Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет11/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97
Психология негіздері

Саясат психологиясы саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің 
субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушы сана және астар сана, 
адам көңіл күйі және еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-
бағдарлары мен ұстанымдарын зерттеумен шұғылданады.
Адамның нақты қызметі, іс-әрекеті түрлеріне орайласқан проблема-
ларды зерттеуші көптеген психология салаларын бөліп атауға болады. 
Мысалы, еңбек психологиясы – адамның еңбектену және іс-әрекетке 
келуінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбектену дағдыларының даму 
заңдылықтарын айқындаумен шұғылданады.
Инженерлік психология – адам және осы заманғы техника 
арасындағы өзара ықпалдасты қатынастар үдерісінің заңдылықтарын 
зерттеп, оларды жобалау тәжірибесінде, автоматтасқан жаңа 
басқару жүйелерін, техниканың соңы түрлерін жасау мен пайдалануда 
қолдану жолдарын қарастырады.



Авиация және ғарыштық психология - ұшқыш, ғарышкер іс-
әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін талдайды.
Медициналық психология – дәрігер қызметінің психологиялық ерек-
шеліктерін және сырқат адамның әрекет – қылығына тән психологиялық 
көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапияның психологиялық 
әдістерін орайластырады.
Патопсихология – психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми 
науқастарына байланысты психика бұзылыстарының заңдылықтарын 
ашады.
Заңгерлік психология – қылмыс үдерісіне қатысқандардың мі-
нез-құлығындағы психологиялық заңдылықтарды ашып, қылмыскер 
тұлғасының қалыптасуы мен оның бойына біткен мінез-құлығының 
психологиялық проблемаларымен айналысады (куәгер психологиясы, 
сауалнама жүргізудің психологиялық талаптары және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет