6
Психикалық қалып психикалық белсенділіктің
жалпы қызметтік
деңгейінде адамның нақты мезеттік іс-әрекетіне,
бағдары мен оның
тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді көрініс береді.
Психикалық қалыптың барша түрлері төмендегідей өзара топтасуы-
мен ажыралады:
·
сеп түрткілік (мотивтік) - қажеттіктерге байланысты ұстанымдар,
ниеттер, қызығулар, мұдделер, құмарлықтар.
·
сана дайындығы қалпы – зейінділік
пен жұмыс қабілеттілігінің
әрқилы деңгейлерінде көрінеді;
·
эмоционалдық – көңіл-күйге байланысты түйсіну, көңіл-күйге бай-
ланысты сырттай ықпал-әсерге жауап, көңіл-күй шарпулары – стресс,
аффект, фрустрация;
·
еріктік - адамның нақты мезеттегі іс-әрекетке деген ынталылығы,
ұмтылысы, шешімділігі,
табандылығы, өжеттігі т.б. Бұлар қатарында
психиканың өзара сыбайлас тұлғалық қалыптары да болады: психопатия,
мінез асқынуы, невроздар және психикалық дамудың тоқырауы.
Достарыңызбен бөлісу: