Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


тұрақты да жалпыланған әрекет-қылықтарының жүйесі



Pdf көрінісі
бет83/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97
Психология негіздері

тұрақты да жалпыланған әрекет-қылықтарының жүйесі. Мінез – тек 
өкілі психикасы ерекшеліктерінің бекіген бағдарлы әрекеттік болмысы. 
Мінезде әрбір адамның әлеуметтік ортақ және даралықты, жеке өзіне 
тән сапа-қасиеттері бекиді, оның әлеуметтенуі мен тәрбиесінен қаланған 
сапалар көрініс береді.
Бір мінез бітістері жетекшілік деңгейде көрініп, тұлғаның мінездік 
кейпін танытады. Ал өзгелері екінші дәрежелі болуы мүмкін. Мінез-
дегі мәнді сапа – бұл психикалық бітістердің өзара сәйкес келуі, яғни 
тұтастығы, тұрақтылығы, тепе-теңдігі.
Мінездің еріктік бітістері - әрекет-қылықты саналы реттеу үшін 
қажет тұлғалық, тұрақты дараланған типологиялық ерекшеліктері. 
Мінездің негізгі сапалары: табандылығы, жігерлілігі, ұстамдылығы мен 
байсалдылығы – тұлғаның еріктік болмысына байланысты келеді.
Мінез табандылығы – әрқилы жағдайлардағы бағыт-бағдар және 
көзқарастар тұрақтылығы, сөз бен әрекет-қылық үйлесімділігі.
Мінез күш-қуаты – адамның қайраттылығы, ұзақты төзімділікпен 
күрделі жағдайлардағы кедергілерді жеңе білу қабілеті.
Мінез беріктігі – мінез күші мен тұлғалық принциптілік бірлігі.
Мінез байсалдылығы – әрекет-қылықтық бір қалыптылығы мен 
ұстамдылығы, тұлғаның көңіл-күй – еріктік тұрақтылығы.


87
Мінездің көңіл-күйге орай ерекшеліктері – тек өкілі психикалық 
қасиеттерінің аса көрнекі, тікелей қабылданатын белгілері. Өз мінезінің 
көңіл-күйлі ерекшеліктеріне байланысты бірнеше тұлға типтері ажы-
ралады: шұғыл жауапты, қызбалы, терең ойлы, жайсаң, бір беткей, 
талғамды және т.б.
Мінездің зерделік, ой-өріс (интеллектуал) бітістері – ақыл қызметіне 
байланысты жеке адамның тұрақты – типологиялық ерекшеліктері.
Тұлғаның ақыл-ес, ой-өріс болмысын танытушы сапалар арасында аса 
маңыздылары келесідей: ақыл өнімділігі, бірегейлігі, жалпыланған ойлау 
әдістерін меңгеруі, тұлғаның бекімді ақыл-ес бағдары (әуесқойлығы), 
парасаттылығы және ойлампаздығы.
Мінез сан – алуан бітістерге ие, дегенмен, әрекет-қылықты реттеу 
қажеттігі туғанда олар арасынан нақты мезетте керек болатыны алғы 
шепке шығады. Бұл орайда, әсіресе, адам психикасының еріктік тара-
пы маңызды келеді. Себебі, өмірдің әрқандай күрделі жағдайларында 
адамның өзін-өзі билей алу қабілеті оның саналы ерік күшіне, бұл сапа-
мен бірге жүретін тұрақтылық пен табандылық қасиеттеріне байла-
нысты келеді. Ал тұлғаның құндылықтық сапалары оның инабаттылық 
және танымдық (когнитивтік) бағыт-бағдарларымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет