Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Жоғары психикалық қызметтер



Pdf көрінісі
бет16/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
Психология негіздері

Жоғары психикалық қызметтер бірлігі адам санасының пайда болып, 
орнығуына арқау болды.
Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей 
ерекшеліктерге ие: 
· нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалық) жолдармен қабылданған 
әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар 
таңдаудың түбегейлі жаңа құралы – сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін 
адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы 
әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында 
қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.


8
· адам санасы болмыстың мәнді тараптарын және заңдылықты 
өзара байланыстарын бейнелейді. Тұлға өзінің тіршілігі проблемаларын 
қоршаған ортаның түрлі жағдайлары арасындағы тұрақты да заңды бай-
ланыстар мен қатынастарды анықтау негізінде шешіп отырады. 
· сана сипаттары: іс-әрекет мақсаттарының түсінімділігі, болашақ 
оқиғаларды ұғымдық жобаға келтіру, жалпы адамзаттық түсініктер 
мен білімдер жүйесіндегі өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері 
байқастыра білу.
Сана арқасында адамға ғана дарыған қасиет – бұл оның өз 
әрекеттерінің нәтижесін алдын ала көре біліп, жоспарлай алу және 
соларға сәйкестендіріп әдіс, тәсілдер мен құрал-жабдықтарды таңдай білу 
қабілеті. Тұлға өз іс-әрекет, қызметінің бағдарламасын алғашқыда оймен 
жобалап, құрастырады. Бұл іс-әрекет жағдайды тікелей қабылдаумен 
шектелмей, оның даму заңдылықтарын білу негізінде орындалып жатады. 
Адам санасы алдағы оқиғалардың заңдылықты қалануын болжастырады, 
яғни бүгінгі болмыстың ертеңгі болашағынан хабар бере алады.
· жеке адам санасы қоғамдық санаға тәуелді. Қоғамдық сана 
төмендегідей формаларда көрінеді: 
1) ғылым – заңдасқан (канонды) білімдер, ұғымдар, тұжырымдар 
және дүниетаным мен идеялық бағыттар жүйесі; 
2) өнер – болмысты бейнелік өрнектермен рухани-тәжірибелік 
тұрғыдан игерудің
арнайы түрі, адамзат тіршілігінің әртүрлі 
қырларының бейнеге келтірілген моделі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет