түседі.
Лабораториялық жұмыс
Жер бедерінің әр түрлі типтері мен пішіндерінің тектоникалық құрылыспен байланысы.
Қажетті деректер: Қазақ ССР- атласы, І-ші том, Қазақстанның гипсометриялық, тектоникалық және геоморфологиялық карталары. Масштабы: 1: 5 000 000.
.
3.Бедердің генезисі мен жасын анықтау
Қазіргі геоморфолгияның негізгі анықтамасының бірі – эндогендік және экзогендік процестердің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл түсінік жер бедер генезисінің жалпы ұстанымы, дегенмен жеке бедер пішіндерін зерттегенде, оларды нақты талқылап, мұқият талдау керек.
Жоғарыда айтылғандай, бедердің ең ірі пішіндері – планетарлық мега – және макропішіндер, ал кейбір жағдайда бедердің мезопішіндері де эндогендік пішіндерге жатады. Ауқымы жағынан майда келген микропішіндер – көбінесе экзогендік бедер пішіндеріне жатады. Эндогендік және экзогендік процестер бедерді ңқалыптасуында тығыз байланысты.
Бедер генезисін зерттеу кезінде геоморфолог әр уақытта бедер пішіндерінің қалыптасуында геоморфолгиялық процестердің қайсысы басымдау және олардың қалыптасу тегін қалай дұрыс анықтауға болады деген сұрақтарға тап келеді. Сондықтан мұндай проблеманы талдағанжағдайда төмендегідей мәселелерге көңіл аудару керек.
Әр қатарлы бедер пішіндерінің қалыптасу гензисін анықтау жолында мынандай заңдылықтарды байқауға болады: бедердің ірі пішіндері жалпы эндогендік процестермен байланысты, ал оның бетінде дамыған кіші-гірім пішіндер экзогендік процестердің нәтижесі. Мұндай жағдайда алдымен бедер пішіндерінің мөлшеріне назар аударылуы тиіс.
Әдетте планетаның ірі пішіндері (бедер және макробедер) эндогендік процестер нәтижесінде қалыптасады. Мезопішіндер морфологиясы тек сирек жағдайларда ғана тектоникалық процестерге байланысты. Ұсақ бедер пішіндерінің басым көпшілігі экзогендік процестемен байланысты.
Бедердің жасы
Геоморфологияда геология ғылымына ұқсас бедердің «салыстырмалы» және «нақтылы жасы» туралы ұғымдар қолданылады (О. Леонтьев, Г. Рычагов, 1988).
Бедердің салыстырмалы жасы. Геоморфология ғылымында бедердің салыстырмалы жасы туралы бірнеше түсініктер бар.
Кез келген аумақ бедерінің дамуы. В. Дэвистің айтуынша, бір кезеңнен екінші кезеңге өту процесі, яғни сатылы процесс болып табылады.
«Бедердің салытырмалы жасы» деген түсінік жер бедері пішіндерінің өзара қарым-қатынасын зерттеуде қолданылады. Жалпы айтқанда, кез-келген бедер пішіні, оның бетінде кейінгі кезде қалыптасқан пішіндер көнелеу болып келеді. Мысалы, Каспий маңы ойпатында төрттік кезеңнің соңғы (хвалындық) кезінде қалыптасқан теңізді жазық кең ауқымда алып жатыр. Бұл жазықтық Хвалын теңізі шегінгеннен кейін, алдымен теп-тегіс болған беті, кейін эрозиялық тілімделуге ұшырады, ал кейбір өлкелерде эолдық процестердің әсерінен қайталап ұйытқылуынан түрлі құмды пішіндер қалыптасқан. Сөйтіп, бедердің осы эрозиялық және эолдық түрлері алғашқы Хвалындық теңіз жазығымен салыстырғанда жас болады.
Егер әңгіме бедердің аккумуляциялық пішіндері туралы болса, онда осы пішінді құрайтын шөгінділердің жасы кәдімгі геологиялық тәсілдер арқылы анықталады. Мысалы, орта төрттік кезеңдегі шөгінділерден құралған өзен террасасының жасы орта төрттік кезеңіне жатады. Ал бедердің өңделген, яғни денудацияланған пішіндерінің жасын анықтауға қиынға түседі. Бұл жағдайда К.К. Марков төменгі әдістерді ұсынады:
Сәйкестендірілген шөгінділер арқылы бедр пішіндерінің жасын анықтау (определение возраста рельефа по коррелятным отложениям). Кореляттық шөгінділер дегеніміз – қатар жасты шөгінділер деген ұғым. Кореляттық тәсіл – шөгінділердің және бедер пішіндерінің көнелігі бір мезгілде пайда болғандығына негізделген. Мысалы, жыра қалыптасу кезінде оның сағасында жыраның тілімделуінен борпылдақ таужыныстардан жиналған ысырынды конус пайда болады. Осы ысырынды конусты құраған түзілімдердің жасын геологиялық тұрғыдан анықтау, жыраның жасын анықтаудың кілті болып табылады.
Жастық шектелу әдістер арқылы бедер пішіндерінің жасын анықтау (определение возраста рельефа рубешей). Оның мағынасы осы өңделген рельеф пішіннің төменгі және жоғары шектерін белгілейтін шөгінділердің жасын анықтау.
Денудациялық бедердің «бекітілген» мезгілін анықтау (определение времени «фиксации» денудационного рельефа). Кейбір жағдайда денудациялық процесіне ұшыраған жазықтардың үстінде үгілу қабығы дамиды. Полеонтологиялық, полеоботаникалық және басқа әдістермен анықталған үгілу қабығының жасы сол денудацияға ұшыраған жазықтың жасы туралы сұраққа жауап береді.
Фация ауысу әдісі (метод фацальных переходов). Бұл әдіс палеонтологиялық қалдықтар кездеспейтін шөгінділірден құралған аккумумуляциялық пішіндірдің жасын. Анықтау барысында қолданылады. Қарастырған шөгінділіреді полеонтологиялық қалдықтары бар фация ауысқан шөгінділеріне дейін кеңістікте бақылау барысында осы екі шөгінділердің жасы бірдей екендігін анықтайды.
Бедердің нақты жасы . Соңғы он шақты жылдарда радиоизотоптық зерттеу әдістерінің даму нәтижесінде шөгінділердің және бедер пішіндерінің жасын астрономиялық бірілк есебімен яғни нақтылы жылдар санымен анықтауға болады. Бұл үшін радиоактивтік элементтердің жартылай ыдырау мерзімін (Т 1/2) білу керек. Ал радиоактивтік элементтердің жартылай ыдырау мерзімі дегеніміз – бұл кез келген радиоактивтік элементке тиесілі барша атомдардың тең жартысы ыдырауға кететін уақыт мөлшері.
4. Айырылымды дислокациялар және олардың жер бетінде көрініс беруі.
Айрылымды (дизъюнкциялық) дислокациясы омырылмалы деформацияға жататын таужыныстарының өз тұтастығынан айрылуы. Бөлінген геолгиялық (блоктар) тектоникалық жарылым бойымен орын ауыстырып жылжуы.
Қатпарлы деформациялар сияқты айрылымды дислокациялары жер бетінде тікелей және жанама түрде көрініс береді.Мысал, лықсу және шапшыма деформациялары дамыған белдемде біршама тік құлайтын кемерлер (кертпештер) байқалады. Олар айрылып көтерліген блоктың қыр бөлігінде жыртылу жігінің созылу (сағалану) бойымен параллельді қалыптастырады. Кейін гравитациялық және эрозиялық процестеріне ұшырап тік кертпештердің алғашқы морфлогиялық көрсеткіштерін жоғалтып жайпақталады да денудацияланған – тектоникалық кертпештерге ауысады.
Керпештердің биіктігі белгілі дәрежеде блоктардың тік бағыттағы жылжу ауысқан болса, онда лықсу жүйесінде сатылы бедер пішіндері пайда болуы ықтимал, ал блоктар бір-біріне қарам-қарсы ауысқан жағдайда жақпарлы – тектоникалық (глыбово-тектоничсекие) немесе лықсу – тектоникалық (сбросово-тектонические) таулы өлкелер құралады.
Көп жағдайда тектоникалық жарылымдар жер қыртысында жалғыз-жарым болмай, топталып жаралады. Егер екі немесе бірнеше лықсудан тұратын жарылымдар жүйесі арасынан ортаңғы бөлігі төмен құлдыраса, оны опырық немесе грабен (нем.Graben) дейді. Грабендер көбінесе ұзыннан ұзақ созыла отырып, жүздеген километрге дейін созылады, алайда олардың ені ондаған километрден аспайды.Ірі-ірі грабендер әдетте суға толы ойыстар (мәселен Байкал және Телецк көлдері), немесе аңғарлар түрінде ( Рейн аңғары) дараланады. Егер жарылымдар жүйесінің ортаңғы бөлігі өзін шектейтін қарсы жақтарға құлаған тектоникалық жарылымдар бойымен жоғары көтірлсе, онда оны орқаштау, немесе горст (нем.Horst – төбе) дейді.
5. Сақиналы құрылымдар.
Ғарыштық факторлардың әсерінен пайда болған жер бедерінің пішініне жасантастық кратерлер – астроблемалар жатады. «Астроблема» грек тілінен аударғанда «жұлдыз жаралары» деген сөзді білдіреді. Олар, метеориттердің жер бетіне құлауы кезінде түзіледі. Астроблемалар немесе метеориттік кратерлер әр түрлі көлемдегі және жастағы сақиналы құрылымдар түрінде болады. Қазіргі уақыттағы толық мәліметтер бойынша шамамен 150-ге жуық кратерлер белгілі. Олар жер бетінде әркелкі таралған. Мысалы, Солтүстік Америкада олардың саны 62, Еуропада -30, Азияда -26, Африкада -16, Австралияда -8, Оңтүстік Америкада -5, ТМД- территориясында әртүрлі сақталған 29 метеоритті кратерлер зерттелген. Қазақстандағы жақсы зерттелген космогенді сақиналы құрылымдарға Шұнақ (Орталық Қазақстан) және Жаманшин (Сотүстік Арал маңы) метеориттік кратерлері жатады.
Астраблемалар дөңгелек, концентрлік пішінде болып келеді де оның диаметрі бірнеше метрден 100 км-ге дейін және одан да жоғары болады. Сонымен қатар, күрделі морфологиялық орналасуымен ерекшеленеді. Олардың жастары әртүрлі: төрттік дәуірден 200 млн-шы жылға дейін жетеді.
В. Хартманның бағалауы бойынша, геологиялық тарих бойында кратерлер (сақталған емес, құрылған) тығыздығы 1 млрд. жылға 12.10-4 кратер /км2 болуы қажет. Айдың бетінде әрбір кратер қабырғалардың құлауының келесі метеориттік жарылыстардың нәтижесінде бұзылды, ал жерде кратерлердің нивелирленуіне, жер қыртысын уақыт өте созылып түзілуіне әкеліп соғатын су және жел эрозиясы, сонымен қатар тектоникалық жылжулар мен релаксациялар сияқты бірнеше табиғи процестері бар.
Айда кратерлер жерге қарағанда 100 000 есе ұзақ көрінеді.
Кратерлер эрозия және жергілікті тектоникалық қозғалыстардың әсерінен өтуінен басқа, тағы бір себеп – литосфералық плиталардың қозғалысы. Мұндай қозғалыс кезіндегі ірі сақиналы құрылымдар (овалды) сопақша тәрізді болып айналуы мүмкін немесе қозғалыс кезіндегі материктік плитаның астына кіріп кетуі мүмкін. Венгер зерттеушілері және біздің Қазақстанның геология – минералогиялық ғылымдар докторы, геолог Б.С. Зейлик Қара теңіз осы сияқты деформацияланған метеориттік құрылымдарға сонымен қатар Мексика шығанағын, Охот және Беринг теңіздерін жатқызады.
Ғарыштық факторлардың әсерінен пайда болған сақиналы құрылымдар практикалық маңызға ие, өйткені олардың орналасу мен пайдалы қазбалар кешені байланыста болуы ықтимал.
6 Жер бедерінің флювийлік пішіндері
Экзогендік морфогенездің ең маңызды фактолары – жер бетіндегі ағынды сулар: өзендердің тұрақты ағынды сулары мен уақытша ағынды сулар.
Ағынды сулар нәтижесінде пайда болған жер бедер пішіндерін флювийлік пішіндері деп аталады. Уақытша ағынды суларының негізгі пішіндері – эрозиялық жылғалар мен жырмалар, жыралар, сайлар, ысырынды конустар. Уақытша ағынды сулар әрекетінен пайда болған шөгінділерді пролювий деп атайды.
Тұрақты су ағыстарының эрозиялық-аккумуляциялық әрекеті нәтижесінде су аңғарларының әр түрлі морфологиялық және гентикалық түрлері құралады. Өзен аңғары – ұзына бойы бағытталған тұрақты су ағысының әрекеті нәтижесінде құрылған жер бедерінің теріс пішіні. Өзен аңғарларында арна, жайылым, өзен террасалары және аңғардың байырғы беткейлері дамыған. Өзен террасалары эрозиялық (мүсіндік), аккумуляциялық және эрозиялық-аккумляциялық түрлерге бөлінеді. Өзен шөгінділері аллювий деп аталады. Аккумляциялық террасалар аллювийлік шөгінділерден түзілген, егер олардың ені үлкен (ондаған және жүздеген километр) болса, мұндай террасалар аллювийлік жазықтар деп аталады.
Флювийлік пішіндерге аридті (құрғақ) аймақтар аңғарларының бастауында пайда болған лайлы-тасты су ағыстары селдер жатады (Мысалы, Іле Алатауы өзендерінің аңғарлары). Олар, яғни халық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.
Өзен аңғарларының беткейлерінде геологиялық құрылымына, географиялық орналасуына, шаруашылықтың іс-әрекетіне байланысты әр түрлі беткейлі денудациялық процестер: алаңдық (делювийлік), жыралық эрозия, жылжыма, опрылыу және т. б. дамиды. Бұл халық шаруашылығына үлкен зиян келтіретін қолайсыз табиғи процестер.
Лабораториялық жұмыс
1:50 000 және 1: 25 000 масштабындағы су торабына жер бедерінің флювиалды пішіні және беткейлік процестерге сипаттама.
Қажетті деректер: Соть өзені мен Черное көлі орташа ағысы бассейінінің топографиялық карталары.
Достарыңызбен бөлісу: |