«Лебяжі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі



Дата23.06.2016
өлшемі97.97 Kb.
#153853
«Лебяжі ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

140700, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққу ауылы,

Вс. Иванов көшесі 92, телефон: 8(71839)21019, 8(71839)21720 (факс).

bekzhanova.alr@pavlodar.gov.kz

«Б» корпусы төменгі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы (ҚР барлық азаматтары үшін) конкурс жариялайды
E-R-4, E-G-3 санаттары үшін: жоғары білім, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты




min

max

E-R-4


73288

99105

E-G-3


69956

94108

E-G-4


62461

84115


** Ескерту: E-R-4, E-G-3, E-G-4 санаты мемлекеттік мекемелерінің штат кестесінде бас маманы лауазымдар төменгі болады.
1) Е-R-4 санаты, 1 бірлік, 2-01-2 «Лебяжі ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өсімдік шаруашылығының бас маманы.

Функционалдық міндеттері: Егіс алқаптарын ұлғайту және ауыл шаруашалық механизацияландыру. Диспетчерлік қызметі: жоғарғы органдарға ақпарат. Егістік алаңдарының құрылымын құрастыру, ауыл шаруашылық техникасының балансын құрастыру, күнделікті кіріс құжаттармен жұмыс жүргізу. Көктемгі және күзгі егіс жұмыстары туралы күнделікті ақпарат беру. Ауылшаруашылық тауарөндірушілерге субсидия алуға құжаттарын дайындап тапсыру, статистика басқармасымен бірге 29-сх формасын дайындау, жем шөп дайындау, ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдар балансын тапсыру, сәулеттік тапсырыс жобасының құрылысты қайта жаңарту жөнінде жобасын әзірлеу, аудандағы ауыл шаруашылық техникасын есепке алу, жанар-жағар майға сұраныстарды жинақтау жұмыстарын жүргізу.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:


Жоғары білім әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент; ауыл шаруашылық ғылымдар саласында, техникалық ғылымдар мен технологиялар саласында.

2) Е-R-4 санаты, 1 бірлік, 2-01-02 «Лебяжі ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

Функционалдық міндеттері: Жергілікті атқарушы органдарға республикалық қордан ветеринарлық препараттарды, жануарлардың аса қауіпті ауруларын айқындайтын препараттарды жеткізуді, тасымалдауды және сақтауды ұйымдастыруды қаматамасыз ету. Ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринариялық есептемені өкілетті органға ұсынуға дайындау. Мониторинг жүргізу, мәліметтер жинақтау, малдарды егуді ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім ветеринария саласында.



3) Е-G-3 санаты, 1 бірлік, 01-0-03 «Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

Функционалдық міндеттері: Шаруашылық және фермерлік кітаптарды іске асырады. Үй жануарлары есебін және тұрғындар санағын жүргізеді. Ауыл шаруашылығын есепке алу және есеп беру. Халықтың есебі. Кәсіпкерлер мен жеке шаруашылықтармен жұмыс жүргізу. Әкім басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім.

 4) Е-G-3 санаты, 1 бірлік, 01-0-04 «Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

Функционалдық міндеттері: Өткізілетін мәжілістердің, отырыстардың, тұрғындармен кездесулерді ұйымдастырып, құжаттарын дайындау. Қоғамдық және саясат жағдайда болжам жасайды. Құқықтық насихат ұйымдастыру. Ауылдың көркейту және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу. Малдың бірыңғайлау шараларын өткізуін ұйымдастыру, ветеринария мәселелері бойынша тұрғындар арасында ағарту және түсініктеме жұмыстарын жүргізу, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жануарлардың жұқпалы және қауіпті емес аурулары туралы эпизоотикалық жағдайды зерттеу, иесіз иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстарын ұйымдастыру. Ветеринария ережесіне сәйкес ауылдық округтің аумағында мал өлімтігін жерлеген жерлердің ветеринарлық – санитарлық жағдайын қалыпта ұстауды қамтамасыз ету. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың қоғамдық жұмыстарда жүргендерін қадағалау, қоғамдық жұмыстағы жұмыскерлердің жұмыс уақытының табелін жүргізу. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындайды.

Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары білім.



5) Е-G-4 санаты, 1 бірлік, 1-0-06 «Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы.

Функционалдық міндеттері:

Ауыл шаруашылық кітаптарын жүргізу. Халық санағын, тұрғын-үй қоры және мал есебі бойынша шараларға қатысу. «Жұмыспен қамту 2020»- бағдарламаны барлық бағыт бойынша жүзеге асыру. Салықтың көлемін анықтау үшін берілген базаны жаңарту және салық жинау, есебін жүргізу. Көп балалы аналарды наградауға ұсыну. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу және басқа ауылдық округ әкімінің тапсырмасын орындау.



Конкурс қатысушыға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін қажетті құзыреттер бойынша талаптары: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін НҚА білімі бойынша талаптар: Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3) 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қарастырмау үшін негіз болып табылады.

Конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Лебяжі ауданы әкімі аппараты» ММ-нің персоналды басқару бойынша бөліміне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң бес жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Лебяжі ауданы әкімі аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (90 сұрақ) кем дегенде 45 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 80 минутті құрайды.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары үшін: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер;

Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) балдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа төзбеушілік – 2 балл.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет