55
Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі
– ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.
Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс
ретінде танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шартта-
ры, адамның қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр.
Барша
ерік әрекеттері саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоци-
ялар (көңіл шарпулары) басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл
биліктің деңгейі адам зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының
жүйесіне тәуелді.
Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік
мәнін құрайды.
28. Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:
-ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді
жеңе отырып,
қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.
-тұрақтандыру (стабилизирующая) –
әрқилы ішкі не сыртқы кедер-
гілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.
-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-
әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-
қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.
Ерік
әрекеттері қарапайым және
күрделі келеді.
Достарыңызбен бөлісу: