«Мақсаттар тізімінің» іске аспауы немесе
жоспар не үшін түкке қажет емес?
Мақсат қою кезінде адамдар екі түрге бөлінеді. Біріншілері – SWOT
бойынша мақсат қоюда жəне оған жетуге құштар жандар. Бұл дəстүрлі
жүйенің жанкүйерлері, сəйкесінше адамның қай уақытта жəне қандай
мөлшерде нені алғысы келетінін білетіндер. Мысалы: «Мен алты айда
тұтынушылар санын 18 есе арттырғым келеді» деп топшылап, мақсат
қоятындар.
Кейде (немесе тіпті үнемі) олар өздеріне қажет нəрсені белгілі бір
мерзімге, белгілі бір мөлшерде белгілеп қояды. Жақсы. Егер сіз осы
топтан болсаңыз, одан əрі оқымағаныңыз жөн. Сізге оқу қажеттілігі
шамалы.
Мақсат қою кезінде жоспары скептицизм, сенімсіздік жəне кейде
ирония тудыратын адамдардың екінші түрі бар.
Мен де екінші санаттанмын. Егер мен мақсаттардың тізімін жасасам
(қанша уақытқа созылатыны маңызды емес), мерзімнің аяғында
тізімнің көп бөлігі жарамсыз болып қалады. Менің назарым басқа
жаққа ауады немесе жаңа кіріспе пайда болады, я болмаса мен «49
келіге дейін салмақ жоғалтуды» мақсат етсем, біраз уақыттан соң: «Ой,
мен бұл тізімді несіне жасадым?» деп сұраймын. Сөйтіп, райымнан
қайтып қаламын. Мен белгілі бір мақсатқа үлкен қиыншылықпен қол
жеткіземін. Бірақ бұл сəт орын алғанда мен өзіме əлі де көңілімнің
толмайтынын ұғамын.
Достарымның бірі маған өзінің көпке дейін мақсат қоюын доғарғанын
əрі жоспарлағандай бəрі дұрыс аяқтала бермейтінін айтқан болатын.
Ол мақсат қою туралы бір жақсы тренингке барып, өмірін бір жылға
жоспарлап, тізім құрды. Жыл соңында ол маған күлкіден жарылардай
болып, қоңырау шалды:
Елестетіп көрші, басты жеті мақсаттың біреуі ғана орындалды.
Біріншіден, мен өз заңгерлік фирмамды ашуды жоспарладым. Бірақ
бірнеше айдан кейін маған зор идея ұсынылды. Сөйтіп, маған бұл
мақсатты жоюға тура келді. Екіншіден, мен бір жыл ішінде сальсаны
керемет билеуді үйренгім келді. Бірақ бірінші сабағымда арқамда
ауырсыну пайда болды да, мен кешке аяқ асты бассейнге бара
бастадым. Үшіншіден, мен В***-ға сапарға шыққым келді. Бірақ ол
жерде қауіпті болды. Төртіншіден, біз ас үйде жөндеу жасағымыз
келді. Бірақ менің күйеуімнің көлігі бұзылып қалды, есесіне оған жаңа
қозғалтқыш сатып алу үшін ақша салуға тура келді. Жалғастырайын
ба?
Соңында ол бұдан былай ешқашан жоспарламайтынын мəлімдеді.
Сіз де бұлай жасаған болуыңыз керек. Сіз: «Жаңа стартап идеясын
ойлап тауып, бұл құрып кеткір жұмыстан шығу!» деп жазасыз, бірақ
екі аптадан кейін сізге сол компанияда басқа лауазым ұсынылады. Сіз
кенеттен қазіргі жұмысыңыз өте ыңғайлы екенін түсінесіз. Немесе сіз
жұмыс істеуге көбірек уақыт бөлуді жоспарлайсыз, бірақ сіздің
жүрегіңіз дауаламай жұмыс екінші жоспарға ауысады. Бірақ мақсат
қоюдағы ең жағымсыз нəрсе – ішкі уəдеңізді бұзу. Сіз өзіңізге: «Ей,
мен жыл соңына дейін осы он мақсатқа жетуге уəде бердім бе? Енді
олардың сегізі маған енді қызық емес! Бұдан кейін мен кім
болғаным?»
Жоспары құрысын!
Мен мұндай оқиғадан кейін ешқашан дəстүрлі түрде мақсаттар тізімін
жазбайтынымды ұқтым. Менің ойымда жинақталған идеялар мен
ойлар болды, олармен бөліскім келді. Жыл басында мен: «Мен осы
идеялар туралы кем дегенде 5000 адамның білгенін қалаймын» деп
ойладым. Осы уақытқа дейін мен 250 адамға мастер-кластар өткіздім
жəне қалаған нəрсеге жету үшін келесі жылы 20 шеберлік сабағын
өткізуім керек деп есептедім.
Маған 20 шеберлік сабағын өткізу үшін, тұтас бір жылдың əр
күндеріне жоспарлауға тура келді. Сонда өзіме: «Біраз тер төгуіме тура
келеді», – деп жұмыстардың тұңғиығына бататынымды ескергенмін.
Алайда бірнеше ай өткен соң, жедел вирустық инфекция сияқты, бұл
кітаптың идеясы бір жерден шықты. Оны бірнеше күн ішінде баспа
мақұлдады, үш айдан кейін қолжазба дайын болды. Менің одан да көп
адамдарға идеяларымды жеткізуге мүмкіндік болды.
Менің мақсатым 20 семинар өткізу болды. Мен қаншасын өткіздім?
Ешбірін.
Бірақ қанша пайызға менің мақсатымның мəні орындалды? 1000%-ға .
Бəрі мен ойлағаннан да жақсы болды. Менің ойымша, бұл сиқыр деп
аталады.
Жоғарыда Жаратушының бізге арнаған үлкен жоспары барына мен
сенемін. Біз ойлағаннан əлдеқайда жарқын жоспарлар.
Бізді шектейтін сенімсіздігіміз, өткен тəжірибеміз, ерекшеленбеу жəне
«ештеңе мүмкін емес» деген сенім. Мен бұны арзан маркетингтік амал
дер едім.
Мынадай афоризм бар: «Құдай сіздің сұрауларыңызға үш түрлі жауап
береді:
1.
Иə.
2.
Иə, бірақ қазір емес.
3.
Мен сен үшін одан да жақсысын дайындадым.
Шыны керек, бастапқы кезде бұл сөздер маған ешқандай əсер
етпейтін. Бірақ осыны оқығанда өзіңізді қалай сезінесіз? Бұл тіркестер
сіздің жүрегіңізде резонанс тудыра ма?
Кейде жақсылыққа жету үшін қарбалас тірліктен алыстап, денеңізді
тынықтырып, «ең жақсының» өміріңізге енуіне мүмкіндік беруіңіз
керек.
Көптеген адамдар үшін дəстүрлі мақсат қою нəтиже бермейді деп
санаймын.
Қара аққулар теориясы
«Егер сіз Құдайды күлдіргіңіз келсе, оған жоспарларыңыз туралы
айтып беріңіз» деген нақыл сөз бар. Біздің өмірімізде нақты жəне тым
қиын мақсаттар қою үшін қара аққулар өте көп. Америкалық
экономист Насим Талеб дəл осындай атаумен жазылған кітабында қара
аққудың кім екендігі жайлы жазды. Ол біздің өміріміздегі ең маңызды
оқиғалардың болжанбайтын жəне жоспарланбаған болатындығын
жеткізеді. Екінші жартыңызды, жақын достарыңызды қалай
кездестіргеніңізді, қалай жұмыс тапқаныңызды есіңізге түсіріңіз.
Сіз мұны жоспарладыңыз ба? Бұл жоспарланған болуы мүмкін бе еді?
Талеб Австралияның ашылуына дейін Ескі əлемдегі адамдар барлық
аққуларды ақ деп санаған деп жазады. Қара аққу табылғанға дейін
барлығы осындай ойда болатын. Алғашқы қара аққудың табылуы құс
күтушілері үшін үлкен тосын сый болды. Бірақ Талебтің айтуынша ең
бастысы бұл емес. Адамзаттың білімінде шектеу бар екендігі: адамдар
бəрін біледі жəне болжай алады (жəне жоспарлай алады) деп ойлайды.
Талебтің көзқарасы бойынша, барлық маңызды ғылыми жаңалықтар,
тарихи жəне саяси оқиғалар, өнер мен мəдениеттің жетістіктері – Қара
аққулар. Оларға ғаламтордың дамуы мен енгізілуі, Бірінші
дүниежүзілік соғыс, Кеңес Одағының ыдырауы жəне 2001 жылғы 11
қыркүйектегі шабуылды жатқызуға болады. Талеб адамзаттың
болашақты сəтті болжай білу қабілетін асыра бағалайды дейді.
Егер тіпті ғалымдар алдағы уақытта не болатынын жəне
технологияның одан əрі дамуын нақты болжай алмаса, онда біздің
нақты мақсатымыз бір жыл ішінде бізді қызықтыратындай болып қала
беретініне, оның орындалуына ештеңе кедергі болмайтынына қалай
сенімді бола аламыз?
Талеб ойлау экспериментін ұсынады: өміріңізді қарастыру жəне
ондағы күтпеген жерден орын алатын, салдары үлкен оқиғаларға
əкелетін рөлді тану. Сіз күткен сəтте қанша технологиялық өзгерістер
болды? Сіз өз мамандығыңызды қалай таңдағаныңызды, өмірлік
махаббатыңызды (немесе сатқындық жасағаныңызды) есіңізге
түсіріңіз, кенеттен байып кеттіңіз немесе тауыңыз шағылды. Осындай
жағдайлар қаншалықты «жоспар» бойынша орындалды?
Талеб адамдардың 30 жылдан кейін мұнайдың не болатынын болжауға
тырысатынын, бірақ келесі жазда оның қанша болатынын тіпті болжай
алмайтынын айтады. Сондықтан мақсаттарға соншалықты жақын
болмауыңыз керек. Біздің өмірімізде көптеген қара аққулар болады.
Мүмкін сізді үш күннен кейін өте жақсы жəне толығымен
жоспарланбаған нəрсе күтіп тұрған болуы мүмкін.
Мақсат қою, əрине, қажет. Бірақ олардың мəнін оқшаулау маңызды. Əр
мақсаттың артында бір нəрсеге ие болу емес, белгілі бір сезімдерді
сезіну ниеті тұруы керек. Мысалы, біз «үлкен үй» алғымыз келетінін
айтсақ, бұл бізге жайлылық сезімін сезіну қажет екенін білдіреді. Егер
біз «жаңа қымбат көлікті» алғымыз келсе, бұл өзімізді табысты
сезінгіміз келетінін білдіреді.
Кейде себеп тереңде жатады. Мысалы, менің «ПоршеКайен» көлігін
алу үшін бір жыл бойы ақша табуға тырысқан бір досым бар. Ол күн-
түн демей интернет-дүкен арқылы қытай тауарларын қайта-қайта
сатуға тырысты. Нəтижесінде, бір күні ол мас болып, достарына
Поршені тек бір бай жігітті қалап, оны тастап кеткен бір қызға ықпал
ету үшін қажет екенін айтты. Қысқасы, бүкіл Порше алудағы еңбек –
тек жігіттің өзін жақсы көргенді қалағандықтан басталған.
Маған шеберлік сабақтары аса қажет емес еді. Маған мүмкіндігінше
көп адамдарға ойларымды жеткізу үшін кез келген жол қажет болды.
Біз көбінесе мақсатымыздың мəнін елемейміз. Ал мəні əрқашан
бірегей: өзімізді сүйікті сезіну, дамыған, сəтті, дені сау, əдемі, басқаша
айтқанда, бақытты сезіну.
Мотивациялық спикер Даниэль Лапорте өзінің «Сезіммен өмір сүр»
32
кітабында мақсаттар картасын емес, армандар картасын жасау керек
дейді. Міне, мақсаттарды қалауларға айналдыру əдісі.
32
Достарыңызбен бөлісу: |