Авиация және ғарыштық психология - ұшқыш, ғарышкер іс-
әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды.
Медициналық психология – дәрігер қызметінің психологиялық ерек-
шеліктерін және сырқат адамның әрекет – қылығына тән психологиялық
көріністерді
зерттейді, емдеу мен психотерапияның психологиялық
әдістерін орайластырады.
Патопсихология –
психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми
науқастарына байланысты психика бұзылыстарының заңдылықтарын
ашады.
Заңгерлік психология – қылмыс үдерісіне
қатысқандардың мі-
нез-құлығындағы психологиялық заңдылықтарды ашып, қылмыскер
тұлғасының қалыптасуы мен оның бойына
біткен мінез-құлығының
психологиялық проблемаларымен айналысады (куәгер психологиясы,
сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: