59
бұрыннан көрген, білгендерді қайта
жаңғырту қабілетінің жоғары
дәрежеде болуы; қиял қанаттылығы мен қуаттылығы;
тосын әсерлер
бірігімдерін жасаудағы шеберлік және т.б. кәсіби іс-әрекет тиімділігін
арттыруға қажет және бір қалып – бұл таңдаған әрекетке және оның
элементтеріне психикалық тұрғыдан дайын болу.
Адамның тіршілік (іс-әрекет, қызмет, қарым-қатынас) үдерісінде
ұнамды (стеникалық) қалыптармен бір қатар болымсыз (астеникалық)
психикалық қалыптар пайда болуы мүмкін. Мысалы, батылсыздық
психикалық қалып ретінде адамның өзіне сенімсіздігінен не дербестігінің
болмауынан
ғана емес, ол кезіккен шектен тыс жағдайлардың
жаңалығынан, тосындылығынан, түсініксіздігінен әрі шиеленіскендігінен
де болуы мүмкін. Мұндай шарттар тұлғаны
психикалық күйзеліс немесе
психикалық күштену қалпына түсіреді.
Бұл орайда түбегейлі
нақты іс-әрекеттік (операционная)
күштенуге
ұшырау орындалып жатқан іс-әрекеттің күрделілігінен пайда болады:
сезімдік ажырату қиындығы; аса
жоғары қырағылықтың қажеттігі;
көру-қозғалу әрекеттерін байланыстыру қиындығы; ойлау жүктемесінің
ауырлығы және т.б. сонымен бірге тосын эмоциялық жағдайлардан туын-
дайтын
көңіл-күй шиеленісі.
Достарыңызбен бөлісу: