Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Қарапайым ерік әрекеттерін



Pdf көрінісі
бет54/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97
Психология негіздері

Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін 
ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен 
табысқа жететінін білсе, пайдаланады.
Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту 
қажет:
- мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс;
- мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;
- мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда 
болуы;
- сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін 
таңдау;
- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;
- қабылданған шешімді іске асыру;
- қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы 
кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы 
кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп бару.


56
Іс-әрекетті саналы реттеп бару үшін еріктің психикалық қалыптар 
жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, 
мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. 
Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас 
бірлікті қатынастарымен көрінеді. 
Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен 
қарастырайық:
Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта 
өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар 
қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.
Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын 
тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның 
шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі 
белсенділігіне байланысты.
Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын 
білдіретін психикалық қалып.
Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер 
төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. 
Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін 
мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) 
құбылысының туындауымен байланысты келеді.
Сенімділік - бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-
әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін 
беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні 
ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.
Табандылық психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп 
шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда 
көрінетін сана қасиеті.
-Ұстамдылық – біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды 
тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз 
эмоцияларды басуға жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет