Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


кезінде тəттіге мүлде жоламаймын»



Pdf көрінісі
бет51/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

кезінде тəттіге мүлде жоламаймын».
Мен өзіме мүлде тəтті жемеймін демедім немесе ешқашан жеңіл-желпі
тамақтанбаймын деген уəде бермедім. Келіссөз бөлмелерінде де
тамаққа қолымның ұшын тигізбеймін деген жоқпын. Тапсырма
пайымдалған əрі нақты қойылған еді, тек тəттілерден белгілі бір
аймақта ғана тыйылудан басталды.
Осыдан кейін ресми сұхбат барысында тəтті жемедім. Осы шешімнің
арқасында аз-аздап, бірақ тұрақты түрде салмақ тастай бастадым. Бұл
үлкен жеңіс болған еді. Арықтау үшін тек бірнеше кішкентай шешім
қабылдау керек екен.
Менің ойымша, бұл – керемет пікір. «Тұз, қант жəне май»
37 
атты
кітапта қытырлақ картоп жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Зерттеу қорытындысы бойынша егер апта сайын бір қаптамасын
жесеңіз, төрт жылда 770 грамм қосады екенсіз. Ал сіздің қанша
кішкентай, жағымсыз əдеттеріңіз бар, ал оның салдары өмір бойы
жиналғанда денсаулығыңызға қаншалықты зиян алып келетінін ойлап
көріңіз.
37
Мосс М. Соль, сахар и жир. Как пищевые гиганты посадили нас на иглу. М.: Манн, Иванов
жəне Фербер, 2014
Жоғарыда айтып кеткенімдей, алып өзгерістерді кем дегенде бес
жылға жоспарлау керек. Бұл 280 апта екен. Елестетіп көрейік: əр
аптада бір əдеттен өзгертіп отырсақ, бес жылдан кейін 280 əдетімізді
жаңартамыз. Жарайды, енді барынша реалист болайық, 5 жылда 50
əдетті өзгертсеңіз де алысқа шабар едіңіз.


Сұрақтың анықтамасы
Мəселен, сіз – өте салақсыз, сөйтіп үйде тазалық сақтаймын деп
шештіңіз. Егер қойылған мақсат «Жаңа жылға дейін кірпияз адамға
айналамын» болса, ештеңе өзгермеуі мүмкін.
Мəселені қандай микро шешімдерге бөліп, өзімізге енгізуге болады?
Мысалы, бірінші апта: ұйқыдан тұрған бойда төсегімді жинаймын.
Күн сайын оянған бойда төсегіңізді жинаңыз. Егер ыдыс-аяқ жуылмай,
микроəлемдерінде жаңа өмірлері басталып жатса да, ештеңе етпес.
Сіздің аптаға қойған мақсатыңыз – тек төсек жинай білу.
Екінші апта: ас жеп болған соң, дереу ыдыстарды жуып тастау/ыдыс
жуатын машинаға салу. Осы аптада бізде төсек жинау мен ыдыс-аяқ
жуу.
Үшінші апта: əр сенбі түске дейін еденді жуу.
Төртінші апта: əр сенбі сайын түске дейін еденді жуу жəне үйдің
шаңын сүрту.
«Супермен» болып, барлығын бірден өзгертуге тырыспаңыз. Ағзаңыз
да, миыңызды да физикалық, психологиялық тапсырмаларға шыдай
алмай, алға жылжудан бас тартады. «Балтадан ботқа» қайнату – міне,
ең дана шешім: алдымен тек қана ыдыс пен балта керек, ал қалғандары
біртіндеп қосылады.
Айтпақшы, диетолог Лидия Ионова «Салауатты əдеттер»
38 
деген
еңбегінде жүйелілікке аса мəн беру керектігін айтып, дұрыс əдеттерді
апта сайын енгізіп отыруға кеңес береді. Ол 12 апталық жүйені
ұсынады. Оған қоса, өзгерістер алдында бір бос апта бар, бұл уақытта
күнделік бастап, не жеп жүргеніңізді жазып жүрген дұрыс. Осылайша,
аз да болса тұрақты əрекеттерді ұсынды.
38
Ионова Л. Здоровые привычки (Дұрыс əдеттер). Доктор Ионованың диетасы. М. : Манн,
Иванов жəне Фербер, 2012
Микрошешімдер қандай болуы керек?
Міне, сол кітаптан микрошешімдер енгізудің ережелері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет