8
байланысты адамның қажетсіну деңгейін байқатады, ал өзге біреулері
қажеттік нысанына жетуді қамтамасыз етуші жекеленген жағдайлар мен
шарттардың мән – мағынасынан хабар береді.
Адамның сеп – түрткілік қалпы келесі психологиялық категори-
ялардан көрінеді:
қызығулар, тілектер, ұмтылыстар, ниеттер,
құштарлықтар, құмарлықтар, ұстанымдар.
Қызығу – адамның тұрақты қажеттерімен байланысты көңіл-күйге
толық сәйкестенген бағыт-бағдары. Қызығу тұрақты маңызға ие болған
нысанға жоғары көңіл бөлуден көрінеді.
Тілек – қажеттікті қамтамасыз етуге сай келген затпен байла-
нысты сеп- түрткілік қалып. Тілек қандай да қажеттіктің пісіп жетілу
кезеңін білдіріп, оның әрекет мақсаты және жоспарына сәйкес болуынан
сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: