Талант жайлы миф арманнан қалай
адастырады?
Барлық табыстар сөздігінен сызылып тасталуы керек бір сөз болса, ол
– талант. Себебі көп адамдар өздерінің əрекетсіздігі мен жалқаулығын
дəл осы сөзбен ақтап алады. Теледидар алдында жатып: «Менде мүлде
талант жоқ, сондықтан ешқандай да табысқа жете алмаймын», – дейді.
Данышпанды қалай тəрбиелеу керек?
Сіздермен бір педагогикалық тəжірибенің хикаясымен бөлісейін.
Венгр педагогі Ласло Полгар ұзақ уақыт бойы данышпан адамдардың
балалық шағын зерттеген. Соның ішінде ақылды балалар жайлы
айтқанда үнемі мысалға алынатын Вольфганг Моцарт та бар.
Ласло Моцарттың өмірбаянын бастан-аяқ толық зерттеп, «оның
данышпандығының сыры – тəрбие нəтижесі» деген қорытындыға
келді. Вольфгангтың əкесі скрипкашы Леопольд баласының
музыкалық білімімен күні-түні айналысқан екен. Моцарт скрипкада,
пианинода ойнауды, əнді, əн теориясын, əн жазуды үйренген. Ол төрт
жасында фортепианода үлкен туындыларды ойнап, бес жасында өзінің
алғашқы туындыларын жарыққа шығарған.
Полгар жылдар бойы ұлы адамдардың өмірбаянын зерттеген.
«Данышпанды қалай тəрбиелеу керек?»
21
деген кітабында өзі
айтқандай, дұрыс тəрбие арқылы кез келген баланы данышпан етуге
болатынына толық сенімді болған.
21
Polgár L. Nevelj zsenit! (Bring Up Genius!), 1989.
Осылайша Ласло осы əдісті өз отбасында да «тəжірибе» жасап көрмек
болады. 1969 жылы əйелі Клара екеуі қызды болады. Ол қызын қай
жағынан данышпан етіп тəрбиелеуді ойлап жүргенде, кішкентай
Сьюзан əкесінің сөресінен шахмат тақтасын тауып алады. Осы оқиға
бұл қыздың тағдырын шешкендей.
Ласло өзі де шахмат ойнауды жақсы көретін, енді ол шахмат
данышпанын тəрбиелеуді ұйғарды. Ол Сьюзанды күніне 8-10 сағаттан
жаттықтырды. Кейіннен қызы танымал шахматшы болып, қыздар
рейтингінде 2-орынға жайғасты.
1974 жылдың қарашасында бұл отбасыда София дүниеге келді, ол да
өсе келе атақты шахматшылар қатарына енді.
Бірақ бəрінен озған – 1976 жылы дүниеге келген Юдит. Бұл кезде
Ласло данышпандарды тəрбиелеуден шебер болған. Юдит ең танымал
шахматшы болып, əлемдік рейтингтегі қыздар арасындағы ондықта
бірінші болды. Бірде одан:
– Шахматтан басқа нəрсемен айналысқанда, табысты бола алар ма едіңіз? Мысалы,
математика ғылымында? – деп сұрағанда, ол:
– Мен шахматқа жұмсаған уақыттарымды басқа дүниеге арнағанда, əлбетте, кез келген
салада табысты бола алар едім, – депті.
Жүзінші рет 10 мың сағат ережесі жайлы
Малкольм Гладуэллдің «Данышпандар жəне Аутсайдерлер»
кітабында
22
«үздік табыс – іс жүзінде жұмсалған 10 мың сағат
нəтижесі» делінген.
22
Гладуэлл М. Гении и аутсайдеры. Почему одним все, а другим ничего? М.: Манн, Иванов
жəне Фербер, 2014.
Гладуэлл: «Психологтар дарынды тұлғалардың еңбек жолын зерттеген
сайын табысты болуда табиғи таланттың рөлі өте аз екенін анықтаған.
Еңбек қашан да бірінші орында», – деп жазады.
Біздің «талант» деп жүргеніміз – қабілеттеріміздің,
мүмкіндіктеріміздің, тосын сəттіліктеріміздің араласуынан туған
нəтиже. Егер кейбіреулер ерекше мүмкіндіктердің арқасында
жетістікке жетеді делік. Осы мүмкіндіктер белгілі бір заңдылықтарға
бағына ма? Солай екені анықталды. Зерттеу нəтижесі Forbes.ru
сайтына шыққан. Мақаладан үзінді келтірейік:
«Жиырма жыл бұрын психолог Андерс Эриксон екі əріптесімен бірге
Берлиндегі музыка академиясында зерттеу жүргізген. Скрипкашы
студенттерді үш топқа бөлген. Бірінші топқа жұлдыздар, əлемдік
деңгейдегі потенциалды адамдар кірген. Екінші топта – болашағы бар
деп баға берген студенттер. Үшіншісіне кəсіби музыкант болуы
екіталай, шамамен мектепте музыка пəнінен сабақ береді-ау деген
студенттер кіреді. Барлығына «қолыңызға скрипканы алғаннан бастап
бүгінгі күнге дейін қанша сағат жаттықтыңыз?» деген сұрақ қойылады.
Студенттердің барлығы дерлік бір уақытта бастаған, шамамен 5
жастарында. Алғашқы жылдары бəрі аптасына 2-3 сағаттан айналысып
жүрген. Бірақ 8 жастан бастап бұл өзгере бастаған. Үздік студенттер
барлығынан көп дайындалған: 9 жастарында – аптасына алты сағат,
12-де – аптасына сегіз сағаттан, 14 жастан 20 жасқа дейін – он алты
сағаттан. Мақсат қойып, бар зейінін салып дайындалғанда аптасына
отыз сағаттан асып отырған. 20 жаста үздік студенттерде 10 мың
дайындық сағаттары жиналған. Ал орта деңгейдегілерде 8 мың сағат,
ал болашақ музыка пəнінің мұғалімдерінде 4 мың сағаттан аспаған.
Кейін Эриксон əріптестерімен дəл осылай кəсіби пианистер мен
əуесқой пианистерді салыстырады. Қорытынды тағы қайталанады.
Əуесқойлар ешқашан аптасына үш сағаттан артық дайындалмаған.
Сондықтан 20 жастарында дайындық сағаттары 2 мыңнан аспаған.
Кəсібилер жыл сайын дайындық сағаттарын көбейтіп отырған, 20
жастарында 10 мың сағатты артқа тастаған.
Ол дəлел ретінде Гладуэлл Моцартты мысалға алады. Ол 10 жылдан
аса музыка жазып жүріп, тек 21 жасында танымал болған. Əйгілі
шахматшы Бобби Фишер де 9 жыл жаттығудан соң гроссмейстер
атанған. Билл Гейтс те компьютерді бағдарламалаумен 10 мың сағатын
өткізген, содан кейін ғана табысқа жеткен.
Андре Агассидің тарихы
Енді Андре Агассиді есіңізге алыңызшы. Ол бар болғаны 16 жасында
əлемдегі үздік жүз теннисшілер қатарына енген. 19 жасында 2
миллион доллардан аса табысқа қол жеткізген. Ол кəсіби теннисшілер
ассоциациясының рейтингінде 3-орында болған. Өзінің спорттық
мансабында 60 жеке турнирда, 8 Үлкен Дулыға турнирінде жеңіске
жеткен.
Мен Агассидің қалай ойнағанын көргенде оған сұрақтарымды
жаудырғым келеді. «Бұл қалай қолыңнан келеді? Сені немене, теннис
құдайы сүйген бе? Əлде туылғанда қолыңда теннис ракетасы болды
ма? Əлде сəби кезіңде арбаңда теннис добы ілініп тұрды ма?»
Кішкене сандырақ болып кетті ме?
Осы жерде Эрик Ларссеннің «Өзіңе аяусыз»
23
кітабынан оқығаныммен
бөлісейін.
23
Ларссен Э. Б. Без жалости к себе. Раздвинь границы своих возможностей. М.: Манн,
Иванов жəне Фербер, 2015.
Теннисші Андре Агассидің əкесі боксшы болып, Олимпиада
ойындарында Иранның атынан шыққан екен. Кейіннен АҚШ-қа қоныс
аударып, Лас-Вегастың қонақүйлерінің бірінде теннис алаңында
күзетші болып жұмыс істепті.
Майк Агасси бар бос уақытын балаларын тенниске жаттықтыруға
арнапты. Оның үш баласы əкелерінің жасаған ракеткасымен
жаттығады. Ракетканың ерекшелігі – допты ұшыру жылдамдығының
жоғары болуында. 1970 жылы кіші ұлы Андре туылғанда Майк теннис
ойнауға жаттықтырудың қыр-сырын меңгеріп алған болатын. Осы кіші
баласының төсегіне теннис добын іліп қойған, жүре бастағанда теннис
ракеткасын қолына байлап қойған екен. Андре 2 жасқа толғанда үлкен
теннис алаңында теннис ойнауды үйрене бастаған.
Эрик Ларссен гольф-клубқа жасқа толмай кірген Тайгер Вудс жайлы
да жазған. Ал Дэвид Бекхэм бала кезінде күні-түні Ист-Лондондағы
саябақта белгілі бір жерден гол соғып үйренген. Əкесінің айтуынша,
Дэвид сол саябақта бар уақытын өткізетін болған. Осы
еңбекқорлығының нəтижесінде ол 14 жасында «Манчестер
Юнайтедпен» келісімшартқа отырған. Дэвид бір сұқбатында: «Менің
басты жетістікке жету құпиям – дамылсыз жаттығу. Мен өмірде бір
жақсы нəтижеге қол жеткізгің келсе, жаттығу, жаттығу жəне тағы да
жаттығу керек екенін білемін», – дейді.
Эрик Ларссен сөз соңында мынадай дұрыс тұжырымға келеді:
«талант» деген сөз болмау керек». Дəл осы сөйлемді барлық мектеп,
оқу орындарының есігіне жазу керек деп санаймын. 10 мың сағат
ережесі кез келген салада жұмыс жасайды.
Рэй Брэдбэри 12 жасынан бастап күніне ең кемінде 1000 сөзден жазып
жүріпті. Тек 8 жылдан соң ғана «оқуға тұрарлық» дүние жазған. Осы
үздіксіз еңбек кезінде ол 3 миллион сөз жазып үлгерген.
«Талант» бар деп ойлап көрелік...
Белгілі бір іске икеміңіз бар ма? Бар болса да, ол сізге өте аз деңгейдегі
мүмкіндікті сыйлайды.
Табыс – 1% талант пен 99% еңбек нəтижесі.
Осы жерде дүкендегі 1% жеңілдікті елестетіп көріңізші. Ол көп пе
əлде аз ба?
Мен бірде бір кісінің өзінің рухани ұстазымен əңгімелескеніне куə
болдым. Ол: «Мен кəсіби музыкант болғым келеді. Музыканы сүйемін
десем де болады, бірақ мүлде талантым жоқ. Ал менің көршім өзінің
музыкалық тобымен елдің атақты жерлерінде өнер көрсетеді. Оның,
сөзсіз, ТАЛАНТЫ бар!»
Ұстазы оны тыңдап, «Талант? Талантты оған кім сыйлады?» – деп
сұрады.
«Талант» дейтін дүние аспаннан түсе салмайды. Əр адамның таңдау
құқығы мен өз қалағанын істеу құқығы бар.
Жоғарыдағы əңгімеден не түсінеміз?
Талант – ол сенің сол іске арнаған 10 мың сағатың.
Талант – күн сайын алға жылжуың.
Талант – талантты болуды таңдау.
Талант – темірдей төзімді болу.
Талант – өз күшіңе сену.
Талант – өзгелер көңіл көтеріп жүргенде сенің жаттығуларың мен
дайындықтарың.
Көбімізде Агасси, Моцарт, Полгарлардың ата-анасындай ата-ана жоқ.
Бірақ ол маңызды емес. Сіз өзіңіз данышпандықты «тəрбиелеп»
алуыңызға болады. Максим Горький айтқандай, «нағыз талант – өзіңе
деген сенім».
«10 мың сағат» жаттығуы
Сіз əлдеқашан табысқа жеткіңіз келген бір іс бар делік. Бірақ «табыс
келмегендіктен» оны тастап кеттіңіз. Ол іске бүкіл өміріңізде қанша
уақыт жұмсағаныңызды санап көріңізші. 1000 – 5000 сағаттан
аспағанына сенімдімін. Ол – əуесқойдың деңгейі, кəсіпқойдікі емес.
Соңында Джон Леннонның айтқаны: «Талант – табысқа сене алу.
Өзгелердің мен аяқ астынан талантты болып кеткенім жайлы
айтқандары – сандырақ. Мен көп еңбектендім».
Достарыңызбен бөлісу: |