Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Егер барлығы тығырыққа тірелсе не істеу



Pdf көрінісі
бет12/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Егер барлығы тығырыққа тірелсе не істеу
керек? Алға ұмтылыс жасаймыз
Бірде супермаркетте ерлі-зайыптылардың əңгімесі құлағыма шалынды.
Жастары 40-тарға келген екеуі жеміс-жидек сататын жерде тұрған-ды.
Отбасы идиллиясы
14
. Əңгімелері тамақтану, денсаулық сақтау, ұзақ
өмір сүру жөнінде екен. Əйелі:
14
Идиллия – ХІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. басында пайда болған поэтикалық жанр
– Қалай ойлайсың, сен қанша жасқа дейін өмір сүресің?
– Бұл менің нағыз өмірімді қашан бастайтыныма байланысты, – деп
тосын жауап қайырды күйеуі. Сол кездегі əйелдің таңғалғанын
көрсеңіз. Ер адамның бұл жауабы қазіргі уақытта өзіне ұнамайтын 12
сағаттық жұмыс, несие, күнделікті шығындар жəне хоббидың
жоқтығымен байланысты болғаны белгілі еді.
«Мақсаттардың тізімі» немесе бос əурешілік
«Өзімді қалың тұман арасында қалғандай сезінемін. Күндерім бірінен
соң бірі босқа өтіп жатыр, негізінде, мен əлі шындап өмір сүруді
бастаған жоқпын. Неден бастасам болады?» Таныс сөздер ме?
Меніңше, жан дүниеңізге жат сөз емес. Өз басым адамдардан бұл
сөздерді жиі естимін.
Бұл сезім – қайдан, нені, қалай бастарыңды түсінбей дал болудан келіп
туындайды. Оған қоса барлығын өзгертетін шамаң бар болса ғой.
Əдетте, бұндай кездерде бізге «мақсат тізгіш» кітаптар не мақалалар:
«Өзгергің келе ме? Ең алдымен өзіңе не ұнайтынын тап, соған сай
мақсаттарыңның тізімін жаса да əрекет ет!» деуден жалыққан емес.
Меніңше, бұл – жағдайды тек біржақты қарау. Бірақ сені бұл
жағдайдан алып шығатын бір жол бар. Бұл – өзіңді сынап көру.
Өміріңді өзгерту үшін өзіңді сынап көруің қажет. Бірақ қалай?
Барбара Шер
15
 «О чем мечтать» кітабында осыған қатысты бір
оқиғаны жақсы келтіреді. Оның жетістікке жетушілер тобына 45
жастағы Джесси есімді əйел келіп қосылады. Ол ұяң əрі өте ұялшақ
еді, өмірден өзіне не қажет екенін білмейтін. Бірнеше ай бойы алты
адамнан құралған топ Джессимен жұмыс істеді. Оған өмірінде не
ұнамайтынын анықтауға жəне оны қалай өзгерту керек деген сынды


мəселелерді шешуге тырысты. Бірақ Джессидің өзі еш нəрсені
қаламайтын, талпынбайтын.
15
 Шер Б. О чем мечтать. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2015.
Бірде ол қыста ит шана жарысына қатысқысы келетінін айтады.
Топтағы адамдардың «Неге?» деген сұрағына «Білмеймін» дегеннен
басқа жауап қайырмапты. Ақыр соңында оның шанамен сырғанауды
білмейтіні белгілі болды. Ал Джессидің сол кезде айтқан жалғыз уəжі:
«Бұл менің қалауым». Бұл тілегі жақындарын таңғалдырды.
Барлығы оған көмектесуді өз мойындарына алды. Дайындық
жаттығулары бірнеше ай бойы жүргізіліп, құрама жинақталды.
Ақырында Джесси ол жарысқа жолдама алды. Барлығы оның бұл
жарыстан қайта оралғанда шанамен сырғанауды жалғастыратынына
сенімді болған.
Бірақ Джесси қайтып оралғанда тағы да таңғалдырды. Ол бұл спорт
түрімен айналыспайтындығын айтты. «Енді не істегің келеді?» деген
топтың сұрағына Джесси: «Жұмыстан шығуға арыз беремін», – деп
жауап берді.
Бұл оқиғадан нені көреміз? Адамды бір сарынды өмір қашан да
қажытады да түсініксіз тоқырауға əкеледі. Ондай кезде жалындап
тұрған, айқын мақсаты бар, белсенділікке толы өмірге құштар болуды
еске түсіру керек. Ол үшін қалыптан тыс, сізді басқаша ойлауға
жетелейтін іс-əрекеттерді жасап көру керек. Меніңше, ол – басқа
салада өзіңді сынап көру:
• ол бізді үйреніскен жайлы ортаның бұғауынан босатады;
• санаға серпіліс сыйлайды;
• өзімізге өзгелердің көзімен қарауға көмектеседі;
• өзімізді бағалай түсеміз;
• болашаққа қадам жасауға күш береді.
Саясаттану пəні мұғалімінің байкер болу оқиғасы
Менің де тобымда осыған ұқсас бір адам болған. Оның есімі –
Александр. Мемлекеттік университетте саясаттану пəнінен сабақ
беретін. Оның жасы 40-тарда еді. Қатаң ережелермен өмір сүріп
əдеттенген, өте ұқыпты киінетін. А.П. Чеховтың «Человек в футляре»
шығармасындағы дəл Беликов дерсің. Артық қалауы, арманы жоқ, тек
күнкөрістің қамымен жүрген адам.
Біз оны ең болмағанда басқа дүниелермен айналысуға тартып көрдік.
Оның балалық шағында Harley Davidson мотоциклдерін жақсы көріп,


Еуропада мотоциклмен саяхаттауды армандағаны белгілі болды. Бірақ
не мотоциклге, не Еуропаға баратын қаражат Александрда болмады.
Соған қарамастан ол Ресейлік саяхатшы байкерлерді тауып, солармен
бірге кететін болды. Ең қызығы – мотоциклсіз. Ол күнде кешке
байкерлерге Дүниежүзінің тарихын айтып береді, ал олар оны бірге
алып жүретін болып келіседі.
Сапар кезінде ол бірнеше рет төбелестерге араласып, мотоциклден
құлап, полицияға да түскен. Қысқасы, көрмегенді көріп, қайтып келеді.
Бірақ бұрғынғыдан өзгеше болып келеді. Ерекше бақыт құшағында өз-
өзіне дəн риза. Оралғандағы айтқан сөзі: «Университеттегі
жұмысымды тастаймын! Өзімнің тату-салонымды ашамын»
болды.
Бəрімізде туындаған сұрақ: Қалайша?
Бұл жерден ешқандай логика іздеудің қажеті жоқ. Бұл жерде жүректің
не қалайтынын көру маңызды. Ол қайда, қалай бару керектігін біледі.
Осындайда өзіміз əдемілеп жазып қойған «мақсаттар парағы»
жарамсыз болып қалады. Əр арманның өзіндік ерекше жолы бар.
Бір жігіт «əрекеттің тоқтап қалуын» жеңуді күнде таңертең жəне кешке
тістерін жақсылап жуудан бастады. Бұл шешімді барлығы құрдымға
кеткенде қабылдаған болатын. Өмірінің астан-кестені шығып, бизнесі
құлдырап, отбасымен қарым-қатынасы да нашарлаған еді. Оның
біртіндеп таңертең ертемен жүгіруіне себеп болған да осы «тіс
тазалау» екендігін айта аламын. Осыдан соң ол жігіттің ортасы
өзгерді. Нəтижеде қазірге дейін сəтті жүзеге асып келе жатқан
стартапты бастады.
Кейде ілгері жылжуға бір ғана соққы жеткілікті болып жатады. Өмірде
маңызды оқиғалар болады. Оның əсерінен сіз өзіңізге баға беріп, əр
сəттің өміріңіздің құрамдас бөлшегіне айналғанын сезесіз, түсінесіз.
Күнделікті өмірдің тұйық шеңберінен шығуға бұның қандай көмегі
бар деп сұрамаңыз. Өзіңізді кез келген сынақ алаңына тастап жіберіңіз.
Ол өміріңізді өзгертетіне толықтай сенімдімін.
ЕГЕР ЖАНЫҢЫЗ БІР НƏРСЕНІ КЕРЕК ЕТСЕ:
• Байкал көліне немесе Колумбияға барыңыз;
• парашютпен секіріңіз;
• 30 күн бойы таңертең жүгіруді бастаңыз;
• stand up жанрында өнер көрсетіңіз;
• əлемге ақшасыз саяхат жасаңыз;
• жүзіп көріңіз;


• бір биік тауды бағындырыңыз;
• 20 түрлі мақал-мəтел жаттаңыз;
• Сантьяго Жолымен
16
 жүріп өтіңіз;
16
Сантьяго жолы – Еуропа арқылы Сантьяго-де-Компосвтела қаласына апаратын ескі жол.
• Марафонда жүгіріңіз;
• бұрынғы қызыңызға (жігітіңізге) хабарласып, ненің дұрыс болмағанын біліңіз;
• кастингтерге барыңыз;
• Қытайлық туристерге қалалық турды ұйымдастырыңыз;
• қалада жалғыз серуендеңіз;
• бір аптаға телефоннан бас тартыңыз;
• кітап жазыңыз;
• айналаңызда тазарту жұмыстарын жүргізіңіз;
• кванттық физиканы, теорияны үйренуді бастаңыз;
• корридаға
17
шығып, бұқалармен селфи жасаңыз.
17
Коррида – Испаниядағы бұқаларға арналған күрес алаңы.
Көп ойланбаңыз. Əр нəрсенің қисынын іздемеңіз. Бағыңызды сынап
көріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет