бизнесімді ашу немесе дамыта түсу... Денсаулығымды жақсарту...
Өмірімді жоспарлай түсу».
Тағы сол секілді.
Сізден сол жоспарларыңыз жайлы сұрауды да жөн көрмедім, себебі
статистикаға жүгінсек, 88% жаңа жылдық жоспарлар ешқашан
орындалмайды екен.
Жаңа жылдық қалауларымның несі дұрыс емес?
Мақсат ауқымды əрі
ұзақ мерзімді болса, іске ешқашан кіріспеуге
ықтималдық жоғары. Адам жұмыстың ауқымды болуы себепті
қорқыныштан қатып қалуы мүмкін.
Бір күні отырдым да, мақсаттарымды тағы бір таразыдан өткіздім.
Қарап отырсам, сол мақсатқа жетуге келесі дүниелерді жүзеге
асыруым керек екен:
• Артық салмақтың
психологиялық себептерін тауып, мəселенің басын ашып алу. Бұл арада
ішкі жан дүниенің жағдайын пысықтау, адамдармен қарым-қатынастағы үйлесімсіздікті, бұл
əлемге деген ішкі қорқынышты, жұмысқа немесе басқа да дүниелерге көңіл толмаушылық
сынды мəселелермен күресу кіреді.
• Артық салмақтың физиологиялық себептерін зерделеу. Бұл тұста дəрігерге көріну, зиянды
əдеттерден тыйылу, күн тəртібін ретке келтіруді қолға аламыз. Су ішу тəртібін сақтау, ас
қабылдау əдеттеріңізді толығымен өзгерту, тағам мөлшерін жəне
тұтыну қоржынын қайта
мығымдау секілді амалдарды жасап көріңіз. Тұрақты түрде спортпен шұғылдануды
бастаңыз.
Былайша айтқанда, өміріңіздің əр сəтін асықпай сараптамадан өткізу
керек. Мен өзімді тау болып үйіліп
тұрған кірпіштерді нұсқап, осыдан
Ұлы қорған жаса деп бұйырылғандай сезіндім.
Алдағы уақытта үлкен өзгерістер күтіп тұрса не істеу
керек?
Сіз де алпауыт өзгерістердің алдында дəрменсіздік сезінген боларсыз?
Кейде отырып, жылап алғың келеді. Жұмыстың ұшы-қиыры жоқ
секілді көрінеді.
Гольф шары – менің өзгерістерге ең сүйікті теңеуім.
Егер шар
межеленген жерге дейінгі жолдың бастапқы кезінде бірер миллиметрге
ғана жаңылып, қисық кетсе, соңында бұл жаңылыс бірнеше метрге
созылып кетеді.
Адамдар дəл осы гольф шарлары секілді. Жыл соңында 100%
өзгеріске
қол жеткізу үшін бүгін 1% ғана өзгеру жеткілікті. Əр апта сайын
болатын бір ғана өзгеріс араға жыл салып, таң қалдырарлық,
айрықша
нəтиже сыйлай алады.
«Микро шешімдер»
36
атты кітабында Кэролайн Арнольд барлық іске
бірдей кірісуді емес, күшіңді бір кішігірім іске жұмсауға бағыттайтын
керемет əдіс ұсынады.
36
Арнольд К.Микрорешения. Проверенный путь к достижению больших целей. М.: Манн,
Иванов жəне Фербер, 2014
Мосс М. Соль, сахар и жир. Как пищевые гиганты посадили нас
на иглу. М.: Манн, Иванов жəне Фербер, 2014
Уолл-стрит компаниясында қызмет етіп жүргенімде
кез келген
келіссөздер кезінде көл-көсір тəттілер, тамақтар, одан бөлек шоколад
қосылған тəтті тоқаш ұсынылатын. Кейде күніне екі немесе үшеуін
жеп қоятынмын, ал əрбір өнімде, бəлкім, 350
килокалория болған
шығар. Осылайша келіссөздер алаңынан асқа қомағайланып, тойып
шығушы едім. Осы кезде бір шешім қабылдадым: «
Келіссөздер
Достарыңызбен бөлісу: