Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


Табысқа жету туралы көшбасшылар қандай



Pdf көрінісі
бет53/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

Табысқа жету туралы көшбасшылар қандай
мінезді айтпай үнсіз қалады?
Жарқын жетістіктерге жету үшін адам қандай қабілеттерге ие болу
керектігін сұрағанда, көбінесе есімізге түсетіні жауапкершілік,
шүкіршілік, батылдық сынды қасиеттер.
Алайда көшбасшылар айта бермейтін қасиет: бұл – дертке төзе білу.
Жетістік жолы адамдар жиі басып кете беретін тікендерге толы.
Олардың бірнеше түрі болуы мүмкін:
• Жақындарымыз бен туыстарымыздың сенбеуі.
• Қателіктер мен нəтиженің жоқтығы.
• Айналадағылардың сынға алуы.
• Бас тартулар мен қиындықтар.
• Қаржы мəселелері.
• Қорқыныштар.
Мұндай дертті оқиғаларды сіз де басыңыздан өткерген боларсыз.
Мəселен, Вася деген бір адам өз өмірін өзгерткісі келеді делік. Өзіне
заңгер боп қызмет ету ұнамайтынын біледі, себебі ол керемет сайттар
жасауды қалайды. Вася өзіне үш апталық демалыс алады да, веб-
дизайн тренингіне махаббатпен, шабытпен барады. Кейін «Клиентті
қалай табамыз?» тренингіне де қатысады, міне, ол тап қазір айналаның
бəрі кереметтей көрінетін «көзілдірігін» шешті де, алып əлемге қадам
басуға дайын болды.


Ол алғашқы клиентін табады. Васяның тəжірибесі көп емес,
сондықтан сайт та аса сапалы болып шықпайды. Клиент
қанағаттанбай, Васяның да көңілі түсіп қалады. Екі апта бойы жаңа
клиенттер іздейді. Іздегенін тауып, сайттың макетін дайындайды, бір
кезде клиенттер қоңырауларға жауап бермейді. Вася достарына «Веб-
дизайн – менікі емес» деп, заңгер қызметіне қайта оралады.
Бітті. «Ауру» жеңді.
Шыдамды адамдар
Асылында, кез келген жақсылық қиындықтармен келеді. Жаңа
адамның өмірге келуі де жанға батар аурумен болады. Құлау арқылы
сəбилер алғашқы қадамдарын жасайды. Кез келген жақсы нəтиже
қинала жүріп үйренуден кейін болады.
Ұзақ мерзімді мақсаттарға төзе білу қасиеті қарапайым адамды
көшбасшыға айналдырады. Қиындықтар мінезді шыңдайды жəне
табысқа жетуге көмектеседі. Бұл қандай да бір сыртқы проблемалар
емес, бұған арманы асқақ адамның көшеде ақшасыз қалуы да жатады.
Адам жақындарымен қарым-қатынаста «сабақтардан» өтсе,
бұрынғыдан мықтырақ болады. Бірнеше жылдар бұрын мен
бөлімдерден құралған компанияда жұмыс жасадым. Біздің бөлімнің
басшысы Павел жаман адам болды демеймін, бірақ көпшілік оған өз
адамдарын қорғап, команданы бірлікте ұстай алмағаны үшін
реніштерін білдіріп жататын. Егер білікті маман жұмыстан шығамын
деп жатса, Паша «Кете бер. Шық, мен сені ұстап тұрғаным жоқ»
дейтін. Штатты қысқарту керек болса, қызметкерлердің босатылуы
біздің бөлімнен басталатын. Себебі Пашаның кез келген жұмысшыны
қуып жібере алатыны бəріне мəлім еді.
Бір кездері Пашаның əкесі қатты науқастанып қалды. Дəрігерлер
қолдарынан келгенін жасаса да, əкесінің бірер айлық өмірі қалғанын
айтты. Паша əкесінің өмірі үшін барынша күресті. Ол барлық ерік-
жігерін, руханиятын жəне қаржы қорын жұмсап, əкесінің өмірін бір
жылға созды.
Осы жылдан кейін бөлімде барлығы өзгерді. Павлда құдды бір ішкі
жан дүние қайта пайда болғандай. Ол командадағы əр адамды сыйлай
бастады. Біреу жұмыстан шығатынын айтса, себебін сұрап, мəселені
қалай шешуге болатынын ойлап, бəйек болатын болыпты.
Қызметкерлерді қысқарту енді біздің бөлімнен басталмайтын болды.


Қиындықтар адамды шынықтырады. Əдетте, табысқа жеткендердің
өмірінде көптеген мəселелер болған. Ал көйлегі көк, тамағы тоқ болып
өскен адам қиындық келсе, қарсы тұра алмай тез «сөнеді».
– Мен көпті көрген адаммен жұмыс жасағанды жақсы көремін.
– Бір нəрсе қолдарынан келмей жатса, бірден ашуға бой алдырмайтынын білемін.
– Жақындары мен туысқандары қолдамай жатса да, берілмейтініне сенімдімін.
– Төтенше жағдай кезінде «А-а-а-а!» деп, айқай сала жүгірмейтінін білемін.
– Қолдарынан бір дүние келмей жатса, соққы деп қабылдамайды. Қалаған нəтижелерін
көрмей жатса да, тоғызыншы қабаттан секіріп түсемін демейді.
Ауру жəне шектен тыс талпыныс жайлы
Жетістікке жеткендерді темірдей тəртіп пен ерекше талпыныс
біріктіреді. Жай талпыныс емес, қиындықтарға қарамастан жасалатын
талпыныс. Бұл сөздерді спортпен кəсіби деңгейде айналысатын
жандар жақсырақ түсінетін болар. Жоғары жақта Стивен Ковидің
«Табысқа тез жететін адамдардың жеті дағдысы» атты кітаптан
үзіндісін келтіргенмін. Ал қазір Арнольд Шварценеггердің мына сөзін
естеріңізге түсірейін: «Мен бір ауырлықты сезгенде ерекше бақытты
күй кешемін. Бұл керемет. Көпшілігіне мазохизм сынды көрінуі
мүмкін. Бірақ олар қателеседі. Мен ауыртпалықты белгілі себептермен
ұнатамын. Маған қолыма ине кіргендегі емес, жеңімпаз болуға қажетті
ауырлық ұнайды».
Қорқыныш пен оны жеңе білу жайлы
Ауырлықтың басты себебі сəтсіздіктен қорқу болар. Алайда жаңа
қадам басып жүрген жандарға қателіктерден қорықпау үшін үйренуге
деген кемеңгер көзқарас бар. Танымал сноуборд спортшысы əрі
танысым керемет нəтижелерге қалай жеткені туралы былай
баяндайды:
«Кəсіби мансапты əлі ойламаған, сноубордта тік тұра алмаған алғашқы
кездерімде жаттықтырушым қасыма келіп, алғашқы айларда сноуборд
тебуді емес, құлауды үйренеміз деді.
Жаттықтырушы оны былай түсіндірді: «Ең қорқыныштысы əрі ары
қарай қозғалтпай, тырп еткізбей тастайтын сезім – құлаудан қорқу.
Сондықтан жақын арада сен кем дегенде мың рет құлауың керексің.
Сонда ғана сен ержүрек, батыл боласың. Сенімен ең қорқынышты
дүниелер болып қойды, енді сен неден қорқуың мүмкін?»


Айтпақшы, адамдар сүйікті ісін тапса, автоматты түрде ауырлықтан
арыламыз деп ойлайды. Əлбетте, олай емес.
Қалақай өсімдігі жайлы хикая
Ойланып көріңізші, сізге бұл көзқарас қалай? Бұл үзінді «Аяусыз»
кітабынан.
«Лашықты бойлай қалақай өсіп, қалың əрі ұзын ну пайда болыпты.
Айналып жай əншейін өте кеттім. Осы кезде əкем келіп, иегін қасып
тұрып, көз қиығымен бақылады. Мен арқамды тіктеп, созылып-керіліп
болған соң, əкемнің не айтатынын күттім.
– Қалақайды неге ормадың? – деп сұрады.
Мен көз қиығыммен бойлай өскен ұзын қалақайға қарадым.
– Ауырады ғой, – дедім мен.
Əкем маған қарап, сəл жымиып, басын шайқады.
– Адам қашан ауырлық сезетінін өзі таңдайды, – деді салмақты
қалпына қайта келіп. Ол қалақайға жақындап, жалаңаш қолдарымен
бұтағынан жұлып алды. Бұтақ соңынан бұтақтарын жұлып жатып
сабырлық танытты. Ол барлық қалақайды ормайынша тоқтамады.
Жүзіне қарап ол ауырлық сезіп жатыр деп ешкім айтпас еді...
Сондықтан көптеген жағдайда адам қашан ауырлық сезінетінін өзі
таңдайды.
Терең мағына
Əрине, бұл жердегі кілт сұрақ «Қалай ауруға шыдаймын?» емес,
маңыздысы «Не үшін шыдау керек? Ненің құрметіне?»
Егер қиындықтардың артында қалауымызға жету сынды ұлы
мақсаттар тұрса, əрине, ауыртпашылықтар шыдауға тұрарлық. Бұл
жағдайда, қиындық – өсудің бір бөлігі болып табылады.
Дегенмен, Құдайдың біз көтере алмайтын жүк бермейтініне сенемін.
Сондықтан фитнес жаттықтырушым айтпақшы, «шыдаймыз, менің
жақсыларым, шыдаймыз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет