Лак және бояу жасау өндірісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1 тарау. Жалпы талаптар



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.63 Mb.
#131183
1   2   3   4

2 - параграф. Жабдықты орналастыру
84. Технологиялық жабдықты және жарылыстан қорғаныс құралдарын өндірістік үй-жайларда және ашық алаңдарда орналастыру оларды қауіпсіз және ыңғайлы пайдалануды, жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін және авариялық жағдайдың алдын алудың оперативті шараларын қабылдауды немесе аварияны жоюды қамтамасыз етеді.

85. Жабдықты орналастыру кезінде:

1) жұмыс істеушілердің тұрақты болатын негізгі өтетін орындарының ені кемінде 2 м, әрі олар еркін және түзу болуы;

2) жергілікті бақылау - өлшеу аспаптарының (тұрақты жұмыс орындары болғанында) сорғылық жабдықтарына қызмет көрсету бойынша өтетін орындардың ені кемінде 1,5 м болуы;

3) аппараттар арасындағы, аппараттар мен үй-жай қабырғасы арасындағы өтетін орындар, қажеттілігі болғанда айнала қызмет көрсету ені кемінде 1 м болғанда;

4) машиналар мен аппараттарды, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматиканы (бұдан әрі – БӨАжА) кезеңді қарау мен қызмет көрсетуге арналған орындар, жеке тұрған сорғылар арасындағы өтетін орындардың ені кемінде 0,8 м;

5) айнала қызмет көрсетуді қажет етпейтін жабдықтар бір-бірінен және құрылыс конструкциясынан кемінде 0,2 м шығып тұруы қарастырылады.

86. Жарылыс өрт қауіпті өндірістің технологиялық жабдығын:

қосалқы үй-жайлардың астына және үстіне;

жанатын, улы және жарылыс қауіпті өнімдері бар технологиялық құбыр өткізгіштердің эстакадасы астына;

герметикалы тығыздамалы сорғыларды қолданудан басқа немесе төменде орнатылған жабдықтарға жарылыс өрт қауіпті заттардың түсуін болдырмайтын қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру кезінде ашық сорғылық және компрессорлық қондырғылар үстінде орналастыруға рұқсат берілмейді.

87. Эстакадада, сыртқы қондырғы алаңдарында, жарылыс өрт қауіпті үй-жайларда жанатын және жарылыс өрт қауіпті өнімдердің технологиялық құбыр өткізгіштерін орналастыру олардың жағдайына көзбен шолу бақылауын жүргізу, қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу, жөндеу, бұл құбыр өткізгіштерді алмастыру мүмкіндігі есебімен жүзеге асырылады.



3 - параграф. Аппаратуралар мен құбыр өткізгіштерді

таттану бұзылуынан қорғау
88. Таттануға белсенді заттары бар технологиялық жабдық пен жарылыс өрт қауіпті өндіріс құбыр өткізгіштерін пайдалану кезінде пайдаланылатын құрылымдық материалдардың таттану тозу жылдамдығын есепке алумен оларды қорғау әдістері қарастырылады.

89. Таттанатын заттармен байланысатын технологиялық жабдықтар мен құбыр өткізгіштер таттануға төзімді металл құрылымды материалдардан дайындалады.

Негізді жағдайларда жабдықтар мен құбыр өткізгіштерді қорғау үшін таттануға төзімді металл емес жабындар пайдаланылады (фторопласт, полиэтилен және т.б.), металл емес таттануға төзімді материалдардан жасалған жабдықтар мен құбыр өткізгіштер (шыны, полиэтилен және т.б.) пайдаланылады.

4 - параграф. Сорғылар мен компрессорлар
90. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды тасымалдауға арналған сорғылар сенімділігі мен құрылымдық ерекшелігі бойынша физика-химиялық қасиетін, тасымалданатын өнімдер мен технологиялық процесс өлшемдерін есепке алумен таңдалады. Сорғылар мен компрессорлар саны технологиялық процесс шартына байланысты анықталады, олардың резервтелуі қарастырылады.

91. Сорғылар мен компрессорларды бұғаттау жүйесінің іске қосылу тәртібі технологиялық қондырғыны аварияға қарсы қорғау жүйесінің іске қосылу бағдарламасымен анықталады.

ЖТС мен ЖС айдау үшін пайдаланылатын сорғылар, өсімдік майларын есепке алмағанда:

іске қосуды болдырмайтын немесе оның корпусында тасымалданатын сұйықтың болмауында немесе қабылдау және тапсыру ыдыстарында оның деңгейі белгіленген шектен ауытқығанда сорғының жұмыс істеуін тоқтататын бұғаттаумен;

қауіпсіздікке әсер ететін процесс өлшемдері бұзылған кезде ескерту дабыл беру құралдарымен жабдықталады:

92. Сорғының немесе компрессордың айдау және сору құбыр өткізгіштерінде орнатылатын бекіту арматурасы оған барынша жақындатылады және қызмет көрсетуге ыңғайлы аумақта болады.

Қажеттілігі болғанда, жобамен анықталған айдау құбыр өткізгішінде тасымалданатын заттың кері қарай ауыстырылуын болдырмау үшін кері клапанды немесе басқа құрылғыны орнату қарастырылады.

93. ЖТС айдау үшін әдеттегідей, екі бүйір тығыздамалы сыртқа тебуші сорғылар, тістегерішті және бұрандамалы бүйір тығыздамалы сорғылар пайдаланылады. Берудің кіші көлемді жылдамдықтарында ЖТС мен ЖС айдау үшін кейбір жағдайларда, сонымен қатар мөлшерлеу жүйесінде поршенді және плунжерлі сорғыларды пайдалануға рұқсат беріледі.

Бекіту сұйығы ретінде айдау ортасынан бейтарап сұйықтар пайдаланылады. Бұл мақсатқа ЖТС қолдануға рұқсат берілмейді.

94. Екі бүйірлі тығыздамалы сыртқа тебуші сорғылар бақылау жүйесімен және бекіту сұйығы қысымының (ағуының) дабыл бергішімен, бекіту сұйығын беру жүйесінде әр сорғыға жеке қысымның (ағуының) түсуі туындаған кезде сорғыларды сөндіретін бұғаттаумен жабдықталады.



5 - параграф. Технологиялық құбырөткізгіштер және арматура
95. Жанатын және жарылыс қауіпті өнімдер үшін құбыр өткізгіштерді дайындау, монтаждау және пайдалану тасымалданатын ортаның химиялық қасиеті мен технологиялық өлшемдерін есепке алумен жүзеге асырылады.

96. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйеде жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды тасымалдау үшін стационарлы құбыр өткізгіш ретінде иілгіш (резеңке, пластмасса және т.б.) түтіктер пайдаланылмайды.

Иілгіш түтіктерді пайдалану кезінде дірілге ұшырайтын жабдыққа қосу үшін және темір жол цистерналары мен қосымша операцияларды (құбыр өткізгіш бөліктерін, сорғылар, үрлеу газдарының бұрылуларын үрлеу, ЖТС, ЖС қалдықтарынан құбыр өткізгіштерді босату және т.б.) орындау үшін басқа стационарлы емес жабдықтарға құю және қотару операцияларын жүргізу үшін пайдалануға рұқсат беріледі. Қосымша операцияларды орындау үшін иілгіш түтіктерді қосу тек осы жұмыстарды орындау кезеңіне ғана рұқсат беріледі. Түтіктерді құбыр өткізгішетрмен қосуға тұрпатты айырулар көмегімен рұқсат беріледі.

Түтікті таңдау тасымалданатын өнім қасиетін және процессті жүргізу өлшемдерін есепке алумен жүзеге асырылады, түтіктің қызмет ету мерзімі технологиялық регламентпен анықталады.

97. Құбыр өткізгіштер төсемі коммуникацияның ең аз созылуын қамтамасыз етеді, тұрып қалуды және тоқырау аумағының пайда болуын болдырмайды.

98. Құбыр өткізгіштерді қабырға және жабын арқылы төсеу кезінде құбыр өткізгіш бөліктері құбырға қосымша жүктің түсу мүмкіндігін болдырмайтын гильзаға жабылады. Құбыр мен гильза арасындағы саңылау 10 мм кем емес және жанбайтын материалмен тығыздалады.

99. Құбыр өткізгіштердің ернемектік немесе басқа айыру қосылғыштары болмайды.

Ернемектік қосылыстарға арматураны орнату немесе құбыр өткізгіштерді аппараттарға қосу орындарында, технология талабы бойынша құбыр өткізгішке тазалау және жөндеу үшін кезеңді бөлшектеу талап етілетін бөліктерде ғана рұқсат беріледі.

100. Ернемектік қосылыстар көзбен шола қарау, қызмет көрсету, бөлшектеу, жөндеу және монтаждау үшін мүмкін және ашық орындарда орналастырылады. Құбыр өткізгіштердің ернемектік қосылыстарын жарылыс өрт қауіпті, улы заттармен адамдар тұрақты өтетін орындарда және жұмыс алаңдарында (персоналдың үнемі болатын алаңдары) орналастыруға рұқсат берілмейді.

Ернемек материалы, тығыздау кұрылымы пайдалану шартын есепке алумен қабылданады.

101. Тығыздау құрылымы, төсем материалы және ернемектік қосылыстар монтажы технологиялық жүйенің жөндеу аралық кезеңі бойында айыру қосылыстарының герметикалығын қамтамасыз етеді.

102. Жанатын өнімді құбыр өткізгіштерді коллекторға қосу орындарында оларды кезеңді ажырату үшін арматура орнату қарастырылады.

103. Жанатын және жарылыс қауіпті ортаның блокаралық құбыр өткізгіштерінде әрбір жеке технологиялық блокты авариялық сөндіруге арналған бекіту арматурасы орнатылады. Арматура қызмет көрсету мен жөндеуге, оның жағдайын көзбен шола бақылауға ыңғайлы орындарда орнатылады. Qb<10 бар технологиялық блоктың құбыр өткізгіштерінде оны барынша аз уақытта әрекетке келтіруді қамтамасыз ететін қол жетекті арматура орнатылады.

104. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық жүйеде пайдалану шартында жұмыс ортасының таттану әсеріне төзімді болат арматура қолданылады.

Qb<10 бар технологиялық блоктарда шойыннан немесе металл емес құрылғылық материалдардан жасалған, шойын тығынды крандардан басқа арматураны пайдалануға рұқсат беріледі.

105. Құбыр өткізгіштер үшін (қайнау температурасы 45 °С төмен ЖТС басқа) 1,6 МПа артық емес жұмыс қысымды және температурасы минус 30-дан 150 °С плюске дейін созылымды шойыннан жасалған арматураны пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл ретте 1,0 МПа дейінгі жұмыс қысымы үшін Ру кемінде 1,6 МПа есептелген арматура пайдаланылады, ал 1,0 МПа жоғары қысым үшін арматура Ру 2,5 есе асады.

Сұр шойыннан жасалған арматураны жоғарыда көрсетілген орта үшін 0,6 МПа дейінгі қысымда және минус 10-нан плюс 100 °С дейін температурада пайдалануға рұқсат беріледі. Бұл кезде Ру кемінде 1,0 МПа есептелген арматура пайдаланылады.

В топты құбыр өткізгіштер үшін каталогта көрсетілген өлшем шегінде шойыннан жасалған (бұл ретте муфталы және шетмойынды) пайдалануға рұқсат беріледі.

106. Шойыннан жасалған (орта, қысым, температураға тәуелсіз) арматураны құбыр өткізгіштер үшін пайдалануға:

дірілге ұшыраған, қашықтан жұмыс істейтін және ортаның жылдам өзгеретін температуралық режимі шартындағы;

суды немесе құбыр өткізгіш қабырғасының 0 °С төмен болғанда қататын басқа да сұйықтарды тасымалдайтын сорғы агрегаттары байламында, сонымен қатар сорғыларды ашық алаңдарда орнатқан кезде көмекші құбыр өткізгіштермен рұқсат берілмейді.

107. Жарылыс өрт қауіпті өнімдері бар құбыр өткізгіштерде орнатылуға арналған арматура бекіткіштің герметикалығын қамтамасыз етеді.

108. Вакуумды желілерде түтікті және диафрагмалы арматураны пайдалануға рұқсат берілмейді.

6 - параграф. Аварияға қарсы құрылғылар
109. Авариялардың алдын алу, олардың дамуын болдырмау үшін технологиялық жүйелерде бекіту, бекіту-реттегіш арматура, кесетін клапандар және басқа да сөндіретін құрылғылар пайдаланылады.

Әдістер мен құралдарды таңдау, қорғау жүйесі элементтерінің іске қосылу кезеңдігін өңдеу, аварияның алдын алу мен болдырмау технологиялық процесс ерекшелігін есепке алумен бұл авариялардың даму мүмкіндігінің схемасын талдау нәтижесі бойынша анықталады.

110. Технологиялық блокка жылдам әрекет ету және өнімділік бойынша реакциондық компоненттерді және инертті заттарды беру жүйесінде пайдаланылатын арматура, клапандар және басқа құрылғылар мына талаптарға жауап береді:

процесстің регламенттелген мәннен ауытқудың кез келген жағдайында жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын, технологиялық блокка инертті газдарды беру жүйесінде инертті газды енгізудің көлемді жылдамдығы қамтамасыз етіледі;

технологиялық блоктардың реакционды аппаратурасының жылу алмасу элементтеріне хладогентті беру жүйесінде хладагентті басқарылмайтын экзотермиялық реакцияларды тоқтату үшін қажетті мөлшерде үзіліссіз қосымша беруді қамтамасыз етеді;

жанатын булы газ және сұйық ортаның ұйымдасқан лақтырылуының коммуникациясында бұл ортаны қоршаған атмосфераға лақтыру мүмкіндігін болдырмайды.

Жабдықтағы қорғаныс құралы іске қосылған кезде қызмет көрсету персоналының жарақаттану мүмкіндігін, жұмыс аумағына жарылыс қауіпті өнімнің лақтырылуын және қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмайды.

Технологиялық аппараттарда (құбыр өткізгіштерде) жарылыс өрт қауіпті өнімдері бар сақтандырғыш құрылғыларын орнату кезінде олардың іске қосылуының барынша аз жиілігін қамтамасыз ететін шаралар мен құралдар (сонымен қатар процессті автоматты реттеу) қарастырылады.

111. Жалынның таралуынан қорғау құралдары (оттың алдын алғыштар, жалынды кескіштер, сұйық бекітпелер және т.б.) ЖТС және ЖС бар аппараттар мен резервуарлардың тыныс алу және бүлдіру сызықтарында, жалынның таралуы мүмкін ЖТС және ЖС құбыр өткізгіштерінде, сонымен қатар кезеңді жұмыс істейтін немесе құбыр өткізгіштің толмаған қиысуы кезінде орналастырылады.

Жалынның таралуынан қорғау құралдары бұл желілерге оларда жарылыс қауіпті қоспалардың түзілуін болдырмайтын мөлшерде инертті газды беру шартында орнатылмайды. Инертті газдарды беру тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

112. Оттың алдын алғыштар және сұйық сақтандырғыш бекітпелердің құрылымы пайдалану шарттарын есепке алумен жалынды таратпауды қамтамасыз етеді.

Оттың алдын алғыштар және сұйық сақтандырғыш бекітпелер үшін пайдалану шартында, соның ішінде кристаллдану, полимерлену және заттардың мұздауы кезінде олардың жұмысының сенімділігін қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

113. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық қондырғыларды ақаулы немесе сөндірілген аварияға қарсы құрылғылармен және инертті заттарды беру жүйесімен пайдалануға рұқсат берілмейді.

114. Титанның қос тотық өндірісінде әрбір қайта қалпына келтіру аппараты әуе эжекторымен, ал әр гидролиз аппараты табиғи қозғау салумен жеке сорғымен жабдықталады.

115. Айналатын пештер мен кептіргіштердің жоғары тіректері тіректің төбесінен 300 мм артық емес қашықтықта орналасқан қызмет көрсету алаңдарымен жабдықталады.

116. Әртүрлі жанармай түрімен жұмыс істейтін агрегаттардан жану өнімінің лақтырылуына жол берілмейді.

117. Күкірт сутегі тасымалдайтын жүйелер герметикалы және ішкі ауаның сорылу мүмкіндігін болдырмайды.

118. Шаңның жиналуы мүмкін үй-жайларда орналасқан аппараттардың жетектері электр қозғалтқышпен бір иінде орналасады немесе жабық редуктор пайдаланылады. Тұрпатты жабдықты орнату кезінде жекелеген жағдайларда клиноременді берілулер пайдаланылады. Тегіс ременді берілулерді пайдалануға рұқсат берілмейді.

119. Газ жанармайымен жұмыс істейтін стационарлы жаққыштар мен айналмалы пештердің бастарында сақтандырғыш клапандар немесе үзу мембраналары орнатылады.

120. Цинк изгарын арту кезеңінде реакторға цинк купоросын алу үшін тиеу люгының қақпағын ашу люк өлшемі бойынша бу берумен бұғатталады.




5 - тарау. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды

құю-қотару операцияларын орындау мен материалдарды сақтау

1 - параграф. Жалпы талаптар
121. ЖТС және ЖС сақтау мен тасымалдау, сақтау-резервуарларын толтыру мен босату, мәні осы жұмыстарды орындаудың жарылыс қауіпсіздігін анықтайтын (қысым, ауыстыру жылдамдығы, рұқсат берілетін барынша көп және аз деңгейлер, вакуумды түсіру тәсілдері және т.б.) процесс өлшемдерін таңдау бойынша технологиялық операцияларды орындау тәртібі өнімдердің физика-химиялық ерекшелігін есепке алумен жүзеге асырылады және технологиялық регламентпен регламенттеледі.

122. ЖТС және ЖС сақтау кезінде және құю-қотару операцияларын орындау кезінде резервуарлар мен құю-қотару құрылғылары олар өздері арналған өнімдерге ғана пайдаланады. Бос ыдыстарды физика-химиялық сипаттарымен және сақтауға арналған сұйық өнімдерді сақтау көрсеткіштерімен ұқсас өнімдермен толтыруға рұқсат беріледі.

Ыдыстарды толтыруға дайындау тәртібі (алдында болған өнімнен босату, жуу, тазалау, ыдыстарды майсыздандыру және т.б.) және арматураны, құбыр өткізгішті қосу бойынша жұмыстарды жүргізу технологиялық регламентпен анықталады.

123. Теміржолдардағы ЖТС және ЖС бар теміржол цистерналарын қоймалық (шығындық) ыдыс ретінде пайдалануға рұқсат берілмейді.



2 - параграф. Теміржол құю-қотару эстакадаларына

қойылатын талаптар
124. Цистернадан және оған ЖТС және ЖС құю мен қотару құю-қотару эстакадаларында жүзеге асырылады.

125. Теміржол цистерналарын құю (қотару) эстакадалары теміржол бөлігінің тура тұйық бөлігінде орналасады және бір жақты да, екі жақты да, яғни теміржолдың паралелль орналасқан екі тұйық бөлігі арасында орналасуға рұқсат беріледі.

126. Бір жағынан құю-қотару құрылғысымен жабдықталған құю-қотару эстакадалары жол бөлігінен 200 м радиустан кем болмай орналасады.

127. Өрт кезінде құрамды шешу мүмкіндігі үшін теміржол тұйығының ұзындығы есепті маршрут құрамының соңғы цистернасынан тіреу бағанына дейін есептегенде 30 м арттырылады.

128. Эстакада ұзындығы бір уақытта құюға (қотаруға) берілетін құю-қотару құрылғысы мен цистерна санымен анықталады.

129. Олардың авариялы (немесе тосын) төгілуі кезінде сұйық өнімдерді жинау үшін эстакада астына сұйықтар сәйкес қоймаға сорғытылатын немесе пайдаға жаратылатын жинағышы немесе қабылдағышы бар тұғырық орнатылады.

Тұғырық жабынының материалы құйылатын өнімнің агрессивті әрекетіне төзімді болады және оларға бұл өнім түскен кезде жарылыс немесе тұтану тудырмайды.

130. Құю-қотару операциялары басталар алдында құю-қотару құрылғылардың, жерге тоғыту жүйесі, қайта қосатын бұранда, ысырма, бұғаттау ақаусыздығы технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.

131. Теміржол цистерналарын ЖТС және ЖС құю (қотару) астына орнату тәртібі технологиялық регламентпен қарастырылған өртке қарсы режимді сақтаумен бұл операцияларды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етеді, соның ішінде:

вагон-цистерналарды тіркеу, ағыту және сұрыптау құю-қотару пунктерінен тыс жүргізіледі;

құю-қотару құрылығысының екі жағынан теміржолда (екі екі осьті немесе бір төрт осьті вагон қашықтығында) локомотивтің бұл белгіге кіруін болдырмайтын сигналды белгілер орнатылады;

теміржол цистерналарын тежеу үшін тоқтаған кезде ұшқын болдырмайтын материалдан материал пайдалынылады;

құю-қотару операциясын жүргізу кезінде пайдаланылатын аспап соғылу кезінде ұшқын шығармайтын металлдан жасалады.

132. Қауіптіліктің 1 және 2-сыныпты заттарын қабылдауға арналған эстакадалары тек жоғары құю құрылғыларымен жабдықталады, ал басқа заттарды қабылдау үшін жоғарғы да, сол секілді төменгі де құю пайдаланылады.

133. Құю эстакадасы астында будың тұтану температурасы 28 °С артық ЖС және ЖТС, жабысқақ суитын өнімдер үшін құю сорғыларын орнатуға рұқсат беріледі (бұл ретте ксилол үшін де).

134. Жабысқақ суитын өнімдер үшін темір жол цистерналарынан құю алдында өнімді жылытуды қамтамасыз ететін жабдық қарастырылады.

Жылытуға арналған жабдықты ашық алаңда немесе үй-жайда (жылытқышта) орналастыруға рұқсат беріледі.

135. Құю-қотару операцияларын орындау кезінде ЖТС және ЖС буларының атмосфераға түсуі болдырылмайды (құю схемасын газ фазасының шығатын ыдысқа қайтуымен қолдану; құю-қотару жүйесін булы газ фазасының ұйымдасқан жинақтау мен пайдалану қондырғысына іске қосу және т.б.).


3 - параграф. Жылытқыштарға қойылатын талаптар
136. Жылытқыш (жылыту станциясы) жеке тұрған ғимаратта орналастырылады.

Жылытқышты өнімді тұтынушы-цехына жіберу үшін сорғы станциясы үй-жайымен және қосалқы өндірістік үй-жайлармен (желдеткіш камералары, жылыту пунктері, электр щиттер, БӨА үй-жайы және т.б.) бұғаттауға рұқсат беріледі.

137. Жылытқышты бас жоспарда орналастыруға қойылатын талаптар ЖТС және ЖС қоймаларының сорғы станцияларына арналған талаптармен бірдей болады.

138. Будың тұтану температурасы 28 °С артық ЖС және ЖТС жылытқышында (сонымен қатар ксилолды) қойылып жатқан өнімдермен бірлескен құюды жүргізуге рұқсат беріледі, бұл ретте жылдам тұтанатын сұйықтарға арналған құю сорғыларының үй-жайы құю үй-жайынан өртке қарсы қалқанмен бөлінеді.

139. ЖТС немесе ЖТС мен ЖС бірге құю кезінде бұл процесстің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады: герметикалы құю, анағұрлым қауіпті өнімге есептелген табиғи қозғаумен желдету, автоматты өрт сөндіру.

140. Рельсаралық кеңістікте төгілген өнімдерді жинауға арналған қалып құрылғылары қарастырылады.



4 - параграф. Резервуарларға қойылатын талаптар

(резервуарлы парктерге)
141. Жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтарды сақтауға арналған резервуарлар өнімнің физика-химиялық қасиеті мен оларды пайдаланудың нақты шарттарын есепке алумен таңдалады.

142. Жер үстілік резервуарларға (жер үстілік сақтау) көлденең де, тік те рұқсат беріледі.

143. Резервуарлар егер резервуардағы сұйықтың барынша биік деңгейі тақалған аумақтың жоспарланған белгісінен 0,2 м кем болмаса (топыраққа батырылған немесе жерасты сақтауын топырақпен жапқан) жер асты болып саналады. Казематты түрдегі қоймаларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

144. Резервуарлар топпен орналастырылады. Лак және бояу кәсіпорындарына арналған резервуарлы парктердің ыдыстары (қоймалары) мұнай және мұнай өнімдері қоймаларына арналған құрылыс нормалары мен ережелерімен регламенттелген жарылуларды қамтамасыз ету кезінде шектелмейді.

145. Резервуарлы парктердің ішкі қоршауы (үйілулер) болады. Үйілулердің ішкі жағындағы алаңдар жоспарланады, топыраққа сақталатын өнімдердің кіруінің алдын алу бойынша шаралар қарастырылады.

146. Күн сәулесі әсерін болдырмау үшін ЖТС бар жер үстілік резервуарлар ақшыл бояумен сырланады.

147. Жылытуды қажет ететін өнімді сақтау кезінде резервуарды сырттай жылумен қоршау орындалады.

Резервуардың сыртқы бетінің және жылумен оқшаулау жабының қабығының температурасы 60 °С артық болмайды.

148. Резервуарларды пайдалану процесінде технологиялық регламентке сәйкес олардың герметикалығына, сифонды крандардың жағдайына, ернемектік қосылыстардың төсемдеріне үнемі бақылау орнатылады.

149. Физика-химиялық сипаттамалары ұқсас өнімдерді сақтауға арналған резервуарлар тобында авариялы резервуар орнату қарастырылады. Бұл ретте осы топ резервуарларының технологиялық коммуникациясы жұмыс резервуарын авариялыққа ауыстыру мүмкін болатындай орнатылады. Авариялық резервуардың сыйымдылығы ең үлкен резервуар көлемінен кіші емес.

150. Резервуарларды қарау, сынама алу немесе сұйық деңгейін өлшеу кезінде жарықтандыру үшін жарылыстан қорғалған орындауда аккумулятор фонарлары пайдаланылады, ал пайдаланылатын аспап ұшқын қауіпсіз болады.

151. Қышқылдар мен сілтілерді сақтауға арналған резервуарлардың таттануға қарсы қорғанысты, ернеулері бар түпқоймасы болады.

152. Қышқылдарға арналған резервуарлар конструкциясы әрбір резервуардың барлық бетіне қарау жүргізуге және болуы мүмкін ағуларды жоюға мүмкіндік беретін іргетастарда орнатылады.

153. Резервуарлар бақылау құралдарымен және процесс өлшемдерін басқарумен жабдықталады.

154. Қабырғасы 12 м биік жер үсті резервуарлары (жанбайтын материалдан жасалған жылумен оқшаулау резервуарларынан басқа) стационарлы суыту қондырғыларымен-сумен тазалау сақиналарымен жабдықталады.

155. ЖТС және ЖС үшін жерүсті резервуарларынан теміржол цистерналары үшін құю-қотару құрылғысына дейінгі қашықтық мұнай және мұнай өнімдері қоймаларына арналған құрылыс нормалары мен ережелері талаптарына сәйкес қабылданады.

156. Төмен тіреулерде құбыр өткізгіштерді төсеу кезінде резервуар паркі мен сорғылық арасында (немес жылытқыш) өрт машинасының кешен айналасында: резервуар паркі – сорғылық (жылытқыш) айналып өтуіне рұқсат беріледі.

157. Жер үсті резервуарларын топырақпен жабу ені резервуар қабырғасынан жабын бетіне дейін 3 м кем емес есеппен анықталады.


5 - параграф. Сорғы станцияларына қойылатын талаптар
158. Сорғы станцияларын орналастыру кезінде бас жоспарда мұнай және мұнай өнімдері қоймаларына арналған құрылыс нормалары мен ережелері және өнеркәсіптік ұйымдардың бас жоспарының талаптары сақталады.

159. ЖТС және ЖС айдауға арналған сорғылар ғимаратта да сол секілді алаңда да (ашық немесе шатыр астындағы) орналастырылады.

160. Алаңдарда констуркциясы мен қозғалтқыштары ашық алаңдарда пайдалануға рұқсат берілген сорғылар орнатылады.

161. Атмосфералық әрекеттен қорғау үшін жеңіл қорғау конструкциясы, шатыр, сырты қабық түрінде қорғаныс қалқандары (стационарлы және бөлектелетін) пайдаланылады.

162. Ғимаратта орналасқан сорғылар үшін оларды үй-жайдың ішкі жағынан қашықтан сөндіру қарастырылады.

163. Сорғылық үй-жайында басқыш құрылғысынсыз үй-жайды құрғақ жинау қарастырылады.

164. Сорғы станцияларының едендері үшін тасымалданатын орта әрекетіне төзімді, ұшқын шығармайтын материалдар пайдаланылады.

165. Сорғы түрін таңдау тасымалданатын өнімнің физика-химиялық қасиетімен: өнімділік, жинау және қабылдау ыдыстарының ағыны мен орналасу биіктігімен анықталады.

166. Бір үй-жайда әр түрлі температурада тұтанатын өнімдерді айдауға арналған сорғыларды орналастырған кезде, олар орналасқан үй-жай мен жабдық анықталған барынша қауіпті өнім талабына жауап береді.

167. Ысырма түйіні (басқару батырмалары) сорғылармен, егер негізгі жұмыс сорғылары (тұтану температурасы +120 °С артық болмайтын өнімдер үшін) бұл үй-жайда оннан артық болмаса, бір үй жайда орналастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет