Лабораториялық жұмыстар


Орта масштабты геоморфолгиялық карталардың географиялық негізін дайындау, бедер типтерін картаға түсіру



бет6/7
Дата27.10.2022
өлшемі109 Kb.
#463512
1   2   3   4   5   6   7
Лаборатория-1

13. Орта масштабты геоморфолгиялық карталардың географиялық негізін дайындау, бедер типтерін картаға түсіру.

Орта масштабты геоморфологиялық картаның негізіг түсіру нысаны- бедердің генетикалық типтері (гентические типы рельефа). Бедердің гентикалық типтері – белгілі бір табиғат әрекетінен қалыптасқан,морфологиялық, морфометриялық және генезис жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің заңды түрде үйлескен табиғат құбылыстары. Мәселен, жел әрекетінен пайда болған бедердің эолдық типі, мұздық әрекетінен қалыптасқан бедердің мұздықтық типі, теңіз әректінен түзілген бедердің теңіздік типі жіне т.б. Ал, ұсақ масштабты геоморфологиялық карталардың негізгі түсіру нысаны – алдымен бедердің класы (таулар, жазықтар, төбелер) және класс тарамдары, одан кейін қажетті жағдайларда картаның масштабына сәйкес болса бедердің генетикалық типтері де түсіріледі.


Әр аумақтың бедер пішіндері негізінде олардың морфология, генезис және жасы жағынан ажыраттылады. Бедердің осындай морфогенетикалық принциппен жүйелі түрде жіктелуі басқа әдістермен құрастырылған шартты белгілермен салыстырғанда ең қолайлысының бірі деп санауға болады, өйткені ол бедер туралы мәліметтерді картаның бетіне едәуір толық бере алады.
Мұндай жағдайда бедердің әр генетикалық типіне картаның шартты белгілерінде көрсетілген түсі сәйкес келуі тиіс: аллювийлік гензисіне – жасыл, денудацияланған бедерлеріне – қоңыр , эолдық пішіндеріне – сары бояу. Ал жеке бедер пішіндері мен элементтері (жыралар, сайлар, төбешіктер, шұңқырлар, арналар, террассалар, кертпештер, беткейлер және т.б.) арнайы бекітілген шартты белгілермен көрсетіледі. Сөйтіп, морфогенетикалық принциппен жасалған геомрофологиялық картаның шартты белгілерін сапалы (түрлі-түсті) фонымен, әр түрлі бедер-сызаттармен, сызық белгілермен және әріп индекстерімен дайындап жасау қажет.


14.Ірі масштабты геоморфологиялық карталарын жасау.

Ірі масштабты геоморфологиялық картаны жасау үшін мынадай орындау тәртібін қолану керек:



  1. Географиялық негізін дайындау. Аумағы топографиялық картаға сәйкес келген калька бетіне топграфиялық картадан бүкіл гидрография торын, негізгі тұрғын мекендерді, градус торларынжәне жолдарды түсіру. Осылардың жиынтығы картаның географиялық негізін құрады.

  2. Алдын-ала жасалып қойған геоморфологиялық шарты белгілер бойынша даярланған калька бетіне бедердің негізгі гентикалық түрін (типін), пішіндерін және жеке элементтерін мәселен, әр еңістіктегі беткейлер мен кертпештер және алаңшалар, жеке төбешіктер мен шоқылар, жыралар-сайлар және олардың гензисін белгілеу. Олар бірімен –бірі геоморфологиялық шекаралармен, қара түсті сызықтармен бөлінеді. Бұдан басқа бедердің жеке пішіндері мен элементтері арнайы белгілермен көрсетіледі

  3. Шартты белгілермен сәйкес бедердің генетикалық типтерін сапалы (түрлі –түсті) фонмен бояу.

  4. Түрлі-түсті фонмен немесе индекстермен бедер пішіндермен элементтерінің жасын көрсету.

  5. Арнайы шартты белгілермен қазіргі геоморфологиялық процесстерді (үгілу, жыралық эрозия, гравитациялық роцестер, өзеннің эрозия мен аккумуляция процестері, эолдық және антропогендік процестерді) бейнелеу.

  6. Картадағы рамкадан тыс шартты белгілерді безендіру (зарамочные оформление карты)

а) рамканың жоғарғы жағына картаның атын жазу, масштабын көрсету;
б) рамканың төмен немесе оң жағында геоморфологиялық шартты белгілерін жазу;
в) картаның төмен оң жағында карта жасаушылардың аты-жөнін және картаның жасалған жылын көрсету.



Бедердің генетикалық категориясы

Индекстер



Түрлі-түсті фон және белгілер арқылы картада бейнелеу



Э н д о г е н д і к

Тектоникалық:
Жер қыртысы тау жыныстарының иілмелі түрде өз тұтастығын бұзбай қалыптасқан

Үзілмелі (дизьюнкциялық) қозғалыстар арқылы қалыптасқан


Жазық бағыттағы жазық






Қызыл бояу изобазалар, страто және морфоизогипстер, көмпиме және төмендеу иілген пішіндердің ареалы (таралған аймақтары)
Сызықты белгілер

Шымқай-қызыл түсті


Сұр-шымқай қызыл түсті

Шымқай-қызыл түсті





Экзогендік





Гравитациялық: байланыссыз кесекті тау жыныстары материялының беткей бойымен өз ілінісін жоғалтуы немесе уақытша таянышынан айырылып қалу нәтижесінде кенет төмен қарай аусуымен сипатталатын грвитациялық қозғалыстар түрі (опырылмалы, сусымалы, жылжымалы) тау жыныстары блоктарының беткей бойымен өз салмақ күші әсерінен етекке қарай орын аусуы,сырғуы;
Ірі кесекті материалдың беткей бойымен жаппай төмен қарай баяу ауысуы
Сазды материалдың беткей бойымен жаппай төмен қарай баяу ауысуы.

Делювийлік


Флювийлік

Карсты және суффозиялық


Тоңдық

Мұздық

Мұздық (гляциалдық)


Флювиогляциалдық


Лимонгляциалдық


Эолдық

Биогендік
Көлдік

Теңіздік




dr, ds
dr,


sf
d
f

r +s

kr

gl + n

fgl

ldl

e

bg


l
m



Сарғылт түсті


Қызғылт-сары түсті

Қызғылт-сары түсті


Жасыл түсті

Қоңыр түсті


Күлгін-сұр т үсті


Күлгін түсті


Сұр жасыл түсті


Сұр көгілдір түсті


Сары түсті


Сары түсті


Көк жасыл түсті


Көк түсті




Антропагендік




Анторпагендік



ant


Қара түсті (сызықты және масштабтан тыс белгілер)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет